Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.«Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.Түркі-мұсылман халықтарының зияткерлік элитасы мен Ресей империясының өзара байланыстары.
2
Дәріс-презентация, пікірталас
ҚАЗАҚСТАН КЕҢЕСТІК ӘКІМШІЛ-ӘМІРШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНДА
10
4
Қазақстан Қазан төңкерісі және кеңес үкіметінің орнауы кезеңінде.Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір.Кеңес өкіметінің орнауы. Желтоқсандағы Жалпықазақ съезі. Алаш автономиясын құру туралы шешім. Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметінің құрылуы. Қазақ өлкесіндегі «ақтар» мен «қызылдардың» қарсыластығы. Алаш Орда үкіметінің қазақ ұлттық әскерінің іс-қимылдары. Қазақ аумағында әскери іс-қимылдардың тарауы. «Соғыс коммунизмі» саясаты.
2
Дәріс-презентация, пікірталас
11
4
Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары. Қазақ зиялыларына қуғын-сүргіннің басталуы. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі және оның саяси-экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруашылықтарын отырықшы өмірге күштеп көшіру. Кеңестік Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы. Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі.