Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
Модульдің міндеттері: 
1) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы негізгі заңнамалық актілерді 
қарастыру; 
2) білім беру ұйымының қызметінде нормативтік құжаттарды қолданудың практикалық 
аспектілерін талдау; 
3) мектепті басқаруда нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану дағдыларын 
қалыптастыру. 
 
Модульдің күтілетін нәтижелері 
Тыңдаушылар 
- білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптерін 
анықтайды; 
- білім беру ұйымының қызметін реттейтін нормативтік құжаттардың ерекшеліктерін 
ажыратады; 
- білім беру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары 
негізінде жүргізуге дағдыланады. 


Білім беру процесін реттеудің нормативтік құқықтық негіздері. 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы. 
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері 
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді, «Білім туралы», «Педагог мәртебесі 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы 
тiл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және білім берудің 
бағыттары мен келешек дамуын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де 
нормативтік құқықтық актілерін қамтиды. 
Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасының міндеттері:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын 
қамтамасыз ету және қорғау; 
- Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің еркін жұмыс істеуі мен дамуы 
үшін құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету;
- жеке және заңды тұлғалардың білім беру саласындағы құқықтарын, міндеттерін
өкілеттіктері мен жауапкершілігін айқындау, сондай-ақ олардың осы саладағы 
қатынастарын құқықтық реттеу. 
Білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі және ажырамас 
конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет