Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының



бет40/64
Дата25.11.2023
өлшемі465 Kb.
#127411
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойы

Практикалық сабақ №6

Электрондық оқулық құру бағдарламалары

MacromediaDreamweaver бағдарламасының жұмыс ортасы
Macromedia Dreamweaver – бұл әртүрлi сайттарды визуальды құруға және Іnternet желiсiндегi беттердi басқаруға арналған мамандандырылған HTML редакторы. Dreamweaver-дiң визуальды мүмкiндiгiнiң көмегiмен HTML- кодын жазбай-ақ сайттарды тез құруға немесе жобаның дизайнын өзгертуге болады. Dreamweaver визуальды редакторға жататындықтан, экранда жұмыс нәтижесiн бiрден көруге болады. Сонымен қатар оның құрамына алғаш қолданушыларға жұмысқа тез арада кiрiсiп кетуге мүмкiндiк беретiн дамыған түсiндiрме жүйесi бар.


Dreamweaver - көп құжатты бағдарламаға жатады. Бағдарламаның бір терезесінен бірден бірнеше құжаттарды ашуға болады. Бұл жағдайда ашық тұрған құжаты бар терезе, бағдарламаның өзінің үлкен терезесінің ішінен ашылады.
Құжаттың терезесі ашық Web – бетті көрсету үшін қолданылады. Кез келген көпқұжатты бағдарлама сияқты Dreamweaver негізгі терезеде құжаттардың қанша болса да, терезесін ашады.


Macromedia Dreamweaver бағдарламасын іске қосу үшін Пуск - ПрограммыMacromedia –Macromedia Dreamweaver MX командаларын орындаймыз. Нәтижесінде экранда диалогтық Workspace Setup терезесі ашылады, ол Dreamweaver MX жұмысортасының түрін таңдайды.

Dreamweaver MX - жұмыс ортасының жаңа түрі. Мұнда құрал-саймандардың барлығы дерлік бір үлкен терезеде жұмыс жасаушыға ыңғайлы етіп орналастырылған.
Macromedia Dreamweaver бағдарламасын ең алғаш іске қосқанда бірнеше менюдан және көптеген панельдерден тұратын жұмыс терезесі ашылады, ол төмендегі 2-суретте көрсетілген.

2-сурет. Dreamweaver-дің негізгі терезесі

Негізгі терезеде негізгі меню қатары орналасқан, ол арқылы Dreamweaver-дің барлық мүмкіндіктерімен таныса аласыз. (3-сурет)
3-cурет. Меню қатары

Электрондық оқу құралын орыс тілінде жазу үшін ең алдымен қазақ тілін түсінетіндей етіп ұйымдастыру керек. Ол үшін бос беттің үстіне тышқанды апарып, оң жағын басу арқылы Page Properties сұхбат терезесін ашамыз. Осы терезенің Document Encoding деген жердегі тізім ішінен Cyrilic(Windows 1251) дегенді таңдау керек. Бұл Page Properties терезесінде осы дайындалып жатқан терезенің барлық көркемдік жұмыстарын орындауға болады, яғни терезенің, шрифтің түсін, түрін өзгертуге болады. Бұл әрекеттерді арнайы меню көмегімен де өзгертуге болады, ол төмендегі суретте көрсетілген.


4-сурет. Insert терезесі

Суретте көрсетілгендей кез келген сайманды негізгі терезенің аймағынан бөліп алып, оны өз алдына терезе етіп ашуға болады. Ол үшін жылжытуға арналған тұтқасы бар, ол тақырып атының сол жағында бес қара нүктелер түрінде орналасады. Сол сияқты, сіз сайманды кез келген уақытта қайта орнына қоя аласыз.


Macromedia Dreamweaver бағдарламасы көмегімен әртүрлі суреттерді де кірістіруге болады. Суреттерді басты мәзірдегі Image пернесі арқылы кірістіруге болады. Сонымен қатар Macromedia Dreamweaver бағдарламасы көмегімен әртүрлі әсерлерді (эффектілерді), анимацияларды орындауға болады.

Macromedia Dreamweaver бағдарламасы көмегімен әртүрлі сілтемелер жасауға болады, ал электрондық оқу құралының негізі - керекті сілтемелер жасау, сол сілтемелерді дұрыс жасай білу болып табылады. Ол үшін керекті мәліметтерді бөлек сақтау қажет, содан соң бір-біріне сілтеме жасалады. Сілтемені де Macromedia Dreamweaver бағдарламасында дайын пернелер арқылы жасауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет