№23дәріс
Дәріс тақырыбы: Амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы б/ты кӛрсететін есептер.
Дәріс мазмұны:
1. Белгісіз қосылғышты табу
2. Белгісіз азайғышты табу
3. Белгісіз азайтқышты табу
Жай есеп — бір амалмен шығарылатын есеп. Жай есептерді шығаруға үйретудің мәні: 1. Жай
есептерді шешу барысында есеппен және оның құрамымен алғашқы таныстыру жүзеге асырылады. 2. Жай
есептерді шешу барысында оқушылар есеппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін игереді. 3. Жай есептерді
шешу барысында бастауыш математика курсының аса маңызды ұғымдарының бірі — арифметикалық
амалдар, олардың қасиеттері мен ӛзара байланысы туралы ұғым қалыптасады. 4. Жай есептерді шешу —
құрама есептерді шешу біліктерін игертудің дайындық басқышы, яғни құрама есептер бірнеше жай
есептсрді шығару барысында шешіледі. Есептерді шешу барысында қалыптасатын ұғымдарға байланысты
оларды топтауға болады.
Осыған орай, арифметикалық амалдардың мән-мағынасын ашуға арналған жай есептерді шешу
біліктерін қалыптастыру әдістемесінде тӛмендегідей жұмыс кӛзделуі тиіс:
1. Дайындық басқышында нақты заттарға (жиындар) амалдар қолдану арқылы есептің сұрағына
жауап беруге үйрету қажет, басқаша айтқанда, қандай да бір есеп түрін сәйкес арифметикалық амал
қолданбай, тек таза практика жүзінде шешу,яғни деректер мен ізделінді арасындағы байланысты игеру.
2. Есептің әр түрін шешумен таныстыру басқышында жиындарға қолданылатын қандай да бір
амалдардың байланысымен және сәйкес арифметикалық амалмен таныстыру керек, яғни дерек пен ізделінді
арасындағы байланыс тағайындау, соның негізінде амалды таңдау және орындау, басқа сӛзбен: берілген
есеп түрін шешу тәсілімен таныстыру.
3. Есептің әр түрін шеше алу білігін бекіту басқышында оқушылар осындай түрлі есептерді шешу
барысында ашық байланыс білімін қолдануды үйренулері тиіс, яғни есептің осы түрін шешу тәсілін нақты
мазмұнына байланыссыз жалпылау.
Дайындық – «сонша» сӛзінің мәнін нақтылау: «Оң қолына 4 таяқша, ал сол қолыңа 4 дӛңгелек ал.
Таяқшалар мен дӛңгелектердің саны туралы не айтуға болады?» (саны бірдей, дӛңгелектер қанша болса,
таяқша сонша) «5 үшбұрыш қой және оның астына сонша шаршы қой. Неше шаршы қойдың?» (5 шаршы).
«Бір ыдыста 3 алма, ал екіншісінде сонша. Екінші ыдыста неше алма бар?» О О О (3) ( бұл есеп
емес).
« Бір ыдыста 3 алмұрт бар еді. Марғұлан одан сонша алмұрт алды. Ыдыста неше алмұрт қалды?»
О О О 3-3=0 (а)
«Бір ыдыста 3 алма бар, ал екіншісінде сонша. Екі ыдыста неше алма бар?»
1. Белгісіз қосылғышты табу:
1) бірінші: «Қыз бала бірнеше үлкен және 5 кіші тәрелке жуды. Ол барлығы 12 тәрелке жуды. Қыз бала неше
үлкен тәрелке жуды?»
Ү. - ? т.
К. - 5 т.
12 – 5 = 7 (т.)
Барлығы-12 (т)
Жауабы: үлкен тәрелке 7
2) екінші: «Қыз бала 7 үлкен және бірнеше кіші тәрелке жуды. Ол барлығы 12 тәрелке жуды. Қыз бала неше
кіші тәрелке жуды»
Ү. - 7 т.
К. - ? т.
12 - 7 = 5 (т.)
Барлығы – 12 (т) Жауабы: кіші тәрелке 5.
2. Белгісіз азайғышты табу:
«Ыдыста бірнеше кәмпит бар еді. Оның 12-сі желінгенде, 9 кәмпит қалды. Ыдыста барлығы қанша кәмпит
бар еді?»
Болғаны - ? к.
Желінді - 12 к.
12 + 9 = 21 (к.)
Қалғаны - 9 к.
Жауабы: барлығы 21 кәмпит.
3 . Белгісіз азайтқышты табу:
«Сӛреде 15 кітап болған еді. Оның бірнешеуін алғанда, 8 кітап қалды?»
Болғаны - 15 кт.
Алды - ? кт.
15 - 8 =7 (кт.)
Қалды - 8 кт.
Жауабы: 7 кітап алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |