Білім беру бағдарламасы «6В02201 Тарих» Құрастырған: оқытушы, магистр Айбекова Гульфия Юсуповна



бет1/25
Дата27.02.2023
өлшемі1,16 Mb.
#70314
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті




Кафедра __Қазақстан Республикасының тарихы
SYLLABUS


Пәннің атауы Мұражайтану _
Білім беру бағдарламасы «6В02201 – Тарих»




Құрастырған: оқытушы, магистр Айбекова Гульфия Юсуповна .
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)





Орал, 2022 ж.



SYLLABUS элективті пәндер каталогы негізінде дайындалды


Кафедра мәжілісінде қаралды
_______________________________________________
Хаттама №1 «9 » қыркүйек 2022 ж.


Кафедра меңгерушісі: ______________ Байбулсинова А.С.
(қолы, ТАӘ)
Пікір беруші: __________________ Серикова Ляззат Сериковна, т.ғ.к., доцент
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)


Пікір беруші: __________________ Журасова Алтынай Шугаевна, т.ғ.к., доцент
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)


Сарапшы: __________________ Муханғалиева Жанар Кажмуханбетовна т.ғ.к., доцент
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)


1 Пән туралы мәліметтер:



Кредит

2

Курс

3

Семестр

6

Қорытынды бақылау түрі

Аралас емтихан

Дәріс (сағаты)

15

Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)

15

СОӨЖ (сағаты)

15

СӨЖ (сағаты)

15

Барлық сағаттар

60

«Мұражайтану» пәнін оқыту мақсаты мұражайтанудың теориялық негіздерімен қатар, мұражай жұмысының әдістемесін игеру, мұражайтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуын және әлемдік мұражай жүйесінің маңызын қарастыруда байқалады.
Курстың міндеттері:

  • Қазақстан мұражайларының жұмыс тәжірибесі, типологиясы, тарихи-мәдени орындары туралы жан-жақты ақпарат беру;

  • Студенттердің ғылыми-теориялық дайындығын қамтамасыз ету;

  • Мұражай жәдігерлерімен жұмыс түрлерін меңгерту;

  • Тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін зерттеу, жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу, мәдени мұраны көпшілікке танымал ету;

  • Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып студенттердің тарихи-мәдени құндылықтарға деген қолжетімдігін арттыру, мұражай қызметі саласындағы ғылыми қызығушылығы мен бәсекелестік қабілетін көтеру;

Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- Ағаш және тас сәулетшілігінің ескерткіштерінің, заманауи сәулет ескерткіштерінің толық немесе ішінара жойылуына, оларды тасып әкелуге болмайтындығына байланысты ашық аспан астындағы мұражайда оларды қалпына келтіру және дәл көшірмелерін салу шаралары туралы;
- Сәулет ескерткіштерінде өз дәуіріне сай келетін тарихи-тұрмыстық, этнографиялық, тарихи-көркемдік, мемориалдық интерьерлерді жаңғырту, ашық аспан астындағы мұражайда – археологиялық қазбаларды (көшірмесі, макеті), зираттарды, өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, әскери және өзге техника бойынша экспозициялардың қайта құрылуы туралы;
- Мәдени мұра ескерткіштерін, саябақтарды, табиғи нысандарды мұражайландыруды, оларға консервация жасауды, реставрацияны, абаттандыруды іске асыру барысындағы мемлекеттік, облыстық деңгейдегі шаралардың жүзеге асуы туралы;
-Төңкеріске дейінгі, кеңестік,посткеңестік кеңістіктегі мұражай істерінің ұйымдастырылуы және олардың әр кезеңдегі дамуының ерекшеліктері туралы жалпы мағлұмат беру;
- Мұражайтану саласындағы заң және негізгі нормативтік-әдістемелік құжаттармен таныстыруды;
-Мұражайлардың Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы рөлін айқындауды;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- жазба деректерді жинақтай алады, оларға деректанулық талдау жасай алады, зерттеулерде дерек көздері ретінде пайдалана алады;
- тарихи-өлкетанулық музейлердің жоспарын құрастыра алады, оны құруға қойылатын талаптарды игереді;
- карталармен жұмыс істеу, тарихи карталарды құрастыруды игереді;
- туған жерінің атауының шығу тарихын зерттей алады;
- сабақтан тыс жұмыстардың жоспарын құрастыра алады, оларды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдалана алады.
Игерілетін дағдылар:
- археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, мұрағаттық құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану дағдыларын игереді;
- мектептік музей жоспарларын, сабақтан тыс жұмыстардың жоспарларын құрастыру дағдыларын игереді;
- карталармен жұмыс істеу, тарихи карталарды құрастыру дағдыларын игереді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет