Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет22/43
Дата29.12.2023
өлшемі268,81 Kb.
#144655
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org

Новеллалық ертегі.
Қазақтың ертегілік прозасында өзінің сюжеттік құрамы мен мазмұны, композициялық құрылымы мен стилі жағынан оқшауланып тұратын бірталай ертегі бар. Алайда, ұлттық фольклортану ғылымымызда олар жеке зерттелмей, «тұрмыс-салт ертегілерінің» тобында қарастырылып жүр. Ал, бұл ертегілер өзінің сипатты белгілері бойынша таза «тұрмыс-салт ертегі емес», біріншіден, онда тұрмыс-салт ертегіге тән емес қиял-ғажайыптық элементтер көп, оқиғалар өте таңғажайыпты, шытырман болып келеді; екіншіден, мұнда ертегі сюжеті өте күрделі, ол бір-бірінен асқан қым-қиғаш оқиғалар тізбегінен тұрады. Үшіншіден, кейіпкерлер тұрмыс-салт ертегідегі қаһармандардан басқа, олар өз мұратына қулықпен емес, ақылмен жетеді, дұшпандарын да ақылмен жеңеді.
Әрине, бұл ертегілердің тұрмыс-салт ертегіден айырмашылығы осымен ғана шектелмейді. Оның өзіндік бітімін біз талдау барысында толық сипаттап шығамыз. Ал, қазір әңгіме осы ертегілік жанрды қалай атау жайлы. Қолдағы материалды саралап, зерттеп қарағанда, бұл топтағы текстер – қиял-ғажайып пен тұрмыс салт ертегілердің аралығында тұрған шығармалар екені байқалады. Біздіңше, оларды «новеллалық ертегі» деп атаған жөн сияқты. Өйткені мұнда новеллаға тән хикаялық, яғни шытырман оқиғалық сипат басым. Рас, бұл ертегілер көлемі жағынан новелла сияқты шағын емес, бірақ бұл жерде біз әдеби емес, фольклорлық жанрды атап отырмыз және бұл атауымыз шартты түрде алынып отыр. Қоғамның дамыған кезінде, сауда-саттықтың, қолөнер мен өндірістің өскен шағында қиял-ғажайып ертегі тыңдаушысын баурап әкететін өзінің бұрынғы қасиетінен айырыла бастайды. Енді оның негізінде әрі онымен таласа, күресе отырып, басқа ертегілік жанрлар пайда болып, қалыптаса бастайды. Сөйтіп, бұл дәуірде новеллалық, ал кейінірек сатиралық ертегілер өмірге келеді. Әрине, бұл бір ғана дәуірде пайда болған жоқ. Профессор Мәлік Ғабдуллин дұрыс айтады: «Халықтың тұрмыс тіршілігінде, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол талай ғасырдың жемісі. Бұл ертегілердің ішінде көне заманда, феодалдық қарым-қатынастар кезінде және соңғы дәуірде туғандары бар. Олардың бәрі ауызша айтылып, ауызша тарағандықтан көптеген тарихи кезеңдер, талай таптық, қоғамдық орта тудырған әртүрлі көзқарастарды, сан алуан ұғым түсініктерді бойына жинастыра келгендері де белгілі. Бірақ солай бола тұрса да, халықтық ортада туған ертегілер өзінің халықтық сипатын жойған жоқ. Қайта, оны әрбір жаңа дәуір, жаңа кезең жағдайларына қарай өзгертіп, шыңдап, жетілдіріп отырғанын, өткірлеп мәнерленгенін де байқаймыз».
Новеллалық ертегіде өте қызғылықты, қорқынышты сапарлар, шым-шытырық жағдаяттар, адамның қым-қиғаш тағдыры, семья өмірі, ерлі-зайыптылардың басынан кешкен оқиғалары, тағы да басқа небір керемет те сұмдық уақиғалар туралы баяндалады. Тақырыбы жағынан бұл жанрдағы шығармалар әралуан. Бір топ ертегі, мысалы, қарапайым қыздың өзінің тапқырлығы арқасында ханға, яғни хан баласына тұрмысқа шыққаны жайында әңгімелейді. Ал, енді бірқатар ертегіде ерлі-зайыптылардың тағдыр тәлкегіне түсіп, өмірдің небір тауқыметін тартқаны, әйелдің ақылдығы мен сабырлығы арқасында ері таққа отырып, бақытқа кенелгені туралы айтылады. Көптеген ертегілерде ақымақ еркекті ақылды әйелдің адам қылғаны жайлы баяндалады.
Жалпы алғанда, қазақ новеллалық ертегілерінде ауысып келген сюжеттер өзінің спецификалық бояуын жоғалтып, қазақ халқының талғамы мен көзқарасына сай қолданылады. Олар әдеби шығармаларға тән уақиғаны нақтылай түсу қасиетінен айырылып (көптеген шығыстық сюжеттердің Қазақстанға әдеби өңдеуден өтіп, жинақтар құрамында келгенін де ұмытпаған жөн), қайтадан фольклор шығармасына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет