Білім беру бағдарламасы бойынша Фи21-11к1 тобының студенті Эммен Нұрдананың оқу практикасын қорғау



бет3/8
Дата29.06.2023
өлшемі88,31 Kb.
#103768
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
эммен нұрдана практика1 (1) (2)

I .ТІКЕЛЕЙ ЭФИР


1.1 Тікелей эфирдін психологиялық аскпектілері
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын «Тікелей эфир дегеніміз не?» деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше, тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдапкөрейік. Тікелей эфир-радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудын, кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалык сипаттағы соны технологиялык процесс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Ал тікелей эфирде жұмыс істеген журналистің даярлығының күштілігіне, дайындығының мықтылығына қарамастан процесс кезіндегі күллі іс-әрекетін, аузынан шыққан әрбір сөзін өлшеп-кесіп, мөлшерлеп-межелеп алдын-ала анықтап алуы мүмкін емес. Сондықтан да ол эфир кезіндегі әрекетінің негізгі шарттарын есте сақтауы қажет. Оны мына төмендегідей тәртіппен белгілеуге болар едіЭфир» — сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда «эфир — радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы».
Тікелей эфир кезінде репортер өзі қатысып тұрған оқиғаның көрінісін тыңдаушы көз алдына қатысып отырғандай әсер қалдырса ғана репортаж өз дәрежесіне жетпек. Яғни сол оқиғаға қатысқан халықтың көңіл-күйі, музыка, қошаметтеген дауыстар, ойнаушылардың желпінген дауыстарын беруі және сол тікелей эфир арқылы комментарий жасауы очерк, интервью сияқты жанрларды кеңінен қолдана отырып хабардың барынша эмоциялылығын бағалап оның тірі әрі қызықты өтуіне жол ашадыЭфир этикасын сақтауда журналист ең алдымен, кәсіби мораль принциптеріне сүйенеді. Кәсіби моральды өзінің жұмыс процесінде қолдануы үшін журналистің кәсіби санасы қалыптасуы керек. Ал журналистің кәсіби санасының құрылымы теориялық тұрғыда мынадай сипат алады.
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп,
олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, «Тікелей эфир дегеніміз не?» деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир– тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық–техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тісілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс–әрекеттің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Біз кедергі пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесі, кері байланыс, студиядағы хабар, ток–шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды.Тікелей эфир–аудиториямен қарым–қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты.Бұл жөнінде зерттеуші В.Л.Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші–журналистің тікелей эфирдегі табысы–кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің,тамаша тапқырлықтың жемісі»
Ол рас, тек бұл тұжырымдама тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген.Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғаныменоның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір қимылдың қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс–әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек–бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан–аяқ рет–ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады.Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын–ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма–қол қарым–қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми–техникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отыры, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деумізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келтіретін қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келім шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.
Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі.Тікелейэфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады.Ғылымизерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирде жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде,тікелей эфирдегіпсихологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасыкамераалдынабарғанғадейінгі даярлық кезінде жүзегасатыннақты әрекеттер мен тынымсыз ізденістернәтижесінде қаланбақ.Тікелей эфиржүргізетінжурналистің негізгі нысанасы-көрермен назарыАдамның назарын аудару - өте күрделі құбылыс.Көрерменнің көңіл-күйін басқару үшіноларды қажетті бағыттағы әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып, студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтидыТікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік,үшіншіқауіп,қорқыныш,үрей.Ендігі жердеайрықша «экстремальды»қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал. Олар
а) адамның жүйкесі,психикасы тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы;
ә) өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы;
б) физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.
Мұндай ерекшеліктердіескереотырып,арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары ненікөрсетті:«Атап айтқанда,Т.Немчиннің жүйкеге түсетін ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден жасалған психологияны қадағалау әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу сипатында көрініс табады. Көпшілігіне алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән Тікелей эфирдегі сухбат- шындыктын казаны деймін. Тынымсыз арі сан ренке толы, кайнаган емірді езінін баршындыгымен, сол калпында керсету де туындыны емірге экелетін топтан білгірлік пен білімпаздыкты кажет етеді.Кино енерінін аса кернекті кайраткері Михаил Ромм: Тікелей интервью жургізу, емірді тікелей барлау- міне бул документальды телевидениенін документальды кинодан артыкшылыы. Бірак интервью бізде алдын-ала дайындыктар барысында жургізіледі. Ал осытан карама-карсы дайындыксыз интервью берінен де кернекті, шынайы шыгатыны белгілі. Осы сиякты адам еш ескертусіз сейлер кезде де уелі ойланады, есіне тусіреді, содан кейін барып айтар ойын тауп алады, немесе таба алмай киналады- міне телевидениеге тен табиат осы. Осыдан-ак тікелей эфирдегі сухбаттын шынайы дуние екендігін уамыз. Эфирде айтылан сез- атылган ок дегенді есте устатан жөн


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет