Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата13.07.2023
өлшемі1,6 Mb.
#104318
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
№7дәріс
Дәріс тақырыбы:
«Он кӛлеміндегі сандар» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі 
Дәріс мазмұны:

1.
Сан және цифр жайында түсінік қалыптастыру. 
2.
Есептік және реттік натурал сандар. 
3.
Сандарды салыстыру. 
4.
Екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру. 
5.
Сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу. 


«Он кӛлеміндегі сандар» тақырыбын оқытып үйретудің ең басты міндеті – сан және цифр жайында 
түсінік қалыптастыру, осыған орай сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен 
белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру.
Оқушылар заттарды санауды және санау арқылы қанша?, нешінші? сұрақтарына жауап беруді білетіндіктен 
нақтылы заттарды немесе олардың бейнелерін, дыбыстарды, қозғалыстарды, геометриалық фигураларды, 
затық суретерді және т.б. санауға сүйеніп, бір таңбалы кез-келген санды шығарып алуға болады. 
Сантиметрдің кӛмегімен кесіндінің ұзындығын ӛлшеудің нәтижесі ретінде әр санды шығарып алудың 
мүмкіндігі қоса қарастырылады. Шаманы ӛлшеу санаумен бір мезгілде енгізіледі, яғни санның ұзындықты 
ӛлшеудің нәтижесін сипаттайтынына назар аударылады. 
Әр санды қосу және азайту амалдары арқылы шығарып алуға болатындығына әлде қайда басымырақ кӛңіл 
бӛлінеді, яғни сан – арифметикалық амалдың нәтижесін сипаттайтынына да ерекше мән беріледі. Сандарды 
атау және цифрларды жазу қатар жүргізіледі. Сонымен қатар затқа санды және оған цифрды сәйкестендіре 
білу, цифрларды оқуды және жазуды үйрену жүзеге асырылады. 
Цифрді жазуға машықтану дәптерде орындалатын жұмыс барысында жүзеге асырылады. Мұнда 
әсіресе цифрларды жазуға қажетті арнайы дайындық болып табылатын №1 математика дәптеріндегі беріліп 
отырған жұмыс жүйесін тиімді пайдалануға ерекше кӛңіл бӛлінуі тиіс. Цифрді жазуға үйрету жұмысы 
нәтижелі болуы үшін мынадай ұсыныстарды басшылыққа алған жӛн: 
1.
Цифрдің жазылу үлгісімен оқушыларды таныстыру, сондай-ақ оның әрбір элементін саусақтың 
қимылымен кӛрсету. 
2.
Оқушы сол кӛрсетілген қимылды қайталап, цифрді мұғалімнің кӛрсеткен үлгісіне орай ауада жазып 
кӛрсетуі тиіс. 
3.
Дәптерде берілген цифр үлгісін қаламмен бастырып, оны жазуға бейімдеу жӛн. 
4.
Дәптерде арнайы кӛрсетілген жолдарға цифрді жазу арқылы оқушыларды машықтандыру керек. 
5.
Дәптердегі арнайы тапсырмаларды орындау арқылы цифрді жазуға дағдыландыру керек. 
Ондық сандарды оқып-үйренгенде оқушылар нӛл санымен танысады. Бастауыш курста нӛл санына жиындар 
класының сандық сипаты ретінде түсініктеме беріледі. 
Бір таңбалы сандардың қатарын түзу және олардың ретін анықтау әр санды оқытып – үйретумен 
тығыз байланыста жүзеге асырылады. Осыған орай: 
-
санның тікелей алдында келетін санға 1- ді қосу және тікелей одан кейін келетін саннан 1- ді азайту 
арқылы сәйкес санды шығарып алу; 
-
берілген санға 1- ді қосып келесі санды, ал берілген саннан 1- ді азайтып, алдыңғы санды шығарып 
алу; 
-
10 кӛлеміндегі сандардың кез-келгенінен бастап тура және кері бағытта сандарды ретімен атап 
шығу; 
-
әр санның қатардағы орнын анықтау; 
-
сандарды кӛрнекілікке немесе қатардағы орнына қарай салыстыру арқылы үлкен немесе кіші 
екенін, сондай-ақ санның қандай да бір екі санның арасында, санның алдында және одан кейін 
орналасқандығын анықтау; 
-
әрбір жаңа санды бұрыннан белгілі сандармен салыстыру; 
-
ең кіші бір таңбалы және ең үлкен бір таңбалы санды анықтау және т.б. байланысты практикалық 
жұмыстар барысында сәйкес іс-әрекетке оқушыларды жеткілікті деңгейде машықтандыру 
кӛзделеді. 
Санның нәтижесінде сандар қатары жайлы түсінік қалыптасып, әр санның сол қатардағы орнын анықтауды 
оқушылар меңгереді. 
Сандарды салыстыру – кӛрнекілікке сүйеніп, қайсы топта заттардың артық, кем немесе сонша екенін 
тағайындаумен байланыстырылады және салыстырудың нәтижесі қатынас таңбаларының (=,>,<) кӛмегімен 
жазылып кӛрсетіледі, ал шыққан жазулар сәйкес «теңдік» немесе «теңсіздік» деп аталатыны айтылады.
Бірліктермен санау және ондықтармен санау, сәйкес бір таңбалы сандар мен толық ондықтарды 
шығарып алу, сондай-ақ оларды атау, жазу және салыстыру оқушылардың 1-сыныпта оқып-үйренген 
мәселері болып табылады. Мұның бәрі сандар аймағын кеңейтудегі тірек білімнің қатарына жатады. Жеке 
кіші шаршыны – бірліктің, осындай 10 шаршыдан тұратын жолақшаны ондықтың баламасы, 10 жолақшадан 
тұратын үлкен шаршыны – жүздіктің баламасы ретінде ала отырып, бірліктерді және ондықтарды, сондай-ақ 
бірліктерден және ондықтардан құралатын сандарды шығарып алуды кӛрсетіп берген берген жӛн. Сонда 
санау арқылы 2 таңбалы сандардың шығарылып алынатынын оқушылар сезінетін болады.
Әрі қарай 2 таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру ондықтар мен бірліктердің қосындысына 
жіктеу сияқты іс-әрекеттерге оқушыларды машықтандыру жүзеге асырылады. Сандарды салыстыру
олардың қатардағы орнына қарай, сәйкес бірліктерді және сәйкес ондықтарды салыстыру арқылы жүзеге 
асырылады.
Екі таңбалы сандардың ауызша және жазбаша нумерациясында бірізділік сақталады, яғни санды 
оқығанда алдымен ондығын, содан кейін бірлігін айтады, ал оны жазғанда да алдымен ондықтарын 
білдіретін цифрді, содан кейін бірліктерін білдіретін цифрді жазады. Сандарды оқуға және жазуға 
машықтандыру кіші және үлкен шаршыларды жолақшаларды, ондықтар мен бірліктердің кестесі, есепшот 
және т.б. кӛрнекіліктерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. 


Екі таңбалы сандарды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу мен ондықтардан және
бірліктерден екі таңбалы сандарды құру сияқты іс-әрекеттер жарыстырыла қарастырылады, яғни 25 саны 2 
ондықтан 5 бірліктен құралады, ал бұған керісінше екі ондықтан – жиырмадан және бес бірліктен 5-тен 
құралатын сан – 25. Әрдайым осыған ұқсас 2 бағытта жүргізілетін талқылаулар қарама-қарсы ұғымдардың 
мән-мағынасын аша түсуге және сәйкес іс-әрекеттерді дұрыс орындауға себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет