Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


ХVII-ХХI ғасырлардағы мəдениет пен ғылымның дамуы



бет24/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
358544 8

2.ХVII-ХХI ғасырлардағы мəдениет пен ғылымның дамуы
Мəдениет. Ислам дінінің абыздары Африка елдеріндегі мəдениеттің дамуына елеулі үлес қосты. Солардың бірі аш-Шарани (1565 ж. өлген) болды. Оның басты еңбегі «Шашыранды маржан-дар кітабы» болып табылады. Бұл еңбегінде аш-Шарани жаман мінез-құлықтарды келемеждеп, жақсы мінез-құлықты уағыздады, байлардың дүниеқоңыздығын сынап, кедейлерді қорғады.Тарихнама саласында ибн-Халдун (1332—1406) зор еңбек сіңірді. Өзінің «Кіріспе» деген еңбегінде тарихи процестердің теориясы-на талдау, мұсылмандық тарихына шолу жасады. Мароккандық Маккари (1590—1632) «Андалусияның Коңыржай желі» деген еңбегінде арабтардың Пиреней жарты аралындағы үстемдігінің тарихын баяндайды. Тарихшы Мұхаммед ибн Ияс (1524 ж. өлген) «Ғасырлар оқиғаларына байланысты түстер ерекшелігі» («Бадан аз-зухур фи вакаи аз-духур») деген еңбегінде осман түріктерінің Египетті басып алып, алғашқы 6—7 жылдық билік жүргізуін ба-яндайды. Египетті түріктердің жаулап алу тарихын («Фатх Мыср») ибн Зунбул ар-Раммал да (1553 ж. өлген) жазды.ХVІ ғасырда араб елдерінде кітап басу ісі қолға алына баста-ды. Ең алғашқы баспахананы 1519 ж. Алеппо қаласында еврейлер ашты. 1605 ж. еврейлер баспаханасы Дамаскіде де ашылды. 1610 ж. Казхайяда (Ливан) Римнен əкелінген баспа станогінде сирия тілінде дұғалар басылып шықты.Бұл кездегі сəулет өнерінің ескерткіштерінің қатарына Дамаскі-дегі Теккис, Дервишие, Синание мешіттерін жатқызуға болады. Олар фаянспен өте əсем безендірлген. Сондай-ақ Фахр-ад-диннің тұсында зəулім құрылыстар Бейрутте де салынды.
3.1958 жылы құрылған Біріккен Араб Республикасының тұңғыш президенті
Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида – Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Арабия түбегінің шығыс жағындағы мемлекет. Құрамына Әбу-Даби, Дубай, Шараджа, Фуджайра, Умм әл-Кайвайн, Әджман, Рас әл-Хайма әмірліктері кіреді. Жері – 83,6 мың км2. Астанасы – Әбу-Даби. Халқы – 4,4 млн. адам (2007). Арабтардан басқа үндіс, парсы, т.б. ұлттар тұрады. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Діні – ислам. Біріккен Араб Әмірлігі – федеративтік мемлекет. Оған енетін әрбір әмірлікте монархиялық билік қалыптасқан. Әмірліктерді басқаратын билеушілердің барлығы Жоғарғы Кеңес құрамына кіреді. Олар өз араларынан бес жыл мерзімге президент сайлайды. Федеративтік ұлттық кеңес (40 мүше) – парламент тәрізді кеңесші орган. Атқару билігін Министрлер Кеңесі жүргізеді. Біріккен Араб Әмірлігінің жері Парсы шығанағының оңтүстік жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. Жағалауы ойпат, көптеген ұсақ аралдарды қамтиды. Жері шөлді, ойпатты жазық болып келеді. Климаты құрғақ тропиктік. Қаңтар айында ауа райының орташа температурасы 20ӘС шамасында, шілдеде 30 – 35ӘС-қа (кейде 50ӘС-қа) дейін барады. Жауын-шашын жылына: жазықтықта 100 – 150 мм, таулы аймағында 300 – 400 мм. Тұрақты өзендері жоқ. Шұраттарда жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі. Қазіргі Біріккен Араб Әмірлігінің жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғасырдан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты. Бұл өңірге үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі күрес жүргізіп келді. 18 ғасырда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағында жүк тасымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір сүру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі-жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғасырдың басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 ж. жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1971 ж. екінші желтоқсанда тәуелсіз Біріккен Араб Әмірлігі құрылды. Біріккен Араб Әмірлігі Араб мемлекеттерінің лигасына, БҰҰ-на мүше. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 ж. таныды. Біріккен Араб Әмірлігі ұлттық табысы жағынан жан басына шаққанда дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі. Экономикасының негізі – мұнай мен газ қорлары. Мұнай өңдеу, мұнай-химия, металлургия (алюминий балқыту), цемент өндірістері дамып келеді. Қолөнер, балық аулау және маржан теру өндірістері де ұлғаюда. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Жерінің 0,3%-ы ғана өңделеді, оның 17,2%-ы суармалы жерлер. Шұраттарда құрма, жүзім, көкөніс, мақта, т.б. өсірілгенімен, тамақ өнімдері шет елдерден әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корей Республикасы, т.б.
ХХІ ғасырдың басынан діни дәстүрлер түрлі саяси мақсаттарға жету жолында жиі пайдаланып келеді. Қазіргі таңдағы ислам, мұсылман елдерінің сыртқы және ішкі саясаттарын жүзеге асыру барысында және саясаттарын анықтауда сүйенетін маңызды идеологиялық факторға айналды. Мұндай үрдістер әсіресе араб мемлекеттерінің ұстанымдарынан, сыртқы және ішкі саясаттарының ерекшеліктерінен айқын көрінеді.
Қазіргі таңдағы араб елдері – бұл Солтүстік Африка және Батыс Азия территорияларын қамтыған ортақ геосаяси, мәдени және діни кеңістік. Барлық 22 араб елдері – бұл халықаралық қатынастардағы айрықша рөлі бар, ерекше сыртқы саясаттары қалыптасқан, сыртқы саяси бағыттарының қалыптасуы және сыртқы саяси шешімдердің қабылдануымен ерекшеленетін мемлекеттер болып табылады. Араб елдерінде мұсылмандық ынтымақтастық тұжырымдамасына негізделген діни-саяси жүйе дамыған. Олар, әлемдік деңгейде осы тұрғыда өзіндік сыртқы саяси бағыт ұстанады.
ХХІ ғасыр бастауында, ислам және мұсылман қауымы қайта құруларды, өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Исламды ұстанып отырған елдердің демографиялық және қаржылық қарқыны, Парсы шығанағы елдерінің мұнай газ саласындағы жетекші рөлі, араб елдерінің сыртқы саяси шешімдерінің қабылдануындағы исламның рөлін жоғарғы деңгейге шығарып отыр. Бұл елдердегі мемлекеттік және әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы, олардың әкімшілік, әскери және өндірістік технологияларды қолайлы пайдалана білуі, араб елдерінің әлемнің қазіргі дамуындағы іргелі орталықтарының біріне айналдырып отыр. Барлық араб елдеріне, биліктің орталықтандырылуы, мемлекет басшысының кең өкілеттігі, патерналистік әлеуметтік саясат жүргізуге деген ұмтылыс, саяси жүйедегі армияның айрықша рөлі, діни қауымдық бірегейлік, исламның ішкі, сыртқы саяси бағыттағы күшті ықпалы тән.
Парсы Шығанағындағы араб монархияларының мұнай көзіне бай қолайлы жерге орналасуы, Египет сияқты мемлекеттің Суэц каналы арқылы теңіз сауда жолдарына бақылау жасауы, аталған мемлекеттердің халықаралық аренадағы рөлін арттыра түседі. Ал Палестина, Судан, Йемен, Ирак, Ливан сияқты мемлекеттердің территориялық-географиялық орналасу жағдайлары аймақтағы қақтығыстарға әкеліп соқтырып отыр.
Осы мәселелердің жиынтығы, араб елдерінің сыртқы саясатындағы ислам факторының рөлінің кейбір астарларын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, Таяу Шығыстағы қауіпсіздік және әріптестік мәселелерін зерттеу барысында және осы үрдістегі араб елдерінің рөлін анықтаудың өзектілігін арттыра түседі.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі араб әлемінің ерекшелігі – жетекші полюс мемлекеттің жоқтығы. Ресей шығыстанушысы Г.Г. Косач пікірінше, араб геосаяси кеңістігі «көп қабатты және көп құрылымды, ондағы орталық жетекші буынның орны анықталмаған. Сонымен қатар бұл кеңістік шартты түрде және тұрақсыз. Онда, өзара бәсекелестегі «күш орталықтары» қалыптасқан». Жетекші орталықтар ретінде Сауд Арабия, Египет елдерінің саяси ұмтылыстары байқалып келеді. Сонымен қатар, басқа да араб елдері Катар, Кувейт, Алжир маңызды халықаралық мәселелерді шешуде алдыңғы орынға шығуға талпынып отырғанын байқаймыз.
Араб қоғамында ислам дінінің айрықша орны бар. Дін қоғам және мемлекеттің барлық салаларын реттеуге араласып, сыртқы саяси бағыттарына да елеулі ықпалы бар факторға айналып отыр. Мысалы, Арабия жарты түбегінде орналасқан араб елдерінің ішінде Сауд Арабиясының экономикасына, сыртқы саясатына, әлеуметтік дамуына ықпал етіп, оның саясатын, мұсылман орталығына айналуын қамтамасыз етіп отырған фактор. Бұл мәселеде, ислам діні тиімді идеологиялық фактор ретінде қолданылады.
Араб елдерінің сыртқы саяси бағыттары, сыртқы саяси шешім қабылдау үдерістерін қарастыру барысында, мемлекеттердің конституцияларына шолу жасау маңызды. Араб елдерінің Конституцияларында негізінен басты мәселе, саяси жүйеге және оның құрамдас бөліктеріне, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктеріне және оның экономикадағы рөліне аударылған. Сыртқы саясат мәселелесі аталған мәселелер аясында ғана қарастырылады. Жалпы, араб елдерінің конституцияларында сыртқы саяси бағыттың тұрақтылығын және оны жүзеге асыру нысандарына байланысты мәселелер айқын көрсетілмеген. Сауд Арабиясы елінің Негізгі Заңы ретінде, елдің мемлекеттік, қоғамдық-экономикалық дамуын, мемлекеттік органдардың құрылымын, олардың қызметінің тәртібін реттейтін Құран және Шариғат заңдары алынған. 1992 жылы қабылданған «Билік жүйесінің негіздері» Заңының 1-бабында: «Сауд Арабия мәліктігі – егеменді араб мемлекеті. Оның діні – ислам, конституциясы – қасиетті Құран» деп жарияланады.
Сауд Арабия Сыртқы Істер Министрлігі- нің ресми сайтының «Сауд Арабия мәліктігінің сыртқы саясаты» бөлімінде: «Ислам елдің сыртқы саяси басымдықтарындағы ең маңызды фактор болып табылады» деп ерекшелейді. Осы бағыттағы елдің сыртқы саясатында, ислам елдеріндегі ұжымдық қауіпіздік идеялары, ислам мемлекеттеріне экономикалық көмек көрсету, ислам мәдени орталықтарын салу дәріптеле- ді. 1962 жылы Мұсылман әлемі Лигасының, ал 1969 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының құрылуындағы Сауд Арабия елінің жетекші рөлі бұл бағыттың дәлелі ретінде.
Катар мемлекетінің контитуциясында, елдің сыртқы саясатындағы ислам факторының рөлі айрықша бекітілген: «Мемлекет араб мемлекеттерімен ынтымақтастықты бекітуге ұмтылады, араб ұлтының бірлігін нығайтуға күш салып, ортақ мақсатқа жету үшін барлық күшін салады. Катар сыртқы саясаты барлық елдермен, оның ішінде ислам халықтары мен мемлекеттерімен достықты нығайтуға бағытталған». Конституцияның 7-бабында«Елдіңсыртқысаясатыхалықаралық бейбітшілік және қауіпсіздікті нығайту қағидатына негізделеді» деп бекітілген.
1996 жылы 6 қарашада Оман елінің сұлтаны Кабус бин Сайдтың №101 Жарлығымен елдің Негізгі заңы бекітілді. Оман сұлтанатының Негізгі заңының 1-бабы бойынша Оман елі араб ислам тәуелсіз елі болып жарияланады.
Соңғы жылдардағы Оман сыртқы саясаты негізінен үш мәселе төңірегінде шоғырланған:
Парсы Шығанағы аймағындағы қауіпсіздікті сақтау;
Араб-Израиль қақтығысы;
Қауіпсіздіктің ғаламдық қауіп-қатерлері.
Біріккен Араб әмірліктерінің сыртқы саясатында араб халқының бірлігі, оның ішінде Палестина мәселесі ерекше орынға ие. 1973 жылы Палестина мәселесіне қатысты мұнайға эмбарго жариялау кезінде БАЭ Президенті Шейх Зади «араб мұнайы, араб халқының қанынан артық емес», деп мәлімдеген. Сонымен қатар, БАЭ 1979 жылы Египет Президенті Анвар Садаттың Израильге ресми сапарына байланысты Каирмен дипломатиялық қарым-қатынастарын үзген.
Ислам әлемінің жетекші орталығына айналуға ұмтылып отырған Египет елінің конституциясында елдің қоғамдық дамуындағы исламның ерекше рөлі айрықшаланады. 1980 жылы Египет Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша конституцияның 2-бабында: «Исламмемлекеттік дін. Ислам құқығының қағидаттары заңнаманың ең басты қайнар көзі» деп берілген.
Барлық араб елдерінің конституцияларының кіріспесінде, елдердің сыртқы саясатында бейбітсүйгіш саясат ұстанып, бейбіт өмір сүру қағидатын ұстанатын халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылуы дәріптеледі.
Мысалы Йемен елінің конституциясында, елдің сыртқы саясаты БҰҰ Жарғысына, Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясына, Араб елдері Лигасының Жарғысына және халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларына бағытталатыны жазылған. Йемен Республикасының Конституциясының 1-бабында «Йемен араб ислам мемлекеті, біртұтас, мызғымас ел болып табылады, араб және ислам халқының бөлігі» деп жазылған.
Бірқатар араб елдерінің конституциясында елдердің тәуелсіздік жолындағы күресі, отаршылдық жүйенің күйреуі мәселесі кіріспе бөлімдерінде қарастырылып, егемендіктің ерекше орны айқындалады. Мысалы, Алжирдің конституциясының кіріспесінде: «Елдің тарихы – бұл тәуелсіздік үшін күрестің ұзақ жолы» деп берілген.
Сыртқы саяси бағытқа қатысты мәселеде Сирия мемлекетінің конституциясының кіріспесінде: «Араб халқының сионизм және империализмге қарсы күресте бірігуі қажет» деп берілген. 1973 жылы қабылданған Сирия конституциясындағы сионизм және империализм ұғымы анахронизм болып саналғанымен, қазіргі таңдағы Сирия мәселесіне қатысты ұстанымдар, 1967 жылы Израиль басып алған Голан жоталары мәселесі, Сирия сыртқы саяси бағыттарында әлі күнге дейін батыс әлеміне қатысты тұжырымдарды ұстанатындығы белгілі.
Таяу Шығыс елдерінің бірегейлік мәселесінің тағы бір ерекшелігі, мемлекеттер өздерін араб ұлтының ажырамас бөлігі ретінде санауы және ортақ өркениеттікті, тарихи ортақтықты, тілдік және мәдени ұқсастықты дәріптеуі болып табылады. Мемлекеттер араб бірлігіне ерекше назар аударып, конституцияларында бұл мәселе бекітілген. Мысалы, Египеттің негізгі заңында:
«Египет халқы араб ұлтының бөлігі болып табылады және ол оның біртұтастығын қалайды». Сауд Арабия елінің сыртқы саясатында араб ұлтшылдығы және ислам арасындағы тығыз байланыс маңызды болып табылады және мәліктік сыртқы саясатының басты қағидаттары ретінде, араб бірлігін қолдау қажеттіліктері, араб елдеріндегі қақтығыстарды және араб бірлігіне қауіп төндіретін мәселелерді реттеуге күш салатындығы анықталады.
Араб елдерінің сыртқы саясатында ислам факторымен қатар, араб ұлтшылдығына да ерекше ден қойылған. Жалпы араб ұлтшылдығы («аль-каумийя аль-арабийя») идеялық ағым ретінде ХХ ғасырдың басында, араб ағартушылығы шеңберінде қалыптасқан. Араб ұлтшылдығының негізін салушы ойшылдар, Бутрус аль-Бустани, Рифаа Рафи ат-Тахтави, Зейдан Джирджи ж.т.б. кезеңінде «халық» («аш-шааб»), Отан («аль-ватан») және арабтық («аль-уруба») түсініктерінің негізі қаланған. Бұл ұғым Насер билігі барысында ерекше сипатқа ие болып, осы кезеңде Египет елі, араб халқының бірлігі негізінде араб әлемінің жетекші полюсі рөліне ие болғысы келген. Мұның жарқын көрінісі 1958 жылғы Египет және Сирияны біріктірген Біріккен Араб Республикасының құрылуы болып табылады. Араб социализмін негіздеуде Г.А. Насер, исламды сыртқы саясаттың негізгі құралына айналдырған. Египет және Сауд Арабия арасындағы бақталастықта ислам жетекші орынға ие болған, өйткені король Фейсал Насердің арабтық социализм идеясын айыптап, оның орнына панисламизм идеясын ұсынды. Сауд Арабиялық үлемдер социализмді айыптаған пәтуа жариялаған кезде, Г.А. Насер ықпалымен египеттік үлемдер қарсы пәтуа жариялады. Г.А. Насер араб социализмін исламға негіздеп, «ислам – социализмге бағытталған алғашқы дін. Сондықтан да Египет социализмі исламға негізделеді» деп жариялады. Жалпы, Египет үкіметі Насер кезінде ислам факторын өздерінің ішкі және сыртқы саясаттарын айқындауда кеңінен пайдаланған.
1967 жылы араб-еврей соғысындағы жеңілістен кейін араб социализмі, панарабизм идеясының Насерлік нұсқасы өз өзектілігін жоғалтты. ХХ ғасыр қойнауында, араб бірегейлігі мәселесі панарабизм саясатының көрінісі болып табылса, қазіргі таңда панарабизм идеологиясы өзінің ықпалын жоғалта бастаған. Дегенмен, араб бірлігінің идеясы араб қоғамының басты мәселесі ретінде қалып отыр. Институционалдық құрылымда араб бірлігі – барлық араб елдері мүше болып табылатын, араб мемлекеттерінің Лигасы қызметінен көрініс табады. Араб дипломаттары барлық аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша кеңестер өткізіп, өз қызметтерін үйлестірумен айналысып отыр. Қазіргі таңда арабұлтшылдығы панисламизммен ұштасып жаңа нысанға ие бола бастады. Нәтижесінде исламдық және арабтық умма синтезі қалыптасып, саяси фразеологияға айналды.
Араб әлемінің түрлі субаймақтарының елдері үшін аймақтық бірегейлік мәселесі тән. Солтүстік Африка елдері өздерін Мағрибке (араб батысы) жатқызып, араб әлемінен басқа Африкалық кеңістік арқылы өз бірегейліктерін қарастырады. Осының нәтижесі ретінде 1989 жылы, құрамына Алжир, Ливия, Мавритания, Марокко, Тунис кірген арабтық Мағриб Одағы құрылған.
Арабия жарты түбегінің елдері үшін Парсы Шығанағы елдерінің бірлігі маңызды болып табылады. Парсы Шығанағы жағалауындағы мемлекеттер географиялық, тарихи бірегейлігінің негізінде саяси және экономикалық жүйелерінде де ұқсас үрдістерді дамытып отыр. Мұның жалғасы ретінде 1981 жылы құрамына Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабия мемлекеттері кіретін Парсы Шығанағы мемлекеттерінің ынтымақтастық Кеңесі құрылған.
Араб елдерінің барлығында дерлік сыртқы саяси шешімдерді қабылдаудағы мемлекет басшысының рөлі айрықша. Ол халықаралық шарттар және келісімдерге қол қояды, халықаралық ұйымдардағы өкілдіктерді бекітеді. Араб елдеріндегі министрлер кабинеті арқылы сыртқы істер министрліктерінің қызметі реттеледі.
Араб елдерінің дипломатиялық қызметі ХХ ғасырдың басында Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде күйрегенінен кейін ғана қалыптаса бастаған. Барлық араб елдерінің ішінде, сыртқы саяси ведомствалар байырғыдан қалыптасқан Египет мемлекеті ғана. Египет Сыртқы істер министрлігі Хедив Мухаммед-Али (1805-1849) билігі кезеңінде құрылған. Бұл министрлік Египет мемлекетінің сыртқы экономикалық қызметімен айналысқан. 1878 жылы елдің сыртқы саяси мекемесін еуропалық кабинет басқарған. 1922 жылы Египеттің Сыртқы істер министрлігі қызметі қалпына келтіріліп, мемлекет басқа да елдермен дипломатиялық байланыстарын орната бастады.
Жекелеген араб елдерінің сыртқы саясатында ұлттық бірегейлік мәселесі де ерекше рөл атқарады. Мысалы, Египет елінде өздерін өркениеттердің ірі ошағы ретінде Египет елімен байланыстырып, Таяу Шығыстағы елдің тарихы мен рөлінің ерекшелігі дәріптеледі. 2002 жылы Иордания Королі Абдалла ІІ билік басына келгеннен кейін, «Ең алдымен Иордания» ұранын көтерген иордандық тұжырым алдыңғы қатарға шыққан. Оның негізгі міндеттері – иордандық бірегейлікті бекімдеу. Бұл мәселе елдегі халықтың санының көп мөлшерін палестиналықтардың құрауына байланысты көтеріліп отыр, яғни жергілікті шығыс иордандықтар мен палестиналықтар арасындағы алшақтықты нақтылау болып табылады.
Араб елдерінің сыртқы саяси үдерістеріне ықпал етуші маңызды факторлардың бірі ретінде, дәстүрлі араб қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымдарының элементтері: билік басындағы әулеттер, тайпалар, рулар ықпалын да қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет