Баланың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы
1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын
қорғауға жағдай жасайды
.
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы
Әрбір бала туылғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
тіркелуге тиіс. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты
және азаматтығы болуына құқығы, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке
өмiрiне қол сұғылмауға құқығы
1. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке бас бостандығына, қадiр-қасиетi мен жеке өмiрiне қол
сұғылмауға құқығы бар.
2. Мемлекет баланың жеке басына қол сұғылмауын қамтамасыз етедi, оны физикалық
және (немесе) психикалық зорлық-зомбылықтан, адамдық қадiр-қасиетiне қатысты
қатыгез, дөрекi немесе қорлайтын қатынастардан, жыныстық қатынастардан, баланы
қылмыстық iс-әрекеттерге араласудан және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан,
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге
асырады.
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық
өмiрге араласуға құқығы
1. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына,
өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға,
қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың
нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт
жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: