Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТІЛДЕР» ФАКУЛЬТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
АБ төрағасы:
___________ Қуатова Г.Ә
« ____» ________ 20 __ ж.
«БЕКІТЕМІН»
АБ төрағасы:
___________ Айтбаева Н.К.
« _____» ____________ 2023 ж.
В51.006 - «Фортепиано» пәнінің
(пәннің коды мен аты)
СИЛЛАБУСЫ
Білім беру бағдарламасы: 6В02101- «Дәстүрлі музыка өнері»
Оқу формасы: күндізгі
Курс:2, семестр: 3
ЕCTS саны: 5 Оқу тілі: қазақ
Силлабус «____» _______2023 ж., № ___ хаттама АБ мәжілісінде талқыланды
«Қазақ филологиясы» кафедра меңгерушісі _______________ Отарова А.Н.
Пән оқытушысы: _______________ Тореханова М.Ж. Пән оқытушысы туралы мәлімет:Педагогика ғылымдарының магистрі Кеңес беру уақыты: сейсенбі: 13.00-13.50
Тел ном.: 8775 2626 518; Электронды поштасы: tmaira-89@mail.ru
Ақтау, 2023
1. Пәннің сипаттамасы: «Фортепиано» курсы 6В02101- «Дәстүрлі музыка өнері» БББ студенттеріне арналған. Фортепиано оқу жұмысының қосымша түрі болып табылады. Курс мазмұны қажетті оқу-әдістемелік материалдан жасақталған. Курстың ішіне жаттығулар жиынтығы мен шығармалар кіреді. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушының фортепианода музыкалық шығармаларды жеке орындау дағдысы қалыптасады. Аудиториялық практикалық сабақтарды өткізу нысаны: жеке.
2. Пәнді оқыту мақсаты: білім алушының музыкалық-шығармашылық саласында алған білімі, білігі мен дағдылары негізінде фортепианода орындау қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету.