Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін kr 3301Қалдықтарды басқарупәні бойынша


Дәріс ҚР –ның қалдықтарды басқару саясаты



Pdf көрінісі
бет21/34
Дата07.05.2023
өлшемі1,76 Mb.
#90941
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
umkd (9)

15 Дәріс ҚР –ның қалдықтарды басқару саясаты 
Улы қалдықтар полигондардың проектілеу және салынуы 
Қалдықтарды сақтау кейіннен кәдеге жарату, өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында 
әрбір қалдық түрлері үшін белгіленген кезеңге арнайы жабдықталған жерлерде 
(алаңдарда, 
көмбелерде, 
қоймаларда) 
жүргізіледі. 
Қалдықтарды алып қою ниетінсіз оларды тұрақты орналастыратын орын қалдықтарды 
көму орны болып табылады. Қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда 
жүргізіледі. 
Қалдықтарды кейіннен орнын ауыстыру ықтималдығына және (немесе) олардың 


қоршаған ортаға әсеріне тұрақты мониторинг жүргізу қажеттігіне байланысты тұрақты 
орналастыратын орын олардың ұзақ мерзімді сақтау орны болып табылады. Полигондарға 
белгіленген экологиялық талаптар қалдықтарды ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына 
қойылады, бұл ретте оларды алып қоюдың, тасымалдаудың, кейіннен кәдеге жаратудың 
немесе түпкілікті көмудің техникалық мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. 
Қалдықтар полигондарын орналастыру мен салу жобалары осы Кодексте және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген 
тәртіппен мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардан 
өтуге 
жатады. 
Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті 
түріне жатады. Қауіпті қалдықтарды сақтау мен көму орындары экологиялық қауіпті 
объектілер 
болып 
табылады. 
Қазақстан Республикасының жойылуы қиын органикалық ластауыштар туралы 
халықаралық шарттарында көзделген жойылуы қиын органикалық ластауыштары бар 
қалдықтарды көмуге тыйым салынады. Мұндай қалдықтардың экспортына және 
импортына 
оларды 
жою 
мақсатында 
ғана 
рұқсат 
етіледі. 
 
Қалдықтарды орналастыру полигондарының сыныптары 
Қалдықтар орналастырылатын әрбір полигон мынадай сыныптардың біріне 
жатқызылуға тиіс: 
1) 1-сынып - қауіпті қалдықтарды орналастыруға арналған полигон; 
2) 2-сынып - қауіпті емес қалдықтарды орналастыруға арналған полигон; 
3) 3-сынып - тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыруға арналған полигон. 
2. Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін 
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 
айқындайды

Қалдықтарды орналастыру полигондарына қойылатын экологиялық талаптар 
1. Қауіпсіз қалдықтарға ғана алдын ала өңдеусіз көму қолданылуы мүмкін. 
2. Қауіпті қалдықтарға залалсыздандыру, қалыпты жағдайға келтіру және 
қалдықтардың қауіпті қасиеттерін төмендететін басқа да әсер ету тәсілдері қолданылуға 
тиіс. 
3. Қауіпті қалдықтарды қауіпсіз қалдықтардың полигондарына орналастыруға тыйым 
салынады. 
4. Белгілі бір сыныптағы полигонда қалдықтарды қабылдау критерийлері былайша 
айқындалады: 
1) қоршаған ортаны (әсіресе жер асты және жер үсті суларын) және халықтың 
денсаулығын қорғау; 
2) полигон шегінде қалдықтарды қалыпты жағдайға келтіру процестерін қамтамасыз 
ету; 
3) қабылданатын қалдықтардың сапалық құрамы; 
4) қабылданатын қалдықтардың органикалық құрауыштарының саны және олардың 
биологиялық бұзылуға бейімділігі бойынша талаптар мен шектеулер; 
5) қорғаныш критерийлеріне сәйкес ықтимал қауіпті құрауыштардың санына 
қойылатын шектеулер; 
6) қалдықтар мен құралатын сүзінді сулардың экоуытты қасиеттері. 
5. Белгіленбеген орындарға қалдықтарды жинап қоюға және кездейсоқ қоқыстарды 
түзуге тыйым салынады. 
6. Әрбір полигон олардың қоршаған ортаға теріс әсерінің алдын алу үшін 
атмосфералық шығарындылардың (қоқыс газы), сақтауға қойылған қалдықтарда 
құралатын сүзінді судың және сарқынды сулардың мониторингі жүйесімен жабдықталуға 
тиіс. 
7. Полигонда көмуге арналған қалдықтардың саны мен қауіпті қасиеттері азайтылуға 


тиіс. 
8. Полигонның иесі биологиялық іритін қалдықтарды көму көлемін азайту және қоқыс 
газды бақылау мен кәдеге жарату жүйелерін енгізу арқылы полигонда метанның құралуын 
азайту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. 
9. Қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін полигонның иесі қалдықтарды 
сыныптау негізінде қабылдаудың бірдейлендірілген рәсімін енгізуге тиіс. 
10. Қалдықтарды көму полигонының қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
уәкілетті органмен келісілген мерзімде учаскені экологиялық талаптарға сәйкес келтіру 
жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырылады. 
11. Полигонның меншік иесі полигон жабылғаннан кейін жерлерді рекультивациялау 
жөніндегі іс-шараларды және қоршаған ортаға әсердің мониторингін жүргізу үшін тарату 
қорын құрады. 
Жою қоры жоқ полигонды пайдалануға тыйым салынады. 
12. Көму үшін қабылданатын қалдықтарды қабылдау мен сыныптау рәсімін полигон 
иесі белгілейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі. 
13. Полигондарда қалдықтарды орналастыруға және полигондарды күтіп-ұстауға 
қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
уәкілетті орган жүзеге асырады. 
1. Полигондарда мынадай қалдықтарды көму үшін қабылдауға тыйым салынады: 
1) сұйық қалдықтар; 
2) полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары 
немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар; 
3) сумен реакцияға түсетін қалдықтар; 
4) медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын 
қалдықтары; 
5) рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын 
қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері; 
6) жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар; 
7) пестицидтер; 
8) қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар. 
2. Қабылдау критерийлерін орындау мақсатында қалдықтарды араластыруға тыйым 
салынады. 
3. Жергілікті атқарушы органдар биологиялық іритін қалдықтардың рециклингін, 
компостерлеу, өнім немесе энергия өндіру мақсатында биогаз өндіру және (немесе) 
пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды көмуді қысқарту жөніндегі іс-
шараларды ұйымдастырады. 
Қауіпті қалдықтар полигондарына арналған жалпы талаптар 
1. Қауіпті қалдықтарды көму полигондары орналасатын жерлерде: 
1) полигон шекарасынан тұрғын үй және рекреациялық аймақтарға, су объектілеріне, 
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге және елді мекендерге дейінгі қашықтыққа; 
2) жер асты, жер үсті суларының немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың 
болуына; 
3) геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларға; 
4) учаскедегі су басу, ойысу, шөгу немесе сел жүру қатеріне; 
5) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін қорғауға қатысты талаптар ескерілуге 
тиіс. 
2. Полигонның сипаттарына және метеорологиялық жағдайларға қарай: 
1) полигон бойына судың кенеттен келуін бақылау; 
2) қалдықтарды көму орнына жер беті және (немесе) жер асты суларының келуін 
болдырмау; 


3) ласталған суды және сүзінді суды сарқынды сулар үшін белгіленген нормативтерге 
дейін жинау және өңдеу көзделуге тиіс. 
3. Қоқыс газды жинау, өңдеу мен пайдалану қоршаған ортаға залалды немесе оның 
нашарлауын және халықтың денсаулығы үшін тәуекелді барынша азайтатын тәсілмен 
жүргізілуге тиіс. 
4. Қалдықтарды көму полигондарының жұмыс істеу салдарларын: 
1) иістер мен шаңдардың эмиссиясын; 
2) жел айдап тарататын материалдарды, қосындылар мен аэрозольдарды; 
3) шу мен қозғалысты; 
4) құстарды, паразиттер мен жәндіктерді; 
5) өрттерді барынша азайту үшін шаралар қабылдануға тиіс. 
5. Қалдықтарды орналастыру полигоны ластың учаскеден қоғамдық жолдарға және 
жақын маңдағы аумаққа шығарылмайтындай етіп жабдықталуға тиіс. 
6. Полигон учаскеге басқа тұлғалардың еркін кіруінен қорғалуға тиіс. Әрбір 
техникалық құралға бақылау жасау және оған қол жеткізу жүйесі құралдардың заңсыз 
пайдаланылуын анықтайтын және оған кедергі келтіретін шаралардың бағдарламасын 
қамтуға тиіс. 
7. Қалдықтарды орналастыру полигондарын басқаруды полигонды пайдалануға 
техникалық құралдары бар және полигон қызметкерлерін кәсіби және техникалық 
біліммен және тренингпен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. 
8. Жол берілетін әсер ету деңгейі қалдықтарды көму полигоны жобасының негізінде 
полигон орналасқан жердегі өзіндік гидрогеологиялық жағдайларды назарға ала отырып, 
экологиялық рұқсатта айқындалуға тиіс. 
9. Полигонға Қазақстан Республикасының Қалдықтардың мемлекеттік кадастрына 
енгізілген жеке тіркеу нөмірі беріледі. Полигон иесі полигонға қабылданатын 
қалдықтардың есебін жүргізуге арналған құжат айналымы жүйесін әзірлеуге тиіс. 
10. Қалдықтарды орналастыру полигонының жобасында жабу, рекультивациялау және 
ол жабылғаннан кейін ластануға мониторинг пен бақылау жүргізу үшін тарату қорын құру 
көзделеді. Тарату қорларын қалыптастыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
уәкілетті орган айқындайды. 
11. Полигонның иесі жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті 
органға орналастырылатын қалдықтардың түрлері мен саны туралы және жоспарлы 
бақылаудың нәтижелері туралы хабарлауға міндетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет