Жеті жастағы баланың дағдарысының ең басты көрінісі оның жеке басының ішкі және
сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты. Баланың
мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы
өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан
өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі
болып көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты
актер Ч. Чаплин орындаған рөлден айқын көруге болады. Ол ересек адамдардың рөлін
ойнағанда өзін ерекше балалық аңғыртықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі
әрекеттерінің сыры да, басты шарты да осында.
2. Бастауыш мектеп жасындағы дағдарыстың пайда болуына әкелетін аспектілер:
баланың физикалық дамуы, психологиялық қайта құру, интеллектуалды даму.
Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің
субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп
оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін
Достарыңызбен бөлісу: