Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Есенова С. Н. оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет40/75
Дата18.10.2023
өлшемі1,61 Mb.
#117755
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

№ 26 дәрістің тақырыбы:
Мектептегі психологиялық қызмет және жалпы ережелер
 
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты-
мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, 
олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, 
қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық 
ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, 


кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық 
ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру 
сабақтаныр ұйымдастыру. 
Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы талаптарды 
орындау психологтың кәсіби біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне 
байланысты. Басты талаптар: 

балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау; 

бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және 
үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесе 
отыра арнаулы бағдарламалар жасау; 

оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен 
жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу; 

үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық жұмыстар 
жүргізу; 

оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-қатынас 
бірлігін орнату; 

кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру; 

мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің 
психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың 
психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық кеңестер
беру. 
Психологиялық қызметті жүргізуші психолог-мамандардың құқықтары: 
1.
Мектептің ерекшелігіне байланысты жұмыстың тиімді бағыттарын анықтауға 
құқылы. 
2.
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың нақтылы міндеттерін белгілеп, 
жұмыстың әдістері мен түрлерін таңдауға құқылы. 
3.
Психологиялық қызметтің ережелеріне қайшы келген жағдайда әкімшіліктің 
бұйрығынан бас тартуға құқылы. 
4.
Оқушылардың тағдырын шешуге байланысты құрылған комиссиялар мен түрлі 
ұйымдардың жұмыстарына кеңесші дауыспен қатысуға құқылы. 
5.
Мектептегі қажетті құжаттармен танысуға, дәрігерлік мекемелерге тапсырыстар 
беруге құқылы. 
6.
Зерттеулер мен тәжірибелер жүргізуге, психологиялық диогностика мен түзету 
жұмыстарының жаңа әдістерін өз тәжірибесінде қолдануға, олардың тиімділіктерін 
анықтауға құқылы. 
7.
Мектеп әкімшілігімен келісу арқылы жоғары органдардың алдына оқушылардың 
мүдделерін қорғауға бағытталған сұраныстармен шығуға құқылы. 
8.
Мектеп оқушыларының кәсіби мүмкіндігін анықтау мақсатында кәсіптік бағдар 
беру орталықтарымен байланыс жасауға құқылы. 
Мектептегі психологиялық қызметті жүргізудің негізгі бағыттары 
І. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі 
түрде психологиялық кеңестер бере отыра, олардың психологиялық сауатын көтеру. 
Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, 
бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер 
беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру. 
Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар: 
1.
Балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау 
(ес,зейін,ерік,ойлау,сөйлеу, қабылдау т.б.) 
2.
Бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-
аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру. 
3.
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық 
ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеумен 
ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын 
жасау. 


4.
Оқушылардың әрбір психикалық процестерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен 
мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру. 
5.
Арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән 
мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау. 
6.
Интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы 
психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау. 
7.
Оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне 
(күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) 
байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу. 
8.
Педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру,
ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді
байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату. 
Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін: 
1.
Сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды: 

дарынды оқушылар; 

озат оқушылар; 

үлгермеуші оқушылар; 

«қиын» оқушы мәселесі; 
2.
Сабақтарға қатысады: 

оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында; 

оқушылардың психикалық процестеріне, мінез-құлық, темперамент 
ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында; 

мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында; 
3.
Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады: 

мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу; 

педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу; 

ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу; 

оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу; 
4.
Мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу; 
Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: 
1.
Психологиялық сауаттандыру; 
2.
Психологиялық консультация; 
3.
Педагогикалық-психологиялық консилиум; 
ІІ. Психодиагностикалық жұмыстар-ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік 
психикалық процестерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу 
әдістемелерін қолдана отыра анықтайды. 
Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психолгы мынадай мақсатта жүргізе алады: 
1.
Оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай 
келе ме? 
2.
Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін 
ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді; 
3.
Балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының 
себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған 
диагностикалық зерттеулер жүргізеді; 
4.
Оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен 
қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының 
кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар 
жүргізеді. 
Адамды тәрбипелеудегі ең басты өзекті мәселе-оның ішкі жан-
дүниесін терең зерттеу. Себебі, ұстаз адамды жан-жақты тәрбиелегісі келсе, сол адамды 
барлық жағынан білуі шарт екенін ешқашан естен шығармау қажет.
Адамды зерттеу-ол бір күндік жұмыс емес, 
ол ұзақ және күрделі процесс. Мектепте оқушыларға психологиялық зерттеу жүргізу-
мектеп психологының әрбір пән мұғалімінің, сынып жетекшілерінің міндеті. 


ІІІ. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары: Оқушылардың жеке тұлға ретінде 
қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру 
мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, 
жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог: 
1.
Жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу 
бағдарламасын жасауы керек. 
2.
Психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің 
бұзылуының себептерін анықтайды. 
3.
Әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты 
коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды. 
4.
Шұғыл шара алатындай жанұя жағдайы қиын балалар мен 
жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын 
жасау. 
5.
Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, мектеп мұғалімдер мен 
дәрігермен бірлесіп жүргізілуі керек. 
Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, имми
тациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т.б. тапсырмалар беріледі.
Сабаққа психологиялық талдау жасау жүйесі 
І. Сабақтың құрылымы. 
1. Тақырыбы, мақсаты. 
2. Сабақтың құрылымы және оның маңызы. 
ІІ. Сабақтың мазмұнына психологиялық баға беру. 
1.
Оқу материалының сапасы (берілген материал сол жастағы баланың 
қабылдауына сәйкес келе ме, келмей ме деген мәселелер жөнінде) 
2.
Мұғалімнің оқу материалын оқушыға жеткізу түрлері (ауызша баяндау, 
мысалдар келтіру, салыстыру, көрнекілікті, өмірмен байланыстыру түрінде) 
3.
Сабақтың тәрбиелік мәні (адамгершілік, эстетикалық, имандылық) және 
мұғалімнің сол тәрбие түрлерін ұйымдастыруы. 
ІІІ. Таным процестері және оны қалыптастыру. 
1.
Оқушылардың сабақ үстіндегі зейіннің түрлері. Мұғалімнің, оқушылардың зейінді 
болуын талап етуі, нақты тапсырмаға мән беруі, көрнекі құралдарды пайдаланып, 
еріксіз зейінін тудыруы. Зейіннің тұрақтылығын қамтамасыз етуі. Оқушылардың 
өзін күштеп зейінді және зейінсіз отырғандардың саны. Бір жұмыстан екінші 
жұмысқа зейінін аударуы. 
2.
Оқушылардың қабылдауын тудыруда басты обьект болған нәрселер (мұғалімнің 
сөзі, оқу материалы, көрнекі құралдар). Оқу материалдарын қабылдаудың сапасы. 
3.
Оқушылардың сабақ материалдарын есінде қалдыруына қолданатын тәсілдерде 
қандай ес түрлері маңызды орын алды (көрнекі-бейнелі, сөздік-мағыналы, 
эмоциялық, механикалық, мағыналы). Мұғалім сабақты жақсы есте қалдыру үшін 
қандай әдістер қолданды. Сабақта қай оқушыда ес процестерінің қандай түрі 
басым болды (есте сақтау, тану, қайта жаңғырту, ұмыту). 
4.
Ойлау белсенділігі: сабақта мұғалім ғылыми түсінікті қалай қалыптастырады, 
көрнекілікті қалай пайдаланады. Оның жауабында ұғымдылықтың, тауып айтудың 
қандай түрлерін кездестіреді? Оқушының сөйлеу жүйесі яғни, логикалық 
ойлаудың құрылуы және оның ерекшеліктері. Олардың тиісті мазмұннан 
қорытынды жасай алуы (дедукция, индукция, жорамал). 
5.
Творчестволық қиялының жүзеге асуы. 
6.
Оқушының жас ерекшеліктері сабақта ескерілді ме? 
ІY. Мұғалімнің сабақтағы оқушымен қарым-қатынасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет