Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының


Әдетте оқыту видеоларының үш түрі болады



бет50/64
Дата25.11.2023
өлшемі465 Kb.
#127411
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Әдетте оқыту видеоларының үш түрі болады:
1. Скринкаст – компьютер экранындағы әрекеттер дыбыспен сүйемелденетін бейне сабақ. Photoshop немесе сол сияқты бағдарламаларды қолдануды үйретуге арналған таптырмас жанр.
2. Бейнесүйемелдеу - адам камера алдында отырады және мәтінді оқиды. Бұл әдетте слайдтарға түсініктеме беру үшін PowerPoint презентациясына қосымша ретінде пайдаланылады.
3. Бейне сабақ - қысқа оқыту ролигі. Формат бойынша теледидар хабарларына ұқсас. Қазіргі кезде кеңінен таралған оқыту видеолары.


Енді осы видеоларды жасаудың қадамдарымен танысайық:

1. Видео сабақтың немесе скринкастты жазудағы ойыңыз бен мақсатты аудиторияңызды анықтап алу. Бұл сізге тақырыбыңызды жалпыламай өз бағытыңызды кеңінен қамтуға көмек береді. Мысалы, ағылшын тілін бәрі үйрене алады, бірақ сіздің сабақтарыңыз барлық адамға түсінікті болуы мүмкін емес: бірінің деңгейі сәйкес келмесе, бірінің көзқарасы өзгеше болуы мүмкін. Сондықтан әрбір істе бірінші өз мақсатыңыз бен оның кімге арналғанын айқындап алғаныңыз дұрыс.
2. Алдын ала сценарий дайындап алу. Бұл барлық видео сабақтарға қатысты. Бұл қадам сізге түсірілім кезінде уақыт үнемдеуге, қателіктер жасамауға, қажетсіз тоқтауларды болдырмауға көмек береді. Әрине, сіз өзіңіздің не айтаныңызды жоспарлап алсаңыз видеоны жазу кезінде өзіңізге сенімді боласыз.

3. Сапалы дүние жасау үшін сапалы камера мен микрофон қажет. Адам ең бірінші көзбен қабылдайтын болғандықтан камераңыз соңғы үлгідегі болмаса да білім алушыға сапалы дүние ұсына алатындай болуы керек.

4. Түсірілім алаңын таңдау жарықтандыру. Видеоңыздың танымалдығы көбінесе суретке байланысты. Мұнда фонның орны өте маңызды. Ең дұрысы, түсіру орны бейне сабақ тақырыбына 100% сәйкес келуі керек. Ал жарықтандыру үшін міндетті түрде арнайы жабдықтың болуы шарт емес: үйдегі шамдарды, күннің жарығын тиімді пайдалануға болады.

5. Жүргізушінің образын реттеу. Жүргізушінің болуын қажет ететін видеоларда оның образы сабақ пен тақырыпқа сай болуы керек. Стиль және түс таңдауда абай болыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет