Білім беру бағдарламасы: 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»



бет3/5
Дата11.12.2023
өлшемі390 Kb.
#137515
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
№1 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ

3.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы. Пәні және мазмұны.

  2. Синтетикалық дәрілік заттардың номенклатурасы және классификациясы.

  3. Өнеркәсіпте дәрі-дәрмектерді синтездеудің әдістері

  4. Дәрілік заттарды синтездеуде қолданылатын химиялық түрлендіру әдістері.

  5. Синтездің аралық және соңғы өнімдерін алудың химиялық процестерінің сипаттамасы (мысалдар).

  6. Галогендеу техникасы.

  7. Сульфирлеу техникасы.

  8. Нитрлеу техникасы.



4.Білім берудің және оқытудың әдістері:
- теориялық материалдармен танысу;
- презентацияны бағалау;
- шағын топпен жұмыс;
- тестпен жұмыс;
- эссе жазу;
- іскерлік ойын;
- жұмыс нәтижелерін рәсімдеу


5.Тақырып бойынша тапсырмалар:
Тапсырма 1. Синтездің аралық және соңғы өнімдерін алудың химиялық процестерінің сипаттамасы (мысалдар). Галогендеу техникасы. Мысал келтіріңіз.
Тапсырма 2. Сульфирлеу техникасы анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз.
Тапсырма 3. Нитрлеу техникасына анықтама беріңіз, мысал келтіріңіз.
Тапсырма 4. Тақырып бойынша 5 жауапты 5 тест дайындау
Тапсырма 5. Тақырып бойынша презентация дайындау


6.Қорытынды бақылау сұрақтары:

  1. «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы» пәні және мазмұны.

  2. Синтетикалық дәрілік заттардың номенклатурасы және классификациясы.

  3. Фармацевтикалық заттарды алудың қорлары. Синтетикалық дәрілік заттар ізденістерінің негізгі бағыттары.

  4. ҚР химиялық-фармацевтикалық өндірістің дамуы.

  5. Жаңа дәрілер табу үрдісіндегі аналитикалық зерттеулер. Дәрілік заттарды бақылау түрлері.

  6. Дәрілік заттарды жіктеу және химия-фармацевтикалық өнеркәсіпте дәрілік заттарды сапалы бақылауды ұйымдастыру.

  7. Мемлекеттік фармакопея. Дәрілік заттардың талдау әдістері.

Тест тапсырмалары:



  1. Жалпы химиялық технологияның бір тармағы, аралық өнімдердің және дәрілік заттардың өндірісінің технологиялық үрдісін зерттейтін, олардың физикалық, химиялық және фармакологиялық қасиетін зерттейтін және сапасын бақылайтын ....

  1. Дәрілік заттар химиясы және технологиясы

  2. Жалпы химиялық технология

  3. Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

  4. Дайын дәрілер технологиясы

  5. Дәрілердің биологиялық белсенділігі

  1. Дәрілік заттар алыну жолдарына байланысты .. деп жіктеледі

  1. синтетикалық және жартылай синтетикалық

  2. медициналық және халықтық

  3. медициналық және профилактикалық

  4. фармакологиялық

  5. химиялық

  1. Химиялық құрылымы бойынша дәрілік заттар жіктеледі:

  1. органикалық және бейорганикалық

  2. медициналық және халықтық

  3. медициналық және профилактикалық

  4. фармакологиялық

  5. химиялық

  1. Бейорганикалық дәрілік заттарды алу көздері болып саналады:

  1. минералды шикізат

  2. сланцтер

  3. мұнай

  4. метан

  5. бензол

5. … - белгілі бір дәрілік түрдегі дозаланған дәрілік зат.

  1. Субстанция

  2. Қосалқы заттар

  3. Консервант

  4. Фармацевтикалық шикізат

  5. Дәрілік препарат

  1. Фармацевтикалық химияда дәрілік заттарды зерттеудің негізгі әдісі ... болып табылады.

  1. талдау және синтез

  2. гипотеза және бақылау

  3. эмпирика-теориялық

  4. идеализация және формализация

  5. индукция және аналогия

  1. Белгілі дәрілік заттың модифицирленген құрылымы – бұл ... .

  1. дәрілік заттарды іздеудің жаңа бір бағыты

  2. сапасын бақылау әдісі

  3. өзіндік құнын төмендету тәсілі

  4. жаңа дәрілік түрлер жасау тәсілі

  5. биожетімділікті жоғарылату факторы

  1. Белгілі дәрілік препараттардың құрылысын химиялық модификациялау фармацевтикалық химияда ... мақсатында қолданылады.

  1. |жаңа дәрілік заттарды бағытталған іздестіру

  2. |фармацевтикалық талдау

  3. |тұрақтылығын анықтау

  4. |дәрілік заттардан биологиялық белсенді заттарды бөлу

  5. |сандық талдау

  1. ~Дәрілік заттарды стандарттау - ... болып табылады.

  1. дәрілік заттардың сапалық көрсеткіштері мен сынау әдістеріне бірыңғай жүйе енгізу

  2. тұрақтылығын анықтау

  3. тіркеу

  4. сараптау

  5. |клиникаға дейінгі сынақ жүргізу

10. Органикалық қосылыстарды алу техникасында қолданылатын химиялық түрлердің әдістері
А) галогендеу, сульфирлеу, нитрлеу +
В) бензолдау, нитрлеу, алифаттау
С) сульфирлеу, аминдеу
Д) нитрлеу,алкилдеу
Е) алкилдеу,ацилдец
11. Сульфирлеу дегеніміз – … ?
А) күкірт қосылыстарынан орг-қ заттар арасындағы реакциясы +
В) күкірт емес қосылыстарынан орг-қ заттар арасындағы реакциясы
С) күкірт қосылыстарын бөліп шығару реакциясы
Д) күкірт қосылыстарының бейорганикалық заттар арасындағы реакциясы
12. Нитрлеу реакциясына азот қышқылының қанша пайызя жұмсалады?
А) 35%
В) 50%
С) 40% +
Д) 70%
Е) 85%
13. Диэтил эфирі — …?
А) дәмсіз, иіссіз, ақ түсті кристалды зат
В) сары түсті сұйықтық, иісі мен дәмі бар
С) қара түсті кристалды ұнтақ, иісі жоқ, өзіндік дәмі бар
Д) түссіз сұйықтық, өзара тән иісі бар, ұшқыш, суда нашар ериді +
Е) суда ерімейді, ақ түсті, майда ұнтақ
14. Нитрлеу реакциясынан қалған қышқыл … ретінде жұмыс атқарады.
А) тотықсыздандырғыш
В) тотықтырғыш +
С) гетероцикл
Д) бензоламин
Е) бейорганикалық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет