Миф. Танымдық қызметі. Түрлері. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы мен сөз өнерінің бастау көзі дерлік бір жанр бар. Ол - мифтер; дүниенің жаратылысы, ненің қалай, қайдан пайда болғандығы, оның себебі мен салдары, қоршаған ортаның сыр-сипаты туралы айтылатын, адамзаттың сәбилік санасының нәтижесінде пайда болған ғажайып әңгімелер, бәлкім, наным-сенімдер, түсініктер.
Миф (грек. Mythos – баян, аңыз, мысал) – халық творчествосының өте ертеден қалыптасқан ең көне жанрларының бірі.
Миф алғашқы қауымдық қоғам адамдарының дүние туралы, әлемге әмір етер сыртқы күштер, яғни құдайлар мен рухтар образдары туралы және табиғаттан тыс құбылыстар мен оқиғалар жөніндегі түсінігі, сонымен қатар осылар жайындағы қалыптасқан мифтер (аңыз –әңгімелер). Басқаша айтқанда, миф – алғашқы қауымдық қоғам адамдарының әлем, дүние жөніндегі танымының көрінісі. Ғылымда мифке берілген анықтама өте көп, әрі ауқымды. Бұның өзі миф тек қана көне жанр емес, сонымен қатар дәл анықтама беру қиын әрі күрделі жанр екендігін көрсетеді.
Миф әлем халықтарының бәрінде бар. Оған ежелгі Греция, Рим, Египет, Үндістан, Қытай мифтері және кейінгі кездері зерттеле бастаған Азия, Африка, Америка, Австралия, т.б елдердің мифтерін атауға болады.
Ағылшын тарихшысы Э.Б.Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап өтеді:
1.Философиялық немесе түсіндірмелік;
2. Нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер;
3. Тарихи және аңыздық тұлғалар туралы мифтер;
4. Фантастикалық және метафоралық мифтер;
5. Саяси-әлеуметтік және тұрмыстық мифтер.
Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғанын түсiндiру, этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары мен құндылықтар жүйесiн орнықтыру (мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттың құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннан жаралғанын бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiн түсiну әрекетi). Мифтердi тек ертегiлер, аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi, адамдардың табиғаттан және әлеуметтiк ортадан, болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннен айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл –ойға да, парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарай космогониялық – әлемнiң жаратылысы туралы,теогониялық-құдайлардың пайда болуы туралы, астрогониялық - планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк - адамның пайда болуы, этногендiк - рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық - ақырзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология - адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен толды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен оқиғалар арқылы жеткiзуi деуге де болады. Мәселені шешу мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал, мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де, әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың, Ф.Кафканың, Т.Манның, Ч.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай, ерекше өзгертiлiп те қойған).
Қазақ фольклорындағы мифтік жанрлар турасында фольклортанушы С.Қасқабасов: «Стадиялық жағынан келгенде, қазақ мифі – алғашқы қауымға және австриялықтар мен африкалықтар, солтүстік азиялықтар мен американдықтардың көне мифі мен антикалық Греция, Рим, сондай-ақ ежелгі Египет,Үнді, Қытай, Вавилондықтар мифологиясының ортасындағы аралық жанр» дейді.
Қазақ мифтері тақырыптық жағынан: ғарыш туралы (космогонические), аңдар мен құстар (этиологические), адамдар мен рулардың шығу тарихы жайында (генеалогические) мифтер деп сараланып жүр.
Әлемдік фольклортану т.б ғылым салаларында мифтерді зерттеу барысында көптеген мектептер: Гримм, Кун, Макс Мюллер, А.Н.Афанасьев мифологиялық мектептері, Тайлор, Спенсердің антропологиялық мектептері қалыптасты және миф жөнінде Фрейд, Е.М.Мелетинский т.б ғалымдар еңбегі бар.