Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі



Pdf көрінісі
бет27/94
Дата13.03.2022
өлшемі1,6 Mb.
#27739
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
№18дәріс  

Дәріс тақырыбыБМ математикасындағы геометрия элементтері және оларды оқыту әдістемесі. 

Дәріс мазмұны:  

1.  Сызықтың және бұрыштардың түрлері. 

2.  Кӛпбұрыш ұғымы. Периметрі. 

Бастауыш сыныптарда геометрия элементтерін оқытудың негізгі міндеттері:  

- оқушылардың геометриялық фигура туралы айқын түсініктерін және алғашқы ұғымдарын қалыптастыру;  

- кеңістік ұғымының, бақылау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау біліктерінің дамуына ықпал жасау;  

-  оқушыларда  сызба  және  ӛлшеуіш  аспаптарының  кӛмегімен    және  оларсыз  (кӛз  мӛлшерімен  ӛлшеу  және 

тағы  басқа) ӛлшеуде және геометриялық фигураларды салуда практикалық біліктерін қалыптастыру.  

Бастауыш мектепте геометриядан кеңістік туралы түсінік, нақты фигура туралы ұғым, геометриялық 

фигуралармен  байланысты  қарапайым  ұғымдар,  оларды  ажырату,  геометриялық  шамаларды  ӛлшеу, 

фигураларды  салудың  алғашқы  білігін  қалыптастыру,  әртүрлі  геометриялық  шамалармен  таныстыру  және 

тағы  басқаларды  қалыптастыру  кӛзделеді.  1-сыныпта  оқушылар  нүктемен,  қисық  және  түзу  сызықпен, 

сәулемен,  бұрыш  ұғымымен    танысады.  Балалар  мұғалімнің  үлгісі  бойынша  тор  кӛзге  нүктелерді  салып 

үйренеді және нүктеден  түзу сызық жүргізіп, оның сәуле деп аталатын фигура екендігімен танысады және 

бір нүктеден шыққан екі түзуден  бұрыш жасалатыны түсіндіріледі.  

Оқушының  түзу  сызық  туралы  түсінігі  олардың  әртүрлі  практикалық  жаттығуларды  орындау 

барысында қалыптастырады. Мұнда түзу сызықты, қисық сызықты салыстыру жүзеге асады. Мысалы: жіпті 

керіп,  одан  кейін  оны  сәл  босатуға  болады  немесе  түзу  жалғыз  аяқ  қисық  жол  кескінделген  суреттер  

пайдаланылады.  Кесіндімен  таныстыру  үшін  түзу  сызықта  екі  нүкте  белгілейді  де,  мұғалім  түзудің  бір 

нүктесінен екінші нүктесінен бӛлігін түзудің кесіндісі деп немесе кесінді деп, ал нүктелер кесіндінің ұштары 

деп  аталатынын  атап  кӛрсетеді.  Балалар  тақтаға  сызылған  басқа  түзулерге  нүктелер  түртіп  қояды  да, 

алынған  кесінділерді  және  кесінділердің  ұштарын  кӛрсетеді.  Содан  кейін  мұғалім  сызбада  қалай 




кескінделетінін  кӛрсетеді.  Түзумен  салыстырылады.  Оқушылар  түзулерді  және  кесінділерді  сызбадан 

кӛрсетеді  және  ӛздері  де    түзулер  сызады,  сӛйтіп  түзу  шектелмегендігін,  ал  кесінді  шектелгендігін,  қағаз 

бетінде түзудің бір бӛлігі ғана кескінделетінін түсіне бастайды.   

Кӛпбұрыш,  бұрыш,  шеңбер,  дӛңгелек  туралы  ұғым  балаларда  бүкіл  бастауыш  оқу  кезеңінде  және 

одан кейінгі сыныптарда қалыптасады. Алғашқыда 1-ші ондықты оқып-үйренгенде геометриялық фигуралар 

дидактикалық материалдар түрінде пайдаланылады. Одан әрі қарай кӛпбұрыштардың жеке түрлерін оқып-

үйренуге кіріседі. Бұл кезеңде кӛпбұрыштардың элементтері, қабырғалары, тӛбелері бӛліп қарастырылады. 

Мысалы: 3 санын ӛткен кезде әртүрлі Δ-р қарастырылады.  

Түрлі-түсті  қағаздан,  пластмассадан,  тағы  басқа  материалдан  әзірленген  Δ-ң  моделдеріне  оқушылар 

әр фигурадағы 3 қабырғаны, 3 Δ-ты және 3 тӛбені кӛрсетеді. Осыдан кейін тура осы тұрғыдан 4-бұрыштар, 

5-бұрыштар,  тағы  басқалар  қарастырылады.  Мұнда  бұл  жұмысты  1-ші  ондық  кӛлемінде  сәйкес  сандарды 

оқумен  байланыстырады.  Кӛпбұрыштардың  элемнеттерін  бӛліп  кӛрсете  отырып,  оқушылар  элементтер 

санымен фигураның аталуы арасындағы байланысты (3–қабырға, 3-тӛбе, 3бұрыш, т.б.) аңғарады. Сонымен 

қатар  балалар  кӛпбұрыштың  бұрыштарының  тӛбелері  мен  қабырғаларының  саны  бірдей  болатынын 

түсінеді.  

Кӛпбұрыштармен  жұмыс  істеген  кезде    оқушының  бұрыш  туралы  ұғымдары  кеңейе  түседі. 

Кӛпбұрыштарының бір тӛбесінен шыққан 2 қабырғаны бұрыш деп атайды. Кӛпбұрыштардың бұрыштарын 

құруға үйренеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тік тӛртбұрышты табуды үйренеді. Олар кез келген 

формадағы  қағазды  екіге  бүктеп,  онда  пайда  болған  қиылысатын  екі  түзу  сызықтан  бірдей  4  бұрыш 

жасайды. Мұғалім мұндай бұрыштар тік бұрыштар деп аталатын түсіндіреді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет