Білім беру бағдарламасы бойынша оқу іс-тәжірибеден өткен білім алушыларға Мінездеме



Дата28.03.2023
өлшемі14,73 Kb.
#76674
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
Минездеме


6В08201 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламасы бойынша оқу іс-тәжірибеден өткен білім алушыларға

Мінездеме
ТЖ-101 тобының білім алушылары Ахметбеков Б.Қ., Дюсекенова Е.Е., Беккель А.Н., Дүсіпова А.Қ., Серікбайқызы Ә., Серғазина А.С., Болатбекова А.Б., және Жақып Ш. 23.05-05.06.2022 жыл аралығында «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, «Ауыл шаруашылығы және биоресуртар» кафедрасынан оқу іс-тәжірибесінен өтті.
Кафедрада білім алушылар оқу іс-тәжірибеден өтумен қатар, күнделікті жоспар бойынша толық қатысты. Тәжірибе барысында теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәледеп, өздерінің функционалды қызметтерін жоғары деңгейде көрсете білді. Олар іс тәжірибе барысында барлық бөлімдерді малдарды толықтай көріп, малдардың биологиялық ерекшелітерімен танысты. Білім алушылар оқу іс-тәжірибеде мекеме жұмыстарымен толық танысты.
Барлық білім алушылар оқу іс-тәжірибеден үлкен қызығушылықпен және бар ынтасымен өтті. Әрдайым уақытылы келіп жүрді және оқу іс-тәжірибеге себепсіз келмеген кездері болмады. Білім алушылар оқу іс-тәжірибе барысында адамдармен қарым-қатынас жасауды және оларды басқаруды үйренді. Ұйымдастырушылық қабілеттері өте жоғары, киын жағдайда өз беттерінше дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, айтылған кемшіліктерді тез және жоғары деңгейде түзетуге тырысады. Жалпы, білім алушылар адамдармен тез тіл табысады, мінездері ашық, ұйымшыл, ынталы, берілген тапсырманы аяғына дейін жауапкершілікпен орындайды, ұжыммен қарым қатынастары өте жақсы.
ТЖ-101 тобының білім алушылары оқу іс-тәжірибеден өту жұмыстары бойынша өте жақсы деп бағаланды.

Іс- тәжірибе жетекшісі: Жақашева Д.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет