Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


-лекция. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай



бет37/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

14-лекция. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай
Жоспары:
1.Солтүстік Америка жеріндегі отарлыққа қарсы күрес
2.1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция –«Басқару жоспарының» мәні


1.Солтүстік Америка жеріндегі отарлыққа қарсы күрес
Колумбтың Американы ашуы және оны еуропалық державалардың игеруі Жаңа Әлемде Батыс өркениетінің таралуына жол ашты. XVII ғасырда кең қанат жайған британдық отарлау жүйесі Солтүстік Американың тағдырында маңызды рөл атқарды: қоныстанушы отарлар пайда болды. Испандық Американың қазына байлықтары британдық кәсіпкерлерге маза бермеді. Оларды Солтүстік Американың Франция иелене бастаған, дегенмен әлі де болса, испандықтар мен португалдықтар иелене қоймаған атланттық жағалаулар қызықтырды. Бұл жердегі басты байлық әлі қауымдық қүрылыс дәрежесінде өмір сүріп жатқан санаулы үндіс тайпаларының мекені саналатын құнарлы жерлер болатын. Алғашқы (ағылшындық) ерікті эмиграция бастамасы кейінгілерімен жалғасып жатты: немістер, голландтар, швейцариялықтар, француздық гугеноттер де қоныс аударып, отарларды ауқымды “этникалық қазанға” айналдырды. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені — болашақ отар Виргиния жерінде, 1607 жылы мамырда Джеймстаун форты құрылған еді. 1625 жылы таққа отырған ағылшын королі I Карл Виргинияны корольдық отар деп жариялап, онда өзінің губернаторын тағайындады.
Виргиниядағы саяси билік, қоғамдық құрылым мен әлеуметтік қатынастар басқа отарлар үшін үлгі боларлықтай еді. Толық құқылы азаматтарға (фримендер) губернатор басқарған отарлық әкімшілік мүшелері және орта тап — джентрилер, компания акционерлері мен ауқатты тұрғындар жатты. Төменгі топты жеті жылға келісімшартқа қол қойған адамдар — сервенттер (лат. зегиапі — құл) құрады. Отарлар үш түрге бөлінді: корольдық, жеке және қауымдық (корпоративтік) меншік. Виргиния (1607) және Нью-Йорк (1664) корольдық отарларға жатқызылды. Отарлар жоғары меншік иелеріне — корольға немесе лордқа белгілі мөлшерде салық төлеп тұрды.
Король жерді тек компанияларға емес, сонымен бірге Англияның ірі феодал ақсүйектеріне де таратты. Отарлардың меншік иелері бөлінген жерге толық қоныстануға және үндістермен бейбіт қатынас жасауға тікелей мүдделі болды. Онда құлдардың еңбегі кең пайдаланылды.
Жекеменшіктік отарларға Мэрилэнд (1632), Нью-Джерси (1664), Солтүстік және Оңтүстік Каролина (1670), Пенсильвания (1681), Дэлавер (1702), Джорджия (1732) жатты.
Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерге отарлардың қоныстандырылуы үшінші — қауымдық меншік түріне жатты. Иелік отарларды Америкаға қоныс аударған діни қауым мүшелері қоныстанды. Олар Жаңа Англиядағы меншік иелеріне тиесілі емес бос жерлерге қоныс тепті.
Массачусетс (1629) Жаңа Англияға қоныс аударушылардың алғашқы тұрағы болды. Оның негізінде Род-Айленд (1635), Коннектикут (1636), Нью-Гемпшир (1680) отарлары қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет