Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет23/60
Дата06.09.2022
өлшемі1,6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
5 (3)

№19 дәріс
Дәріс тақырыбы«Шамалар және оларды ӛлшеу» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі. 
Дәріс мазмұны: 
1. Шамаларға амалдар қолдану.
2. Пропорционал шамалар. 
Бастауыш сыныптарда мынандай шамалар қарастырылады: ұзындық, аудан, масса, сыйымдылық, 
уақыт т.б. Оқушылар бұл шама жӛнінде нақты түсініктер алуы тиіс, олардың ӛлшеу бірліктерімен танысуы, 
шамаларды ӛлшей білу шеберлігін меңгеруі, ӛлшеу нәтижелерін түрліше бірліктермен ӛрнектей білуге 
үйренуі, атаулы сандарға арифметикалық амалдар қолдана білуі тиіс. 
Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор, ӛйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы 
болып табылады. Әрбір оқып үйренілетін шама – бұл бізді қоршаған дүниедегі шынайы объектілердің 
белгілі бір жалпыланған қасиеті. Ӛлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, 
оқушыларды ӛмірде кең түрде қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек, 
шамаларды оқып үйрену – бұл оқытудың ӛмірмен байланыс құралдарының бірі. 
Шамалар І сыныптан ІІІ сыныпқа дейін бүтін сандарды және бӛлшектерді оқып үйренумен тығыз 
байланыста қарастырылады: ӛлшеулер жасай білуге үйрету санай білуге үйретумен байланыстырылады. 
Жаңа ӛлшеу бірліктерді санау бірліктері қарастырылған соң енгізіледі. Атаулы сандардың пайда болуы, 
жазылуы және оқылуы дерексіз сандар нумерациясымен қатар қарастырылады, дерексіз сандарға және 
атаулы сандарға арифметикалық амалдар қолданылады. Ӛлшеу жұмыстары мен графиктік жұмыстар есеп 
шығарғанда кӛрнекі құрал ретінде пайдаланылады. 
Сонымен, шамаларды оқып үйрену математика курсының кӛптеген мәселелерін меңгеруге 
кӛмектеседі. Кесіндінің ұзындығы: нәрселердің қасиеті ретінде ұзындық жӛнінде балалардың алғашқы 
түсініктері мектепке дейін кӛп бұрын пайда болады. Мектепке алғаш келген кезде, әдетте, балалар 
сызықтық ӛлшемділікті айыра біледі (нәрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын). 
Олар қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ- қысқарақ, кеңірек- тарырақ, қашығырақ- жақынырақ 
т.б., егер бұл жағынан алғанда айырмашылығы айқын кӛрінсе, ал басқа қасиеттері жӛнінен ұқсас болса 
(мысалы, формаса бірдей болса, бірдей материалдан жасалған болса т.б.). 
Мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларда кеңістіктік түсініктерді айқындай түсу 
мәселесі қойылған. Бұған нәрселерді ӛлшемділігі жӛнінен салыстыру жаттығулары кӛмектеседі, мысалы: 
«Қай кітап жұқарақ? (кітаптар бірінің жанына бірі қойылады), Кім аласарақ? (балалар қатарласып тұрады), 
Қайсысы терең: бұлақ па әлде ӛзен бе? (кӛз алдына елестету арқылы)». Осындай жаттығулар процесінде 
нәрселерді ұзындығы жӛнінен салыстыру шеберлігі қалыптасады, сондай- ақ салыстырылып отырған 
қасиеті жалпыланады. 
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді ӛлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер 
жиынынан бір кесінді бӛлініп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы 
бірліктің кӛмегімен ӛлшеуге кіріседі. Ӛлшеу бірлігінің қайсысын бірінші енгізу жӛнінде әртүлі кӛзқарастар 
бар. Балалар ӛмір тәжірибесінде бәрінен де метрмен ӛлшеуді жиі бақылайды. Метр – ұзындықтың негізгі 
бірлігі. 
Метр жеке эталон (ӛлшеуіш) түрінде бар. Оның кӛмегімен мұғалімге ӛлшеу процесін кӛрсету оңай. 
Сондықтан кейбір әдіскерлер алғашқы ӛлшеу бірлігі ретінде метрді ұсынады.Алайда метрді қарастырған 
кезде әрбір оқушы жұмыс істеу үшін ӛлшеу процесінің ӛзін түсінуге ӛте қажетті жаттығулардың жеткілікті 
мӛлшерін жүргізу қиын. Екінші бір әдіскерлер ӛлшеудің алғашқы бірлігі етіп сантиметрді енгізуді ұсынады 
(бағдарламада да солай берілген), бұл әрбір оқушының партада отырып ӛлшеу бойынша кӛптеген жұмыстар 


орындауына мүмкіндік береді. Бұл дайындық кезеңінде балалрдың ӛмірдегі бақылауларына сүйене отырып, 
матаны, лентаны, жиек бауды т.с.с. қалай және немен ӛлшейтінін еске түсіруін, мысал үшін 2-3 м бауды 
немесе тақтаның ұзындығын ӛлшеу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Метр мен сантиметр арасындағы 
қатысты тағайындамай тұрып, осыдан кейін, ұзындығы метрден кіші, шағын кесінділерді ӛлшеудегі 
ӛлшеуіш ретінде сантиметрді енгізуге болады. 
Балалар сантиметр жӛнінде кӛрнекі түсінік алу үшін , кӛптеген жаттығулар орындаған жӛн. Мысалы, 
олар ӛздері сантиметрдің моделін жасауы (клетка қағаздың жіңішке жолағынан ұзындығы 1см жолақ қиып 
алады), дәптерлеріне ұзындығы 1см кесінділер салуы (клеткалар бойынша), шынашақтың ені шамамен 1см-
ге тең екенін ӛздерінің табуы пайдалы. 
Әрі қарай оқушылар кесінділерді ӛлшеумен таныстырылады. Балалар ӛлшеу процесін және ӛлшеу 
нәтижесінде алған сандар нені кӛрсететінін анық түсінуі үшін, сантиметр модельдерін салудың және оларды 
есептеудің қарапайым әдістерінен анағұрлым қиынына - ӛлшеп салуға біртіндеп кӛшкен жӛн. Тек сонан 
кейін ғана, ӛлшейтін кесіндіге сызғышты тиістіріп қойып, ӛлшеу тәсіліне кіріскен жӛн. 
Кӛптеген әдіскерлер (Н.С.Попова, П.С.Исаков, А.М.Пышкало және басқалар) алдымен балалар ӛздері 
клетка қағаздан жасаған сызғышпен пайдаланғандары жӛн екенін айтады. Бұл сызғыштарда сантиметрлік 
бӛліктер жасалады, бірақ цифрлар жазылмайды. 
Ол сызғышты пайдалана отырып, балалар кесінділерді ӛлшейді, жолсыз қағазға кесінділер сызады, 
ұзындығы берілген кесіндіні сызғыштың ӛзінен кӛрсетеді. Бұл жағыдайда балалар әр кезде сантиметрлерді 
(оларды қарындашпен «адымдап» кӛрсете отырып) санайды. Ӛздері жасаған сызғышты пайдаланып, 
балалар жаттығуларды неғұрлым кӛп орындаса, соғұрлым кәдімгі масштабтық сызғыштың кӛмегімен 
ӛлшеуді ойдағыдай меңгеретін болады. 
Масштабтық сызғышпен жұмыс істегенде ӛлшеу кезінде сызғышты дұрыс қоюға кӛңіл аударылады 
(кесіндінің басы сызғыштағы нольдік бӛлікке сәйкестелуі тиіс). Балаларды ӛлшеу нәтижелерін 
дӛңгелектеуді орындауға үйреткен жӛн: егер сантиметр 5 рет ӛлшеп салынып, тағы да сантиметрдің 
жартысынан кіші кесінді болса, онда оны қалдырып кетіп, кесіндінің ұзындығын былай атайды: «5см-ден 
аздап артық», «5см-дей»; егер сантиметрдің жартысына тең немесе одан үлкен кесінді болатын болса, онда 
ол бір бүтін сантиметрге саналады және ӛлшеу нәтижесін былай атайды: «6см-ден аздап кіші», «6см-ге 
жуық». 
Ӛлшеу дағдыларын қалыптастыру үшін алуан түрлі жаттығулар жүйесі кірістіріледі. Бұл – 
кесінділерді ӛлшеу және сызу; мынандай сұраққа жауап беру үшін кесінділерді салыстыру: бір кесінді 
екінші кесіндіден неше сантиметр ұзынырақ (қысқарақ); кесінділердің ұзындығын бірнеше сантиметрге 
арттыру және кеміту. Осы жаттығулар процесінде оқушыларда ұзындық ұғымы берілген кесіндіде реттеліп 
салынған сантиметрлер саны ретінде қалыптасады. 
Кейінірек, 100 кӛлеміндегі сандарды оқып үйрену кезінде жаңа ӛлшеу бірліктері – дециметр, ал 
соңынан метр енгізіледі. Жұмыс сантиметрмен таныстыру кезіндегіше ӛткізіледі. Сонан кейін ӛлшеу 
бірліктерінің арасындағы қатынас тағайындалады (1дм-де, 1м-де неше сантиметр бар, 1м-де неше дециметр 
бар). Балалар әртүрлі екі ӛлшеуіштің кӛмегімен ӛлшеуге жаттығады, нәтижесінде құрама атаулы сандар 
алады, мысалы: тақтаның ұзындығы 2м 8дм. Осы уақыттан бастап сәйкес кесінділерді салыстыру негізінде 
атаулы сандарды салыстыруға кіріседі. 
Одан кейін атаулы сандарды түрлендіруді – ірі бірліктерді ұсақ бірліктермен алмастыруды (3дм 5см = 
35см) және ұсақ бірліктерді ірі бірліктермен алмастыруды (48см = 4дм 8см) қарастырады. Оқушылар 
біртіндеп ұзындықтың сан мәні ӛлшеу бірлігін таңдап алуға байланысты екенін байқайды (бір ғана 
кесіндінің ұзындығы 3дм деп те, 30см деп те белгіленуі мүмкін). 
ІІ сыныпта ұзындықтың ӛлшеу бірліктерімен таныстыруды әрі қарай жалғастырады: балалар 
миллиметрмен, ал кейінірек километрмен танысады. 
Миллиметрді енгізу 1см-ден кіші кесінділерді ӛлшеу қажеттілігімен түсіндіріледі. Миллиметр 
жайындағы кӛрнекі түсінікті балалар кәдімгі масштабтық сызғыштағы бӛліктерге қарап немесе 
миллиметрлік бӛліктері бар қағаздарға қарап кӛреді. 1см-де неше миллиметр бар екндігі бірден анықталады 
және балалар миллиметрге дейінгі дәлдікпен ӛлшеулерге кіріседі. Мұнда балалар сызғыштың шкаласындағы 
бӛліктер мен кесінділердің ұштары дұрыс келетіндей жағдайға кӛздерін дұрыс жаттықтыруы тиіс. Ӛлшеу 
дағдыларының қалыптасуы үшін ӛлшеу жаттығулары тек математика сабақтарында ғана емес, басқа 
сабақтарда да бірге қарастырылады. 
Кӛзбен мӛлшерлей білуді дамыту үшін, берілген кесіндіні ӛлшеуден бұрын, олардың ұзындығын 
кӛзбен шамалап анықтатқан пайдалы. Берілген есептер және геометриялық фигуралардың периметрін 
ӛлшеуге және есептеуге, кӛрсетіліп берілген ӛлшемдері бойынша кесінділерді және тік тӛртбұрыштарды 
салуға жаттықтырулар ӛлшеу, график салу және есептеу дағдыларын бекітудің жақсы құралы болып 
табылады. 
Километрмен таныстыру кезінде, осы ӛлшеу бірлігі жӛніндегі түсінікті қалыптастыру үшін, жер 
бетінде практикалық жұмыстар жүргізген пайдалы. Кӛбінесе балалар мұғаліммен бірге 1км ара қашықтықты 
жүріп ӛтеді (осы аралықты қанша уақытта жүріп ӛткенін белгілеп отырған пайдалы). Жүріп ӛткен ара 
қашықтықты не адыммен, не ӛлшеуіш баудың кӛмегімен ӛлшейді. Осы тұста балалар белгілі бір аралықты 
кӛз мӛлшерімен анықтауға жаттығады. Егер мүмкіндік болса, жақын жердегі елді пункттер мен қалалаға 
дейінгі қашықтықтар жӛніндегі мағлұматтарды білу үшін автобус немесе темір жол вокзалына экскурсия 
жасайды. Бұл материал кейін сабақтарда есеп құрастыруда пайдаланылады. 


ІІІ сыныпта оқушылар барлық оқып үйренілген ұзындық бірліктерінің және олардың қатыстарының 
таблицасын құрастырады және жаттап алады. Таблица кӛп қайтара және үнемі мынандай жаттығулар 
процесінде меңгеріледі: 1км-де неше метр бар? Метр дициметрден неше есе артық? 1метр 1см- ден неше 
сантиметр артық? т.с.с. 
ІІ сыныптан бастап балалар есеп шығару процесінде ұзындықты табудың жанама жолымен танысады. 
Мысалы, бір сыныптаң ұзындығын және бір қабаттағы сыныптар санын біле отырып, мектеп 
үйінің ұзындығын есептеп шығарады; бӛлменің биіктігін және үйдің қабат санын біле отырып, үйдің 
биіктігін жуық түрде есептеп табуға болады т.с.с. Кейінірек, ІІІ сыныпта, қозғалыс жылдамдығымен 
танысқан соң және жылдамдық- уақыт- ара қашықтық шамалары арасындағы ӛзара байланысты оқып 
үйренген соң, оқушылар жылдамдықты және қозғалыс уақытын біле отырып, қашықтықты есептеп табуға 
болатынын біледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет