Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Есенова С. Н. оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет29/75
Дата18.10.2023
өлшемі1,61 Mb.
#117755
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

№17 дәрістің тақырыбы
Жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері (11-15 жас) 
Пубертатты дағдарыс. 
Дәріс мазмұны:
1.Психикалық функциялардың дамуы. 
2. Жеткіншектік реакциялар 
Жеткіншектік кезең бала ағзасының қайта құрылуымен байланысты. Яғни дене 
мүшелері дамып гормондар бөліп шығара бастайды. Бойы және салмағы ұлғаяды. Бойы 
мен салмақтың өсуі дене пропорциясының өзгеруімен қатар жүреді. Ең алдымен басы 
ұлғаяды, кейін аяқ жағы мен қолдары ұзарады. Осы кезеңде балалар өздерін қолайсыз 
сезінеді. 
Қосалқы жыныстық белгілер пайда бола бастайды. Ұлдардың дауыстары өзгереді. 
Қарқынды дамумен қатар жүрек, өкпе, бас миының қан айналымы өзгерістерге 
ұшырайды. Эмоционалды тұрақсыздық жыныстық жетілу процесімен қатар жүретін 
сексуалды қозуды күшейтеді. Ұлдардың көбісі бұл қозудың қайнар көзін түсінеді. Осы 
кезеңде жыныстық теңдестірлу жоғарғы деңгейге жетеді. Ағзаның қайта құрылуының 
арқасында өзінің сыртқы пішініне қызығушылық пайда болады. Жаңа физикалық “Мен” 
қалыптасады. 
Психикалық функциялардың дамуы. 
Танымдық процестеріне келсек, қабылдауында оқу материалын көрнекі материалды, 
түсінуге интеллектуалдығы қажет болады. Кез-келген жұмыста жеткіншекті ойлауға 
итермелеп отыру қажет. Еске сақтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану осы кезеңде 
қалыптасады. Өзіндік ерекшеліктерді білу қажеттілігі, өзіне деген қызығу, өзі туралы 
ойлану- жеткіншек кезеңінің өзіндік ерекшелігі. өз кемшіліктеріне көп көңіл бөлу, бұл 
кезең бойында сақталады. 
Жеткіншектік жаста теориялық рефлексивті ойлау дамиды. Бастауыш жасында 
қалыптасқан операциялар формальды-логикалық операцияға айналады. Жеткіншек 
интеллектуалды тапсырманы шеше отырып гипотеза қоя алады. Проблеманы шешуде 
түрлі бағыттарды іздеуге ұмтылады. Классификация, аналогия, жалпылау сияқты 
операциялар дамиды. Теориялық рефлексивті ойлау ерекшеліктері жеткіншектерге 
абстарктілі идеяларды талдауға мүмкіндік береді. Қабылдаудың және естің 
интеллектуалдылығы дамиды. 
Өзіндік сананың ерекше формалары: ересектік сезімі және “Мен тұжырымдамасы” 
пайда болады. Ересектік сезімі- өзіне ересек адам ретінде қатынаста болу, өзін ересек адам 
ретінде сезіну. Ересектік сезімі мінез-құлықтың этикалық нормасымен тығыз байланысты. 
“Мен тұжырымдамасы” - өзі туралы ішкі үйлескен көзқарастардың, бейнелердің 
жиынтығы.11-12 жаста өзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық пайда болады, кейін өзін-
өзі тану күрделеніп, тереңдетіледі. Жеткіншек өзінің ішкі әлемін ашады. Жеткіншектік 
жаста өзіндік бағалау өзінің деңгейі бойынша төмен және тұрақсыз болады. Жеткіншек 
жастағы “Мен” бейнелері әр түрлі. Физикалық “Мен” өзінің сыртқы көрінісі, 
тартымдылығы, өзінің ақылы , әр түрлі салалардағы қабілеті туралы көзқарастарының 
жиынтығы біріге отырып, “Мен тұжырымдамасының” – шынайы “Менін” 
қалыптастырады. өзін, өзінің түрлі қасиеттерін тани отырып “Мен концепциясының” 
когнитивті компоненті қалыптастырылады. Шынайы “менмен” қатар идеалды “Мен” 
болады. 
Жеткіншектік кезең 11-12, 14-15 жас аралықтарын қамтиды. Бұл жас кезеңі өтпелі, 
қиын кезең деп аталады. Бұл кезде даму ерекшелігі- (дене, ақыл-ой, адамгершілік, 
әлеуметтік) балалық шақтан үлкендік кезеңге өту. Балада өзін-өзі қайта бағалау, барлық 
жағынан қауырт өсу болғандықтан қарым-қатынасы, танымдық оқу әрекеттері де өзгереді. 
Негізгі даму факторы- жеткіншектің әлеуметтік белсенділігі. Бала дамуында 2 түрлі 
жағдай 2 жағынан қарама-қарсы әсер жасайды. 1) ересектікке көшуді тежеуші- бала тек 
оқумен айналысады, өз бетімен маңызды міндет атқармайды, ата-аналары баланы көп 
нәрседен аластатып, қиыншылық түсірмеуге тырысады; 2) есейтетін фактор: әр жақтан 
алынатын хабарлардың ағыны, ата-аналардың көбінесе жұмыста болып, балаларға көп 


көңіл бөле алмауы. Осыған байланысты кейбәр жағдайда баланың өзіндік қасиеттерінің 
өсуі, акселерация (дене және жыныстық дамудағы секіріс) орын алады. 
Жеткіншектік жаста өмірге деген әртүрлі көзқарас қалыптасады, осы кезеңде әр 
адамға тән адамгершілік және әлеуметтік құрылымдар қалыптасуына негізгі бағыт 
беріледі. Ересек өміріндегі қарым-қатынасқа ережелерге, өмірдегі құндылықтар 
көзқарастары қалыптасады. 
Балаға қойылатын тілек-талаптар жеткіншек кезеңде үлкендерге қойылатын 
талаптармен алмаса бастайды. Үлкендердің балаға бағытталған құықтары шектеліп өзінің 
құқықтары кеңейеді- өзін сыйлауға, жеке адам деп қарауға ересектермен бірдей орын 
алуға тырысады. Осыған байланысты үлкендермен түрлі қайшылықтарға келу пайда 
болады (тыңдамау, қарсы тұру), қарым-қатынаста бала арасындағы қатынастан ересек 
арасындағы қатынасқа көшу. Бұл жерде бұрынғы қарым-қатынас сақталуына бірнеше 
жағдай әсер етеді:1) жеткіншек қоғамдық тұрғыдан әлі де болса оқушы; 2) ата-анасынан 
материалдық тәуелділігі; 3) ересек бала бақылап, бағытап отырады; 4) балаға тән 
қасиеттердің әлі де болса сақталуы; 
Білім көлемі, тереңдігі жеткіншекті бағалаудың негізгі критерийіне айналады. 
Сондықтан да білімді толықтыруға жалпы мәдениетті көтеруге бағытталған әрекеттер 
жасалынады. 
Жеткіншектік реакциялар 
Қызығушылық – жеткіншектің бір ерекшелігі, ол жаңа қызық мәнді нәрсені 
қабылдауға ашық даяр болады. 
Әуестену (увлечения)- дәл осы кезеңде белгілі бір іс-әрекетке күшті қажеттіліктің 
болуы. Д.Б.Эльконин бойынша жеткіншектік кезең оқу іс-әрекетіне өте сензитивті 
(сезімтал) кезең. Ереже бойынша әуестену оқу сипатына ие болмайды. Мектептегі оқумен 
тек интеллектуалды-эстетикалық әуестену байланысты болуы мүмкін. Олар, сүйікті - 
тарих, радиотехника, музыка, сурет сабақтары деген терең қызығушылықпен байланысты 
болуы мүмкін. Дене -мануалды қызығушылық өзінің күшін нақтылау, шыдамдылық, 
қандай-да бір мануалды дағдыны игерумен байланысты. Әуестенудің ең қарапайым түрі- 
ақпаратты коммуникативті әуестену. Жинақтаушы әуестену- коллекция жинаудан 
көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет