Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит



бет45/51
Дата09.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#56212
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы 6В04123 аржы, 6В04103 Есеп ж не аудит

2 Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның жылдық есеп берудің негізгі нысаны. Ол қаржылық есеп беру жүйесінде маңызды рөл атқарады. Баланс шаруашылық субъектінің ресуптарын көрсетеді және олардың белгілі бір мерзімге құрылуының көздерін.


Бухгалтерлік баланс маңызды функцияларды атқарады. Біріншіден, міншеік иелерді және менеджерлерді шаруашылық субъектінің мүліктік жағадайымен таныстырады, яғни олар субъектінің қандай сандық және сапалық қатынасында материалдық қорларға билік ете алады. Екіншіден, баланс бойынша үшінші тұлғалардың алдыңдағы алынған міндеттемелерді жақын уақыт аралғында өтеу алатындығын анықтайды. Үшіншіден, актив баптарының және олардың құрылу көздерінің болуы ішкі және сыртқы қолданушыларға пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржылық есеп орталық нысан бола отырып, бухгалтерлік баланс есепті мерзіміне субъектінің мүліктік құрылымын, ағымдағы активтердің ликвидтілігін, меншікті капиталдың болуын, дебиторлық және кредиторлық берешектердің жағдайын және динамикасын, субъектінің несиелік қабылеттілігін және төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс –нақты уақыт моментіне экономикалық субъектінің жағдайының стратегиялық көрінісі. Ол шаруашылық субъектінің қаражаттарының ішкі кілуін, шығуын және қозғалуын көрсетпейді. Ағымдағы жылдың балансын өткен жылдың балансымен салыстыруға болады. Бірақ, өткен жылдың балансында және ағымдағы жылдың балансында пайдалы аналитикалық мәліметтер болса да, олардан осы кезеңнің аралығындағы қаражаттардың қозғалуы туралы толыө ақпарат алуға мүмкіншілігі жоқ.



  1. Табыстар мен шығындар туралы есеп

Табыстар мен шығындар есебіне табыстар мен шығындар туралы ақпарат кіреді. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңында , сонымен бірге қаржылық есеп беруді дайындау мен беру үшін концептуалды негізде көрсетіледі, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты болады. Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын білдіреді, ал шығындар – активтердің азаюын немесе міндеттемелердің ұлғаюян білдіреді.


Табыстар мен шығындар есебінде балансқа қарағанда бір мезгілдегі жағдайын емес ал субъектінің есеп кезең аралығында қаржылық нәтижелерін капиталдың уақыттағы қозғалуын көрсете отырып, өзінің қызметін ұстауға үшін шығындалған субъектінің барлық табыстар сомалары барлық шығындар сомаларымен салыстырылады. Ол белгілі есеп кезеңінде шаруашылық субъектінің қызметінің нәтижелерін бағалауын қамтамасыз етеді. Ол оны табыстар және шығындар мәліметтерінің бөлу арқылы, субъектінің табыстарды немесе шығындарды әкелуін анықтайды.
Табыстар мен шығындар туралы есептің маңыздылығына қарамастан, бар табыс шаруашылық субъектінің төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ликвидті қаражаттардың қажетті көлемін құру үшін ақпарат бере алмайды. Субъектімен алынған табыс таза бос қаражаттардан өзгеше болуы мүмкін және субъект табыста болса да, ол сол уақытта қаражаттардың жетіспеулігі де болуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет