Білім беру бағдарламасы: 6В01601 Тарих Дайындаған: аға оқытушы, тарих магистрі Смағұлов Н. Б. Қарағанды 2023 ж



бет3/9
Дата07.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#106477
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
№ 5. Қимақ қағанаты-1

Гардизи еңбегінде айтылатын имек этнонимі VII ғасырдағы қытай шежірелеріндегі яньмо деген түрік тайпасымен бір саналады. Мұсылман деректемелерінде тайпа аты алғаш рет «Худуд әл-аламда» кимектердің астанасы Имакияның аты келтіріледі, басқа бір деректерде қаған ордасы Кимекия деп аталады. Кимек конфедерациясы тайпалары басшыларының атағы, Гардизиге сәйкес, имек-байғу, ал әл-Масудидің мәліметтері бойынша – кимек-байғу ретінде белгілі. Махмұт Қашқари кимектерді йемектер деп атайды. Кимектердің үшінші тайпасы – татарлар бірінші рет оғыз-татарлар деген атпен VI ғасырдағы оқиғаларға байланысты VIІІ ғасырдағы көне түрік жазбаларында келтіріледі.

VIІІ ғасырдың орта шеніндегі Руникалық жазбалардың тексінде кимектерге туыс қыпшақтар туралы айтылады. Мұсылман деректемелерінде қыпшақ этнонимін алғаш рет Ибн Хордадбех VIІІ ғасырдағы түрік тайпаларының тізімінде де келтірді. Ибн Хордадбех қыпшақтарды кимектерден бөлек атайды. «Худуд әл-алам» бойынша, қыпшақтар – кимектерден бөлініп шыққан және тұрмыс салты неғұрлым қарапайым халық. Кимектерден солтүстікке таман жатқан аумақты иеленген қыпшақтардың оларға саяси тәуелділігі сақталып қалды. Қыпшақтардың билеушілерін кимектердің қағаны тағайындады. Махмұт Қашқари имектер мен қыпшақтардың жақындығын айта келіп, қыпшақтардың өздері өзін имектер деп санамайды, қайта оларды өздеріне тегі жағынан байланысты деп санайтынын атап көрсетеді.

Нарративтік деректемелердегі байандұр этнонимі тұңғыш рет Гардизиде кимектер тайпасы ретінде кездеседі. Сонан соң олар туралы Махмұд Қашқари мен Рашид ад-Дин жазып, байандұрларды оғыз тайпасы деп айтады. Демек, байандұрладың бір бөлігі – кимектер құрамына, ал екінші бөлігі оғыздар құрамына кірген болса керек. Алтыншы және жетінші тайпалар деп ланиказдар мен ажларлар айтылады.

Кимек мемлекетінің құрылу барысында ру-тайпалардың сандық құрамы өзгерді. «Худуд әл-алам» (Х ғ.) мен әл-Идриси (ХІІ ғ.) мәліметтері бойынша мемлекет негізі 12 тайпадан құралды. Қыпшақтар мен құмандар мемлекет құрамындағы ірі тайпалық бірлестіктер болды. Бұл тайпалар Кимек қағанатының құрамына кіре отырып, ХІ ғасыр басына дейін саяси бағыныштылықта болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет