ОСӨЖ арналған тапсырма: Аланин және аспарагин қышқылы мысалында түзілу реакцияларын жазыңызя: 1)–NH2 және – COOH топтары бойынша тұздардың түзілуі; 2) биполярлы ионның (цвиттер-ион)түзілуі. Осы аминқышқылдарының қышқылдық-негіздік қасиеттері.
Реакцияларды жазыңыз: 1) гистидиннің декарбоксилденуі; 2) треониннің фосфор қышқылымен этерификациясы; 3) треониннің тотығуы; 4) цистеиннің жұмсақ тотығуы және соңынан декарбоксилдену реакциясы жүретін цистеиннің қатаң тотығуы.
Кеңістікте бүйірінен жақындасқанда қандай байланыс түрі түзіледі: 1) лизин мен аспарагин қышқылы; 2) фенилаланин мен валин; 3) тирозин мен аспарагин қышқылы? Келтірілген аминқышқылдары арасындағы түзілген байланыстарды көрсетіңіздер.
Бас миындағы нейропептидтің құрылысын- Leu-энкефалиннің көрсетілген амин қышқылдық жүйелілікпен Tyr-Gly-Gly-Phe-Leu көрсетіңдер.Тұз қышқылының қатысымен осы пептид гидролизге ұшырағанда қандай өнімдер түзіледі?
Трипептидтердің түзілу реакцияларын жазыңыз: 1) Лиз-Про-Мет; 2) Три-Фен-Глу. Толық атын атаңыздар. Түзілген трипептидтің ИЭН-нің ортасы қандай?
Аминқышқылдарының радикалдары кеңістікте бүйірінен жақындасқанда қандай байланыс түрлері түзіледі: 1) изолейцин мен аланин; 2) цистеиннің екі молекуласы; 3) глутамин қышқылы мен серин? Келтірілген аминқышқылдары арасындағы түзілген байланыстарды көрсетіңіздер.