Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Жануарлар биохимиясы»



бет1/47
Дата18.02.2022
өлшемі429,02 Kb.
#25853
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Биохим ЛАБ


Ф.7.03-03

КАМБАРОВА А.А.

АБДЫКАРИМОВА Ш.А.


6В09111-«Ветеринарлық медицина» Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Жануарлар биохимиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Шымкент, 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


«АГРАРЛЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ
«Ветеринарлық медицина» кафедрасы

КАМБАРОВА А.А.

АБДЫКАРИМОВА Ш.А.


6В09111-«Ветеринарлық медицина» Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Жануарлар биохимиясы» пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу түрі - күндізгі


ӘОЖ 636.671.15


Құрастырғандар: магистр, аға оқытушылар Қамбаров А.А., Абдыкаримова Ш.А. «Жануарлар биохимиясы» пәнінен зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауы - Шымкент: -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті. 2022, - 36 б.
«Жануарлар биохимиясы» пәнінен зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауда оқу жоспарына және пәннің бағдарламасына сәйкес, курстың оқытылуына қажетті барлық мәліметтер қамтылған.
Әдістемелік нұсқау 6В09111 – «Ветеринарлық медицина» Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына арналған
Пікір беруші: а.ш..ғ.к., доцент Тулеметова С.Е.

«Ветеринарлық медицина» кафедрасы

«Ветеринарлық медицина» кафедрасының мәжілісінде (хаттама №__ «__» __ 2022ж.) және Аграрлық факультетінің оқытудың инновациялық технологиясы және әдістемелік қамтамасыз ету комитетімен мақұлданған (хаттама №__, «__ » __. 2022 ж)

М.О.Әуезов атындағы ОҚУ оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. Хаттама №__ «__» __. 2022 ж.

©М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе.................................................................................................................

5

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің нәтижелерін бағалау жүйесі.......

7

Зертханалық сабақ №1 Сутегі иондарының концентрациясын Серенсен-Кларктің колориметриялық әдісімен анықтау................................................

11


Зертханалық сабақ №2 Витаминдерге тән сапалық реакциялар...................

13

Зертханалық сабақ №3 pH-тың амилаза ферментіне әсері............................

15

Зертханалық сабақ №4 Гормондарға сапалық реакциялар............................

16

Зертханалық сабақ №5 Қандағы каталазаның активтілігін анықтау............

18

Зертханалық сабақ №6 Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау................................................................................................................

20


Зертханалық сабақ №7 Майдағы йод санын маргошес әдісімен анықтау...

22

Зертханалық сабақ №8 Ақуызды диализ арқылы тазарту.............................

24

Зертханалық сабақ №9 Қан сарысуындағы холестеролды илька әдісімен анықтау................................................................................................................

26


Зертханалық сабақ №10 Несеп құрамындағы патологиялық заттарды анықтау................................................................................................................

28


Зертханалық сабақ №11 Қан сарысуындағы жалпы белокты рефрактометриялық әдіспен анықтау..............................................................

29


Зертханалық сабақ №12 Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау................................................................................................................

31


Зертханалық сабақ №13 Қан сарысуындағы кальцийды анықтау...............

33

Зертханалық сабақ №14 Каротиннің мөлшерін анықтау...............................

34

Зертханалық сабақ №15 Сүттегі казеинді анықтау........................................

36

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................

38



КІРІСПЕ
Биологиялық химия немесе биохимия - организмдердің химиялық құрамын және организмның тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді.

Биохимия деген сөз гректің bios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы деген сөз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: адам биохимиясы (медициналық биохимия), өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және т.б. Кейіннен өз алдына жеке сала болып клиникалық биохимия отау тікті. Оның әдістерімен организмді зерттеу негізінде ауруларды айырып, оларға ем тағайындалып, адам мен жануарларды әр түрлі аурулардан сақтандыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүргізу етек алды.

Кейінгі жылдары органикалық дүниенің дамуы барысында зат алмасуының күрделену жолдарын және тіршіліктің жер бетінде пайда болуын зерттейтін биохимияның жаңа бір саласы эволюциялық биохимия дамып келеді.

Сонымен қатар радиацияның организмге тигізетін әсерін, одан қорғану әдістерін және ионизациялық сәуленің көмегімен мәдени өсімдіктердің жоғары өнім беретін жаңа сорттарын, пайдалы микроорганизмдердің жаңа түрлерін шығару жолдарын зерттейтін радиациялық биохимияға да ерекше көңіл бөлінуде.

Бұл оқу құралында жануар (мал) тіршілігінің химиясы, яғни жануар биохимиясы сөз болады.

Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық (зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында), динамикалық (заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың ақтық өнімдерінің шығуына дейінгі өзгерістері) және функциональдық (органдардың, тканьдердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде) биохимияға бөлінеді.

Әрине, мұндай бөлу шартты түрде ғана, себебі биохимиялық зерттеулерде осы бірін-бірі толықтырушы, үш бағыттың арасына шек қою қиын. Бірақта, қорытындысында объекті жайында жан-жақты сипаттама алуға болады.

Биохимияның дамуы бір-бірімен шектес басқа пәндермен – жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, биоорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химиямен; молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты биохимияны оқып үйренуден алған білім азықтандыру, мал өсіру, зоогигиена, мал шаруашылық, патологиялық физиология, фармакология сияқты қолданбалы ғылымдардың теориялық негізін құрайды.

Биохимияның аса маңызды міндеті – студентті тірі организмдердің химиялық құрамымен және тірі материалдардың тіршілігін қамтасыз ететін химиялық заңдылықтармен таныстыру. Ақыр аяғында бұл мәліметтер қолданбалық маңызға иә болады, себебі олардың көмегімен мамандар мал өнімдерінің өнімділігін және оның сапасының артуын қамтамасыз ете алады.

Биохимия ғылымын зерттейтін нысанына байланысты үлкен екі топқа бөлуге болады. Жануарлар және өсімдіктер биохимиясы.

Тіршілік химиясының дамуына әйгілі орыс ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар А.Я.Данилевский 1891 жылы бірінші болып ақуыздағы амин қышкылдары өзара пепидтік байланыс арқылы байланысатыны жөнінде қағида ұсынды. Оны, тәжірибе жүзінде әйгілі неміс ғалымы Э.Фишер дәлелдеді. И.П.Паплов өз шәкірттерімен ас қорытушы ферменттердің белоктық табиғатын анықтады.

Өсімдіктер биохимиясы үшін К.А.Тимирязевтің есімі ерекше. К.А.Тимирязев ашқан өсімдіктердегі фотосинтез құбылысының маңызы биохимияда өте зор. В.И.Палладин мен А.Н.Бах – биологиялық тотығу жөніндегі ғылымының негізін қалады.Олардың ілімін Г.Виланд., О.Варбург., Д.Кейлин одан әрі жалғастырды.

Қазақстанда биологиялық химия саласындағы зерттеу жұмыстары республикада жоғарғы оқу орындарының ұйымдастырылуымен және Ғылыми академиясының кұрылуымен байланысты. Биохимияға қатысты іргелі зерттеу жұмыстарын медицина саласында Б.И.Ильин, П.А.Верболович атқарды. Мал шаруашылығы саласында В.М. Красон, У.Т. Ташмухамбетон, З.С.Сейтов зерттеу жүргізді. Өсімдіктер биохимиясы саласында Қазақстан Республиқасы Ғылым академиясының академиктері М.И. Горяев, Т.Т. Дарқанбаев, М.А. Айткожин, республика академиясының корреспондент - мүшесі Л.Қ. Қылышев және басқалар бағалы зерттеулер жасады.

Курс пререквизиті: Биологиялық химияны оқытудан бұрын мынандай пәндер оқытылуы қажет: биофизика, анорганикалық және аналитикалық химия, биоорганикалық химия, физикалық және коллоидтық химия.

Курс постреквизиті: Биологиялық химия пәнін студенттер оқу нәтижесінде мына сұрақтарды білуі қажет: тірі организмнің қызметі мен химиялық құрамын, витаминдердің, гормондардың және ферменттердің әсер ету механизмін, тірі организмнің зат алмасу заңдылықтарын және энергия бөлуін, сонымен қазіргі заманғы биохимиялық әдістермен қанды, сүтті және т.б. активті заттарды зерттеу және болашақта қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет