Білім беру бағдарламасы біліктіліктер: 21606 Техник-технолог 121604 Астықты өңдеу аппаратшысы


ШИКІЗАТ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРДІ БАҒАЛАУ, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ



бет24/42
Дата27.09.2023
өлшемі225,42 Kb.
#111073
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша

ШИКІЗАТ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРДІ БАҒАЛАУ, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ



2.1 Модуль мақсаты
Студенттер өсімдіктерді өсіру жалпы түсінік алады және зертханалық жағдайларда негізгі компоненттерін анықтайды. Олар жеткізілетін шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді білуді үйренеді, олардан сынамалар алады. Олар компоненттердің құрылымын сипаттайды, олардың адам мен жануардың қорек тамақ мөлшерінің мәнін айтады. Олар бидай және қарабидей ұндарынан қамыр илеп, түйінді айырмашылықтарын түсіндіреді. Шикізаттың сапасының параметрлерін сипаттайды және оларды бағалайды, жеткізілген тауарлардың салмағын орнатадыжәне нәтижелерін хаттамаға жазады. Олар қойманың көлемін, тығыздығын және сыйымдылығын есептейді. Сақтауға арналған контейнерлерді таңдайды, шикізатты алдын ала тазалауға арналған қондырғыдар мен тасымалдауыш жабдықты дайындайды, жабдықты орнатып, онымен басқарады. Олар алдын ала тазалау сұлбасын құруы мүмкін.
Студенттер қоспалардың түрлерін ажыратады, олардың үлесін құжаттайды және оларды жою бойынша шараларды өткізеді.
Олар қоймадағы қорларды бақылауға қолданылатын өлшеудің түрлі әдістерін бағалайды, өлшеудің алынған нәтижелеріне сәйкес қорларды оңтайландырады.
Олар қамба зиянкестерін ажыратады, мүмкін залалын сипаттайды және осындай зиянкестердің пайда болуын алдын алудың түрлі мүмкіндіктерін және олармен күресті бағалайды, сондай-ақ, осындай зиянкестермен күрестің құралы қоршаған ортаға кері әсерін тигізетінін түсінеді.


2.2 Модульге қысқаша шолу
2-Модуль шикізатпен, қосымша материалдармен және дайын өніммен тиісті қолдану ерекшеліктерін, сондай-ақ, олары сақтау ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар, студенттер дәндә дақылдардың түрлі ластауыштары, дәндерді сақтаудың түрлі тәсілдері туралы білім алады. Олар қамба зиянкестерін, олар тигізуі мүмкін залалын және де олармен күресу жолдарын зерттейді.


2.3 Модуль мазмұны

  • Сынаманы іріктеу

  • Сапаның параметрлері

  • Химиялық талдау

  • Алдын ала тазалау аймағына жабдық пен құралдарды тасымалдау

  • Тазалау кезіндегі шығындар

  • Тасымалдау жабдығы мен құралдары

  • Сақтау үдерісі

  • Сүр шөптік қоймалар мен көлденең еденді қоймалар

  • Сақтауға арналған контейнерлер

  • Қойманы бақылау үдерісі

  • Температура, ылғалдылық

  • Вентиляция, кептіру, салқындату

  • Қойма қорлары, сақтау кезіндегі шығындар

  • Толтыру деңгейін өлшеу

  • Қойма қорларын басқару мақсатында өлшеу әдістері

  • Қоспалардың түрлері мен талдау жасау

  • Қоспалар мен шаңды жою





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет