Білім беру бағдарламасы: 6В04201-Құқықтану Орындаған: Тургинбай Ару,Ю-20к тексерген: оқытушы-магистр: Казенова А. А



бет2/2
Дата13.04.2022
өлшемі18,35 Kb.
#30882
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Байланысты:
ару (2)

Жауаптар:

1.қылмысқа жауаптылық -бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың натижесі жәнеде қоғамға қауіпті іс-әрекеттін көрінісі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін ( айыптаушылығын) айтамыз.
Қылмыстық жауаптылық-қылмыстық құқылық қатынас мәселесімен тығыз байланысты.Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді.Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылықққ та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ.Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады.Тараптардың арасында қылмыстың субьектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілдік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады.Қылмыстық құқылық қатынас бір жағынан мемелекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылымыс істеген субьектінің арасындағы қатынас болып табылады.Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.

2..Қылмыстық жауапкершілік қашан басталады және қашан тоқтатылады?

Қылмыс жасаған адамға қолданылатын жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық шара қылмыстың табиғаты мен қоғамға қауіптілігінің деңгейіне, қылмыс жасалу кезіндегі жағдайға сай болуы тиіс. Ешкім бір қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасау кезінде 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам тартылады. ҚР Қылмыстық кодексінің 14-бабында көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

Ішімдік, есірткі немесе басқа да уытты заттардың әсерінен мас күйде қылмыс жасау Қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Қылмыстық іс бойынша сезіктіні немесе айыпталушыны прокурордың, тергеушінің не анықтаушының Қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатуы соттөрелігіне қарсы қылмысқа жатады.

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

3. Қылмыстық құқықтың ықпал ету аясына заңды тұлғаларды енгізу үрдісі осы ғасырдың 80- жылдарында, әсіресе 90-жылдарда бірқатар мемлекеттердің жаңа Қылмыстық кодексін қабылдау қарсаңында жандана түсті. Ал жалпы тарихта заңды тұлғаларды қылмыстық жауапқа тарту мысалы аз кездеспейді. Мысалға, заңды тұлғалардың жауаптылығы Нидерландта – 1976 ж. Португалияда – 1982 ж., Францияда 1992 ж., Финляндияда – 1996 ж., көрші Қытайда 1997 ж. орнықтырылды. Бұл күні бұндай жауаптылық түрі АҚШ-та, Англияда, Канадада, Шотландияда, Данияда және т.б. мемлекеттерде бар. Германия мен Швецияда квазиқылмыстық (әкімшілік қылмыстық ) деп аталатын заңды тұлғалардың жауаптылығы бекітілген. Бельгияда салық, кеден және ауыл шаруашылығы салаларындағы квазиқылмыстық жауаптылыққа жол берілген. Прецеденттік құқықтың ролі зор англосаксондық құқық жүйесі үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптық институтын енгізу қиынға соқпағандықтан біз бүгін романа–германдық құқық қағидаларының негізінде әңгіме өрбітпекпіз.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын қолдаушылар жоғарыда келтірілген уәждерге («жалғандық теориясын» қоса алғанда) заңды тұлғалардың азаматтық жауаптылығын алға тарата отырып, тойтарыс береді. Өйткені заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық жауаптылығы үшін де кінә қажет.



1994 (27. XII.) қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 359-бабы кінәнің мазмұнын мінез-құлық категориялары арқылы ашады; міндеттемені орындау үшін заң бұзушы субъект өзіне байланысты барлық шараларды қолданбайды. Сондықтан да заңды тұлғаның кінәсі болып, міндеттемені орындамауға немесе дұрыс орындамауға әкеліп соққан қызмет барысында көрініс табатын заңды тұлға қызметкерлерінің кінәсі түсініледі. Жеке адамдар мен заңды тұлғалардың кінәлі жауаптылығы әр түрлі нәрсе екендігі бәріне аян. Алғашқысында психологиялық мазмұн болса, соңғысында әлеуметтік-этикалық негіз басым

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет