Сандардың ондық құрамы жайындағы білім ондықтан аттамайтын жағдайларда, яғни бірліктерді
қосу, ондықтарды қосу, бірліктерді азайту, ондықтарды азайту қажет болғанда, қосу мен азайту амалдарын
орындаудың негізінде алынады. 23+2,25-2,42+30,3+56,30+24 жағдайларында, атап айтқанда, сандардың бірі
– бір таңбалы немесе толық ондықтардан құралатын сан болғанда, қосу мен азайту амалдары ауызша
орындалады. Мәселен, 23+2 мысалында нәтижені табу алгоритмі мынадай кезеңдерден тұрады. 23 санын
ауызша ондықтарға және бірліктерге жіктейміз, яғни 2 онд. 3 бірл. Бірліктерге бірліктерді қосамыз, 3+2=5,
ондықтардан және бірліктерден құралған санды атаймыз, яғни 2 онд. 5 бірл. =25.
Мұндағы ең басты мәселе – оқушылардың есептеу тәсілдерін саналы игеруіне қол жеткізу, содан
Есептеулерді жүргізу кезінде талқылаулар ауызша айтылады да нәтиже бірден жазылады. Егер амалды
орындаумен б/ты сәйкес түсіндірме жазылса, жақшаға алынған амалдың алдымен орындалатыны
басшылыққа алынуы керек. Сәйкес жазудың үлгісі: 23+2=20+(3+2)=25 немесе 23+2=25 түрінде болуы
мүмкін.
Бӛлшектеп қосу және азайту тәсілдерінің мән-мағынасын ашу кезінде оқушылардың ӛздеріне
белгілі нақты санды қосу кестесін еске түсіріліп, ондықтан аттайтын жағдайлардағы нақты санды қосу және
азайту тәсілдері таныстырылады. Мысалы 2-ні қосу кестесіндегі 2+2 мысалынан бастап 8+2 мысалын қоса
қарастырып, сол қосу кестесі теңдіктерін пайдаланып, азайтудың сәйкес жағдайындағы нәтижені айтады.
9+2 бұрыннан белгілі қосу кестесінде жоқ. 9-ға 2-ні қосу үшін, 9-ды 10-ға дейін толықтырамыз, ол үшін, 9-ға
1-ді қосамыз, сондықтан бірінші қатарға 9 жасыл және 1 кӛк , барлығы 10 шаршы қойылады. Енді екінші
қатарға тағы 1 кӛк шаршы қойылады, 10-ға 1-ді қоссақ 11 шығады. Ал 11-ден 2-ні азайту үшін,
11-ден 1-ді
азайтамыз, яғни, екі қатарға қойылған 11 шаршының ішінен екінші қатардағы 1 шаршы бастырыла
сызылады, содан кейін 10-нан 1-ді азайтсақ 9 шығады, сондықтан бірінші қатардағы 1 шаршы сызылады.
9+2 және 11-2 мысалдарының жауабы кӛрнекілікке сүйене отырып табылады да сәйкесінше түсіндірме
жазылады: 9+2=(9+1)+1=11 және 11-2=(11-1)-1=9.
Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту тәсілдерін оқытып-үйрету бірізді әдістеме арқылы жүзеге
асырылады. Мұнда кӛрнекілікке сүйеніп, яғни жолақшаларды-ондықтың, шаршыларды –бірліктің
баламалары ретінде алып, алдымен сәйкес есептеу тәсілінің мән-мағынасы ашылады. Ондықтың
бірліктерден құралуын, бірліктердің қосындысын ондық және бірліктер арқылы кӛрсетіп беруге, ондықты
бірліктермен алмастыруға қосу және азайту амалдарын орындаудың мән-мағынасын ашуға ерекше кӛңіл
бӛлінеді. Сондай – ақ әрдайым сандардың ондық құрамы жайындағы білім де қолданылады.
Есептеу тәсілдерінің мән-мағынасы мен кезеңдерін ашып кӛрсетуде сәйкес жазуларды да тиімді
пайдалану кӛзделеді. Мәселен 23+7=20+(3+7)=30, 30-7=20+(10-7)=23, 26+24=(26+20)+4=50, 50-24=(50-20)-
4=26, 26+7=(26+4)+3=33, 33-7=(33-3)-4=26, 26+7=20+(6+7)=33, 33-7=20+(13-7)=26 түріндегі жазулар
«бӛлшектеп қосу және азайту», «бірліктерді қосу және азайту» сияқты ондықтан аттайтын жағдайлардағы
есептеу тәсілдерін оқушылардың саналы игеруіне себін тигізеді. Ауызша есептеу тәсілдерін қолдану
арқылы табылған нәтиже бірден жазылады. Ретіне қарай ауызша түсіндірме келтірілуі мүмкін. Мысалы,
32+28 мысалында 32 және 20, барлығы 52 болады. 52-ге 8-ді қоссақ 60 шығады немесе 3 онд. Және 2 онд.
Барлығы 5 онд., 2 біл. Және 8 бірл., барлығы 1 онд., барлығы 6онд., яғни 60шығады немесе 30 және 28,
барлығы 58, ал, 58-ге 2-ні қоссақ 60 шығады. Бір ғана мысалды орындағанда бірнеше есептеу тәсілінің
қолданып орындағанда бірдей нәтиже шықса, ол сәйкес амалдың дұрыс орындалғанын тексерудің жолы
болатынын да ескеру жӛн. Яғни, сандардың бірі бір таңбалы немесе тек қана ондықтардан тұрса, онда жүз
кӛлеміндегі қосу және азайту амалдары ауызша орындалатынына оқушыларды машықтандыру керек.
Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту тәсілдері 45+23 және 68-23, 26+34 және 60-26, 78+22
және 100-22, 27+36 және 63-27 мысалдары арқылы түсіндіріледі. Әрбір нақты мысалмен б/ты түсіндірме
жазуды талдау барысында қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерінің, амалдардың бірліктер
б/ша және ондықтар б/ша орындалатыны туралы қорытындылардың, әр түрлі терминдердің (айырма,
қосыфнды, ӛрнек, ӛрнектің мәні, санның ондықтар мен бірліктерге жіктелуі және т.б.) қолданылуын
кӛрсетіп берген жӛн. Әрбір жазу б/ша: «ондықтарға ондықтарды қосады», «бірліктерге бірліктерді қосады»,
«ондықтарды ондықтардан азайтады», «бірліктерді бірліктерден азайтады» сияқты қорытындылар жасалуы
тиіс.
Жалпы алғанда қосу және азайту алгоритдері негізгі тӛрт кезеңге сәйкес атқарылады: бірліктерді
бірліктердің, ал ондықтарды ондықтардың астына дәл келтіріп жазады; бірліктермен амал орындайды;
ондықтармен амал орындайды; жауапты жазады және оқиды. Амалдарды орындау барысында түрліше іс-
әрекеттердің орын алуы мүмкін: бірліктерді қосқанда ондықтан аттап қосу не аттамай қосу; ондықтарды
қосқанда ондықтан аттап немесе аттамай қосу; бірліктерді бірліктерден азайтады, ал ондықтарды
ондықтардан азайтады; бірліктерді ондықтан азайтады, яғни бір ондықты бірліктермен алмастырады, ал
қалған ондықтардан ондықтарды азайтады; бірліктерді бірліктерден азайтады, ал ондықтарды жүздіктерден
азайтады, яғни бір жүздікті ондықтармен алмастырады. Алгоритмдердің осындай ерекшеліктері нақты
мысалдар арқылы анықталады және түсіндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: