Білім беру бағдарламасы: 6В01512 Химия hoa 3328 «Химияны оқыту әдістемесі»



бет1/3
Дата25.05.2023
өлшемі309,86 Kb.
#97169
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
PAFBDTYDXAHQ29032023003259


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Экология және химия кафедрасы


Сарбаева Гүльнара Тұрсынбайқызы
Білім беру бағдарламасы: 6В01512 – Химия

HOA 3328 «Химияны оқыту әдістемесі»
пәні бойынша лабораториялық сабақтарды өткізуге

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Түркістан, 2022
Лабораториялық сабақтың әдістемелік нұсқауы оқу пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде жасалды.

Кафедраның 17.01. 2022 ж. мәжілісінде талқыланды. (№6хаттама)


Экология және химия кафедрасының


меңгерушісі: х.ғ.к., профессор Р.Н.Нұрділлаева

Факультеттің Академиялық комитет кеңесінің № , 2021ж. мәжілісінде қаралып, мақұлданды.


Факультеттің Академиялық комитет кеңес төрайымы,
техн.ғ.к., доцент м.а. __________Ибрагимова Э.Қ.

10 Лабораториялық жұмыстың тақырыбы


«Металдардың қышқыл және тұз ерітінділерімен әрекеттесуі» тақырыбын оқыту әдістемесі
Лабораториялық сабақты оқыту нәтижелері:

  1. Металдардың периодтық жүйедегі орны туралы білімді қалыптастыра отырып, металл атомдарының электрондық құрылыстарындағы ерекшеліктермен танысады;

  2. Металдық байланыс табиғатын, металдық кристалдық тор ұғымдарын пайдалана отырып, тақырып мазмұнына сай сабақтың қысқа мерзімді жоспарын тиімді ұйымдастырады.

  3. Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін оқып-үйренеді;

  4. Оқыту үдерісінде сандық білім ресурстарын, виртуальды және тәжірибелік зертханаларды тиімді пайдаланып, тәжірибелерді орындай білуге дағдыланады.



Қысқаша теориялық мәлімет
Қышқылдардың әртүрлі металдармен әрекеттесуін мына тәжірибе арқылы бақылауға болады: үш сынауықтың біріншісіне магний, екіншісіне темір жаңқасын , үшіншісіне мыс сымының кесіндісін салып, әр сынауыққа 2 мл-ден тұз немесе күкірт қышқылының ерітінділерін құямыз. Сынауықтарды аздап қыздырғанда газ бөлінгенін байқаймыз.Егер газды жақсақ, “пах” естіледі. Бұл тәжірибе сутектің түзілгенін көрсетеді. Тәжірибе барысында қышқылмен магний шабытты әрекеттеседі, темір баяу әрекеттеседі. Ал мыс қышқылмен мүлдем әрекеттеспейді, өйткені сынауықта сутек бөлінгені байқалмайды. Демек, металдардың қышқылға қатысты белсенділіктері әртүрлі. Реакция теңдеулерін былай өрнектеуге болады:

Мыс үшін мұндай теңдеуді жазу мүмкін емес ,себебі ол қышқыл ерітінділермен әрекеттеспейді. Жасалған тәжірибелер нәтижесіне сүйеніп, пайдаланылған металдарды белсенділіктері бойынша былай орналастыруға болады: магний, темір, мыс. Металдардың қышқыл ерітінділермен әрекеттесу заңдылықтарын Н.Н.Бекетов ұсынған металдардың белсенділік қатарынан да көруге болады:

Металдардың белсенділік қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл ерітінділерінен және су құрамынан (азот қышқылынан басқа) сутекті ығыстырады, ал сутектен кейін орналасқан металдар сутекті ығыстырмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет