қауіпті қалдықтармен жұмыс істеудің қоршаған ортаға және адам денсаулығына
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде, шектеледі немесе оған тыйым
салынады.
3. Қауіпті қалдықтардың меншік иесі қауіптілік қасиеттерін көрсете отырып, қауіпті
қалдықтардың бумасын таңбалауды қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай қалдықтарды басқа
тұлғаларға белгілі бір мерзімге берген кезде қалдықтардың меншік иесі оларды осы
қалдықтардың қауіпті қасиеттері туралы және олармен жұмыс істеу кезінде сақтық
шаралары
туралы
жазбаша
нысанда
хабардар
етуге
міндетті.
4. Қалдықтарды көму кезінде топырақ сеуіп, тығыздап жабу үшін қауіпсіз
қалдықтарды қолдану жағдайларын қоспағанда, қауіпті қалдықтарды қауіпсіз
қалдықтармен, сондай-ақ әртүрлі қауіпті қалдықтарды өндіру, тасымалдау және сақтау
процесінде
оларды
өзара
араластыруға
тыйым
салынады.
5. Қауіпті қалдықтарды арнайы жабдықталған жерлерге орналастыруға рұқсат етіледі
және ол экологиялық рұқсаттарда көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпті
қалдықтарды орналастыру үшін бөлінген аумақтарда қауіпті қалдықтармен жұмыс істеуге
байланысты емес басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым салынады.
Қауіпті қалдықтар орналастырылған жер қалдықтың түрі, оның қауіптілік деңгейі және
көмілген күні көрсетіле отырып, жақсы көрінетін жерде айырым белгілерімен белгіленуге
жатады.
6. Қауіпті қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды, тасымалдауды және
орналастыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар төтенше және авариялық жағдайлар
кезінде
іс-қимылдар
жоспарларын
әзірлейді.
7.
Қауіпті
қалдықтардың
меншік
иелері
болып
табылатын
немесе
осындай қалдықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды
тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі "Міндетті экологиялық сақтандыру
туралы"
Қазақстан
Республикасының
Заңына
сәйкес
міндетті
экологиялық
сақтандырылуға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: