Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Жануарлар биохимиясы»



бет33/47
Дата18.02.2022
өлшемі429,02 Kb.
#25853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
Биохим ЛАБ

Жұмысты орындау тәртібі:

1. Рефрактометрдің жоғарғы призмасын ашып, спиртке малынған дәкемен призмаларды тазартады.

2. Астыңғы призмаға пипеткамен бірнеше тамшы дистилденген суды призманың түгел бетіне жағады.

3. Жоғарғы призманы жабады.

4. Оқулярдың жоғарғы әйнекшесіндегі түзулердің қиылысына, сол жақ винтті бұрай отырып, ақ-қара шекарасын әкеліп орналастырады.

5. Оқулярдың төменгі әйнекшесінен шкала бойынша сыну көрсеткішін анықтайды. Судың сыну көрсеткіші 20°С-да 1,333-ке тең болады.

6. Анықтап болғаннан кейін рефрактометрдің жоғарғы призмасын ашып, призмаларды дәке тампонымен тазартады.

7. Призмаға бірнеше тамшы қан сарысуын тамызып, жоғарыда айтылғандай сыну көрсеткішін анықтайды.

8. Сыну көрсеткіші бойынша таблица арқылы қан сарысуындағы белок мөлшерін анықтайды.

Қосымша нұсқау

1. Ертінді тамшыларын тамызған кезде призма бетіне дақ түсірмеу керек (сызықтар).

2. Жұмыс аяқталғаннан кеиін призмаларды дистилденген сумен жуып дәкемен сүртіп тазартады.

3. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.



Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма

Оқулықтан және дәріс конспектісінен «Белоктар», «Қанның химиялық құрамы» атты тақырыптарға дайындалып келу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет