Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата13.07.2023
өлшемі1,6 Mb.
#104318
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
:
»таңбасы және сандарды пайдаланып орындаған жазуды айтады. 
3·2=6 ( 3-кӛбейткіш, 2- кӛбейткіш, 6- кӛбейтіндінің мәні, 3·2-кӛбейтінді) 
6
:
2=3 ( 6-бӛлінгіш, 2-бӛлгіш, 3- бӛліндінің мәні, 6
:
2 бӛлінді) 
3. Кӛбейту мен бӛлу амалдарының дербес жағдайлары – 1 және 0 сандары қатынасатын жағдайларда 
кӛбейту және бӛлу амалдарын орындау. Оны 3 топқа бӛліп қарастыру кӛзделеді.
А) Санды 1-ге және 0-ге кӛбейту нақты мысалдар арқылы бірден енгізіледі, яғни «кез-келген санды 1-
ге кӛбейткенде сол санның ӛзі шығады», ал «кез-келген санды 0-ге кӛбейткенде 0 шығады». 
Мысалы, Дәптер 6 теңге тұрады, егер оқушы осындай 3 дәптер сатып алса қанша теңге жұмсайды? 2 
дәптер сатып алса ше?, 1 дәптер сатып алса ше?, 0 дәптер сатып алса ше? 
6·3=18 
6·2=12 
6·1=6 
6·0=0 
Б) 1-ді және 0-ді санға кӛбейтудің мән-мағынасы кӛбейту амалының бірдей қосылғыштардың 
қосындысы болып табылатынын басшылыққа ала отырып ашылады.
1·2=1+1=2 
0·2=0+0=0
Осындай бірнеше мысал қарастырғаннан кейін «бірді кез-келген санға кӛбейткенде, сол санның ӛзі 
шығады» және «0-ді кез-келген санға кӛбейіткенде 0 шығады» деп қорытынды жасалады. 
В) Санды ӛзіне ӛзін бӛліп, 1-ді шығарып алу және санды 1-ге бӛліп, сол санның ӛзін шығарып алу, 0-
ді 0-ден ӛзгеше санға бӛліп, 0-ді шығарып алу кӛбейту және бӛлу амалдарының ӛзара кері амалдар екеніне 
негізделіп түсіндіріледі. 
2
:
2=1, ӛйткені 2·1=2
2
:
1=2, ӛйткені 1·2=2 
0
:
2=0, ӛйткені 2·0=0 
Санды 0-ге бӛлу жағдайының мүмкін емес екендігіне назар аударылады. Мысалы, 3
:
0 жағдайында
бӛліндіде қандай да бір сан шықты десек, оны 0-ге кӛбейткенде 3 шықпайды, 0 шығады. Сондықтан «кез-
келген санды 0-ге бӛлуге болмайды». 
№12дәріс
Дәріс тақырыбы:
Кӛбейту және бӛлу амалдарымен байланысты есептердің түрлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет