Оқушы – оқу іс - әрекетімен шұғылданатын тұлға.
Оқыту, оқу – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту
процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы.
Оқу процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.
Түрлі оқу орындарында оқу білім берудің басты жолы. Оқу – екі
жақты процесс: мұғалім – білім беруші, оқушы – білім алушы.
Оқыту диагностикасы – қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын
белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды
айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын
айқындау.
Оқыту психологиясы – оқытудың жүйелілігі жайындағы
танымдық іс-әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психоло-
гияның бөлімі. Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайындағы
танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және
ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, оқудың
мотивациялық және зияттық жоспарының арақатысын, баланың
дамуы мен оқу процесін басқару мүмкіндіктерін, оқыту
тиімділігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдерін зерттейді.
Оқытудағы дағдылар – бірнеше мәрте қайталау нәтижесінде
автоматтандырылған сипатқа ие болған оқу әрекеті. Ол оқушылардың
білімі мен білікті игеру мөлшеріне қарай олардың ауызша және
жазбаша сөйлеу кезінде, оқу міндеттерін орындауда, т.б. көрінеді.
Оқытуға дедукция ( лат.
Deducti – қорыту
) – жалпы білім
негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой
қорытындыларын оқытуда пайдалану. Мұнда оқу материалына
сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы
қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге
пайдаланумен аяқталады.
Оқытудағы зерттеу әдісі –
оқушыларды
айналадағы
құбылыстарды бақылап, ондағы заңдылықтарды тануға, өздігінен
қорытынды жасай білуге үйретуде зерттеу элементін қолдану.
Оқушының белсенділігін, қызығушылығын қалыптастырып, оның
ойын дамытуға, өздігінен ізденуге бағытталады.