қондырғылар бұл аудандағы жерасты суларын іріктеумен байланысты депрессиялық
воронканың болмауын ескеріп, жер суларының ластанбауын қамтамасыз ету керек.
Жерасты гидросферасы ластануының аса жайылған «тілдері» терең эрозиялық ойымы бар
жоғарғы суағарлар бойында байқалады.Мысалы, Донбасс опырылымдарынан жаңбыр
суларымен селен, кобальт, мыс алынатыны анықталған.
Қатты және қауіпті қалдықтардың атмосфераның жерге жақын қабаттарына әсері
жылы мерзімдерде қызу нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабатынан булану кезінде
немесе химиялық реакциялар нәтижесінде қоқсықтарда пайда болатын газ тәрізді
қосылыстар, элементтер қалдықтарының құрамына кіретін өрт кезінде (сынап, мышьяк,
ұшқыш металлдар) пайда болады. Жану кезінде диоксин, фуран, хлорланған
дибензодиозон бөлініп шығады. Сондықтан Еуропаның көптеген елдерінде қалдықтарды
жағуға тыйым салынған.
Бұрын қоқсық болған жерде тұрғын аудандар құрылысы кезінде қалдықтарды
көмген кезде пайда болатын метан немесе басқа да көмірсутектермен ластанған жайлар
мен жер қабат мәселелерімен адамдар кездеседі. Соңында бұл иіс және көмірқышқыл
газының көтерілген концентрациясының пайда болуына әсер етеді. Ал бұл адамдардың
улануына немесе өлімге әкеледі.
1. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті
органға қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізілгені туралы есеп береді.
2. Полигонның иесі бақылау және мониторинг нәтижесінде анықталған, қоршаған
ортаға қолайсыз әсер туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды
хабардар етуге, сондай-ақ қабылданылатын түзету шараларының сипаты мен мерзімдерін
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге тиіс.
3. Бақылауды, мониторингті және (немесе) талдауды аккредиттелген зертханалар
орындауға тиіс.
4. Сүзінді су мен жер бетіндегі судың сынамасы репрезентативті пункттерде
іріктелуге тиіс. Сүзінді суды іріктеу мен оның көлемін және құрамын өлшеуді жүзеге
асыру учаскенің сүзінді су құралатын әрбір пунктінде жеке орындалуға тиіс.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен
әдістемеге
сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының әрбір секциясы үшін газ мониторингі
жүргізіледі.
6. Іріктеу мен талдауды жүзеге асырудың жиілігі қоршаған ортаға эмиссия
рұқсатына қоса берілетін мониторинг бағдарламасында негізделеді.
7. Өлшенетін параметрлер мен талданатын заттар орналастырылатын
қалдықтардың құрамына қарай түзетіледі.
8. Жер асты суларынан алынған сынамаларда талданатын параметрлер осы жердегі
сүзінді судың күтіліп отырған құрамына және жер асты суларының сапасына негізделуге
тиіс. Талдама есебі үшін параметрлерді таңдау процесінде жер асты суларының
жылдамдығы мен ағыс бағыты айқындалуға тиіс. Параметрлер су сапасындағы бұрын
анықталған өзгеріске кепілдік беру үшін индикативтік көрсеткіштерді қамтуы мүмкін.
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.03
N 505-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: