Білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби стандарт «Педагог» кәсіби стандарты, ҚР «Атамекен» Ұкп басқарма төрағасының


БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет62/64
Дата25.11.2023
өлшемі465 Kb.
#127411
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Оқу-әдістемелік кешенді дайындауда білім беру бағдарламасы бойы

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Өзіндік жұмыстар реферат түрінде орындалады.
Рефераттың мазмұны мен көрнекілігіне қойылатын талаптар:
1. Рефераттың мазмұны оның жоспарына сәйкес келуі және тақырыптың мазмұнын ашуы керек.
2. Теориялық сұрақтарға жауап қысқа және дәл болуы керек.
3. Реферат анық, сауатты және мәтінде кездесетін сөздердің барлығы қысқартылмай, толық жазылуы керек.
4. Жұмыс соңында библиографиялық көрнекілік ережесін сақтай отырып, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету міндетті.
5. Реферат көлемі 5-7 беттен кем болмауы керек. Рефераттың сыртқы бетінде оқу орны, жұмыс тақырыбы, білім алушының аты-жөні мен оқитын тобы көрсетілуі тиіс.
Берілген пән бойынша реферат орындау пәнді оқу барысында маңызды орын алады. Мұнда білім алушы пән бойынша теориялық және практикалық дайындық деңгейін көрсетеді, яғни әдебиетпен өз бетінше жұмыс істей білу, есептеулерді компьютер көмегімен жүргізу әдістері мен жолдарын, программалық құралдарды таңдай білу, логикалық ойлау және қорытынды жасай білу қабілеттерін байқатады.
Білім алушыларға рефераттың тақырыптары және оларға сәйкес әдебиеттер тізімі ұсынылады. Таңдап алған тақырыпты толығымен ашу мақсатында білім алушылар қажетті әдебиеттермен жұмыс істейді және оған қажетті мәліметтер жинақтайды. Нәтижесінде тақырыпты баяндауда қажетті материал мен компьютерде орындалатын зерттеулердің, қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен дайындалған программалық қосымшалардың негізінде дайындалады. Пән ерекшелігіне сәйкес, рефераттың негізі ретінде жасалған ақпараттық жүйенің программасы, оның көмегімен орындалған есептеулер және олардың нәтижелері қарастырылады.


Рефераттың мазмұны мен құрылымы
Реферат төмендегідей бөлімдерден тұруы тиіс:
  • Мазмұны;


  • Кіріспе;


  • Негізгі бөлім;


  • Қорытынды;


  • Қолданылған әдебиеттер тізімі;


  • Қосымшалар.


Кіріспеде рефератта қарастырылатын мәселелердің маңыздылығын, мақсатын, өзектілігін және зерттеудің объектілері мен әдістерін негіздеу қажет.


Негізгі бөлімде рефераттың мазмұны жасалған жоспар бойынша баяндалады. Мұнда зерттеу жұмысының орындалуы, атап айтқанда қарастырылатын есептің қойылуы және оны шешудің алгоритмі түсіндіріліп, зерттеу объектісіне негізделген ақпараттық жүйе жасалады. Жүргізілген зерттеу нәтижелері схемалар, кестелер және графиктер түрінде көрсетіледі.
Қорытынды- білім алушының орындаған жұмысының нәтижелері. Қорытындының мазмұны негізгі бөлімді оқымастан рефераттың мақсаты мен мазмұнын түсінікті етіп бейнелейтіндей болуы тиіс. Бұл негізінен рефератта қарастырылған есепті шешудің нақты әрі негізделіп көрсетілген ой- пікірлердің қысқаша мазмұны.
Қолданылған әдебиеттер тізімінде қолданылған әдебиеттердің барлығы (оқулықтар, практикалық құралдар, анықтамалықтар) авторының тегі, есімі, әкесінің аты, баспадан шығарылу орны мен жылы жөнінде толық мәліметтердің көрсетілуі арқылы енгізіледі. Егер кітап екі не одан да көп авторлардың бірігуімен жазылса, онда олардың тектері арасына үтір таңбасы қойылып, кітапта басылған тәртіп бойынша көрсетіледі. Авторлардың саны үш не одан көп болған жағдайда тек біріншісінің аты-жөнін көрсетіп, «және басқалар» деп жазу рұқсат етіледі. Барлық әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасуы тиіс.
Мәтін ішінде әдебиеттерге сілтеме жасау үшін әдебиеттің тізімде орналасу нөмірі мен беттерін квадратты жақша ішінде көрсету керек. Мысалы, [5,20б].
Рефераттың әрбір парағы А4 форматты қағаздың бір бетіне анық жазылып (компьютерде терілген болуы керек), түсіндірме парағының көлемі 5-7 парақтан кем болмауы тиіс. Жұмыс мазмұны мына түрдегі форматта сипатталуы тиіс: жоларалық интервал- 1, сол жақ шекарасы- 30мм, оң жақ шекарасы- 15мм, жоғарғы және төменгі шекаралары- 20мм. Тақырып пен мәтіннің арасына бір бос жол қалдырылуы керек.
Рефераттың бірінші парағы нөмірленбейді, онда жұмыстың тақырыбы және орындаушы жөнінде мәліметтер орналасады. Парақ нөмірлері парақтың оң жақ төменгі бұрышына қойылуы тиіс.
Рефераттың құрамына қосымшаны енгізуге болады. Қосымшалар тақырыптың мазмұнын ашу барысында қолданылған бейнелеу материалдары, программалар мәтіні және қолданылған мәліметтерден құралады. Қосымшалар өз бетінше нөмірленеді, олар рефератта сілтемелердің жасалуына сәйкес тәртіппен орналасады. Әрбір қосымшаның нөмірі араб цифрымен белгіленіп, парақтың оң жақ бұрышына қойылады(нұсқаулар соңында көрсетілген қосымша).

Белгіленген талаптарға сай дайындалған реферат, белгіленген мерзімнен қалдырылмай, жетекші оқытушыға тапсырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет