Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


ХІХ ғасыр – ХХI ғасырдың басындағы Ресей



бет32/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
358544 8

3. ХІХ ғасыр – ХХI ғасырдың басындағы Ресей
ХІХ екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Орталық Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың да, ағартушылығы мəселесіне қатысты орын алған тарихи құбылыстар мен оқиғалардың астарын терең түсініп, дұрыс пайымдауда мəдени-тарихи тұжырымдамасының орны ерекше. Бұл тұжырымдамаға сəйкес əлеуметтік-мəдени, психологиялық, этникалық факторлардың өзара ықпалдастығына, олардың қоғамдық дамудағы орнына жəне Орталық Азия халықтарының ағартушылықтағы өзара байланыстарының өрбуіне əсері-деңгейіне назар аударылады. Сонымен қатар бұл тұжырымдамада Орталық Азия халықтарының бірегей өркениет өкілдері екені жəне кез келген өркениеттің əлеуметтік-мəдени құрылым ретінде өзіндік рухани, ел билеу, тіршілік ету, адамдар арасындағы өзара қатынас, ел аралық байланыс мəдениетіне ие болатыны ескеріледі. Бірақ бұл əлемдік-тарихи тұжырымдамасы екі халық арасындағы байланыстарды ашып көрсетуде дəрменсіз дегенді білдірмейді. Əлемдік-тарихи тұжырымдамасының арнасында Орталық Азия халықтары арасындағы байланыстар желісін əлемдік тарихтың, Шығыс əлемі, Ислам əлемі тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға жол ашыла түсетіндігінде назарда ұстаған абзал. Сондай-ақ бұл тұжырымдама Түркістан халықтарының ағартушылықтағы байланысының сипаты мен өрбу қарқынына əсер еткен сырт қы факторларды бағамдауға мүмкіндік береді. Өркениеттілік ұстаным тарихи зерттеулер методологиясының тарихилық принципімен-де үйлесімділік табады. Бұл принцип ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Германияда интеллектуалды, ағым ре тінде бой көрсетіп, кейіннен бүкіл Батысқа тарады. Сол кезде Берлин университетінің профессоры Леопальд фон Ранке тарихилық принципін жақтаушылардың ең ірі өкілі ретінде танылған-ды. Ол тарихшының басты міндеті өткен дəуірдің менталитетіне үңіліп, сол дəуірдің адамдары басқаша емес, неге дəл солай əрекет еткенін айқындауы керек, сонда тарихи шындық бұрмаланбайды деп санады. Оның ізбасарының бірі И. Г. Дройзен болса, бұл пікірді дамыта отырып, тарихилық принцип өткен дəуір туралы тура түсінік қалыптастырумен бірге қоғамның əрі қарай қандай жолмен жүру керектігіне бағыт бере алады, тарихи зерттеудегі қателік əйтеуір бір қоғам дамуына кері əсерін тигізбей қоймайды деген тұжырым жасаған болатын. И. Г. Дройзен осындай пікірі арқылы өзін өркениеттілік ұстанымды жақтайтынын жəне оны формациялық ұстанымға балама ретінде ұсынатынын байқатумен қатар, ол тарихтың басты мақсаты танымның тарихи заңдылықтары мен тарихи білім-деңгейін айқындау екенін көрсеткен еді. Тарихилық принципін жақтаушылар тарих тарихи сананы қалыпта тыратындығын негіздеді. Олар тарих ғылым ретінде тарихи сананы жаңғыртуға жəне өткен дəуірдегі тарихи оқиғалар мен құбылыстар жайлы түсінігіміздің шынайы болуына қызмет етуі тиіс деп есептеді. Сондай-ақ олар белгілі бір проблеманы зерттеу барысында өткен дəуір мен өз заманының айырмашылығын көре білу керектігін, объектіні қоршаған ортасынан бөліп алмай онымен контекстте қарастыру қажеттігін жəне тарихи құбылыс басқа оқиғалармен диалектикалық байланыста, əрі үрдіс ретінде көрсетілуі тиістігін қолдады. Ұсынылған осы қағидалар бойынша ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтар арасындағы халық ағарту ісінің ерекшеліктерін тарихи оқиғалармен тығыз байланыста қарастырып, оның өрбу ерекшелігін шынайы түрде көрсетуге мүмкіндік аламыз. Бұл ретте қазақтар арасындағы мұсылмандық мектептер мен медреселердің халық а білім берудегі рөлі, оған отарлық биліктің тосқауыл қою мақсатын да орыстандыру міндетін жүзеге асыратын орыс-түзем мектептерін ашуы, мұсылмандық білім беру ошақтарына жаңа серпін берген жəдидтік, ағымның қалыптасуы секілді үдерістерге назар аударылады. Сонымен қатар қазақтар арасындағы халық ағарту ісінде өзіндік орындары бар Ы.Алтынсарин, Н. И. Ильминский, Н. П. Остроумов, И.Гаспринский секілді т.б. қайраткерлердің тұлғалық келбетіне көңіл бөлінеді. Отарлық кезеңдегі халық ағарту ісі тарихын зерттеу барысында қазақтарға өзінің ағартушылық идеяларымен ықпал еткен өзге халықтардың да қайраткерлерінің ұстанымдарына да баға бере кеткен жөн. Мəселен, татар халқының Ш.Маржани, И.Гаспринский, өзбек халқының М.Бехбудий, Мүнауар Қари, қырғыз халқының И.Арабаев секілді қайраткерлерінің халық ағарту ісіне байланысты ұстанымдары басты назарда ұсталғаны жөн. Белгілі шығыстанушы Н. И. Конрад əр халықтың тарихы əрқашан да көршілерінің тарихымен тығыз байланыста болатындығын, мұндай байланыс аумақтық, өңірлік-деңгейде əрқашан да болатындығын негіздеп көрсеткен-ді. Халықтар арасындағы өзара, ағартушылыққа орай туындаған байланыстар үрдісі көптеген адамдар мен жеке тұлғалардың тағдырына жəне мүдделеріне əсер еткен оқиғалар мен құбылыстардың жиынтығы іспеттес. Оның өрбу қарқыны мен сипатына жеке тұлғалардың белгілі бір мүддені қорғау жолындағы əрекеттерімен қатар өзге бір көршілес елдердің саяси ұстанымдарындағы ерекшеліктер мен геосаяси ахуалдағы өзгерістер-де өз əсерін тигізбей қоймайды. Мұның өзінен халықтар арасындағы, ағартушылық байланыстар тарихын зерттеудің көп қырлы екені, аңғарыла түседі. Осындай жайтты ескере отырып, тарих методологиясын зерттеуші ғалым В. Ф. Коломийцев халықтар арасындағы қарым-қатынасқа орай қалыптасқан тұжырымдамалар мəселесіне байланысты жазылған еңбегінде əлемдік саясат жанжалдар мен ымырашылдықтың қосындысы екенін алға тартқан болатын. Ол халықтар арасынағы байланыстарды қарастыруға қатысты жанжалдар мен ынтымақтастық тұжырымдамалары барын атап көрсетеді. Бұл тұжырымдамалардың қарастырып отыр ған мəселеге, Орталық Азия халықтары арасында орын алған жанжалдар жəне өзара келісімдер мен ынтымақтастық жайттарын зерделеуге-де өзіндік қатысы бар. Алайда осы тұрғыда халықтар арасындағы қатынас ты қарастыруда ымыраға келушілікке, гуманистік саясатты қолдаушылыққа жəне өзара ынтымақтастыққа мəн беру жөніндегі тарих философиясын зерттеуші, немістің көрнекті ғалымы Э.Трёльчтің пікірінде ескерусіз қалдыруға болмайды. Осы қағидаларға сəйкес патшалық Ресейдің үстемдігі тұсында қазақтардың би лік орындары ашқан орыс-түзем мектептеріне бастапқыда қарсылық танытып, олар ға балаларын оқытуға бермеуге тырысуының астарын шынайы түсіндіруге болады. Сонымен қатар тоқыраушылыққа ұшырауға мұсылмандық білім беру орындарына туыстас татар халқы арасында ХІХ ғасырдың соңына қарай қалыптасқан жəдидтік жаңа серпін беруінің астары, аңғарыла түседі. Мұның өзін белгілі дəрежеде ынтымақтастық тұжырымдамасымен үйлесімділік табатын гуманизм тұжырымдамасының талаптарына сай келеді деуге болады. Бүгінгі таңда қоғамның, күллі ғаламның мүддесі үшін мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаттарында гуманизм идеяларын басшылыққа алу, халықтар арасындағы қарым-қатынаста гуманизм қағидаттарына жүгінуді жүзеге асыру маңызға ие. Гуманизм — адамгершілікті, адамға сүйіспеншілік идеясын білдіретін көзқарастар жүйесі ретінде адамзаттың еркіндігі мен теңдігін ардақтайды жəне əрбір жеке тұлғаның ар-намысын құрметтейді. Гуманизм тек дүниетанымдық тұжырымдама ғана емес, ол əрі экономикалық, əлеуметтік жəне қоғамдық-саяси қатынастарды қамтитын практикалық өмірдің үлкен бір бөлігі. Ол экономикалық, саяси жəне мəдени өмірдің тұтастығын, адамзат бұл дүниенің жоғары құндылығы екендігін дəріптейді. Тарихтан адамзат тəлім алғанда одан ең бастысы адамгершіліктің мəңгілік құндылытарына жетудің жолын, аңғаруы тиіс. Қазақтар арасында отарлық кезеңдегі халық ағарту ісі тарихын зерттегенде-де гуманизм принциптеріне назар аударылуы тиіс. Бұл ретте сол тұстағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің халық ағарту ісіне, əйел теңдігіне, дінге байланысты ой-пікірлері басты назарда ұсталғаны дұрыс. Сондай-ақ «Айқап» журналы мен «Қазақ" газеті беттерінде адамгершіліктің насихатталуына баса мəн беру керек. Тарихи білім саласына гуманистік мазмұн беру мəселесі тарихшылардың «Анналдар» мектебі өкілдеріне-де тəн еді. Бұл мектептің бастау көзінде тұрған француз ғалымдары — Л.Февр мен М.Блок тарихты қазіргі қоғам өмірімен байланыстыру, ғылыми айналымға бұрын қосылған деректерді жаңаша пайымдап оқу, зерттеулердің дəстүрлі емес əдістерін қолдану мəселелерін көтерді. Олар 1929 жылы негізін қалаған «Анналдар» атты басылым алғашқы санынан-ақ тарихты зерттеуді кең ауқымда жүргізуді, онда қоғамдық пəндер арасындағы байланысты нығайтуға үндеді. «Анналдар мектебінің" ғалымдары тарихтың мазмұндылығын арттыруға, «барлығын қамтитын (жаһандық) тарих» арнасында тарих ғылымының методологиясын жетілдіре түсуге ерекше мəн беріп, өткен дəуірлерді тарихи проблемалар түрінде қарастыруды, деректерге сыни тұрғыда қарауды ұсынып, салыстырмалы-тарихи əдісті зерттеулердегі нəтижелі əдіс ретінде санады. «Анналдар» мектебі өкілдерінің ұстанымы ХІХ ғасырдың ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтар арасындағы, ағартушылықтың өрбуіне, білім беру ісінің ерекшеліктерін проблема ретінде қарастырылуына, оның мазмұндылығының артуына, бұрындары бұрмаланып түсіндіріліп келген оқиғалар мен құбылыстардың шынайы тұрғыда жазылуына кең жол аша түседі. Ғылыми таным методологиясын зерттеуші ғалымдар деректік материалдарға негізделген дəйектемені жасалған тұжырымдарға көз жеткізудің методологиясы ретінде қарастыруды ұсынуда. Сондай-ақ олар дəйектеменің фактілік (айғақтық) жəне логикалық аспектілері белгілі бір тұжырымдама бойынша жасалған тұжырымның сенімділік көрсеткіші деп санайды. Осындай пікір негізінде отарлық дəуірдегі қазақ халқы арасындағы білім беру ісі тарихына қатысты тың деректік мəліметті жаңа тұжырымдар жасауға алып келеді деп те есептеуге болады. Ол үшін мұрағаттық құжаттар мен басылымдардың материалдарымен қатар, Түркістан өлкесі халықтарының ауыз əдебиеті үлгілерінде жəне сол тарихи кезеңнің куəгерлері қалдырған қол жазбаларда сақталып қалған мəліметтерді кең көлемде ғылыми айналымға тартқан абзал. Осындай шара жүзеге асырылған жағдайда ғана патшалық Ресейдің үстемдігі жағдайындағы халық ағарту ісінің тарихын жазу дəйекті болмақ. Жалпы қорыта айтқанда, қазақ халқының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы халық ағарту ісінің өрбуін ғылыми айналымға деректерді талдай отырып, молынан енгізу арқылы, ол үдерісті өркениеттілік ұстаным мен тарихилық принципі негізінде, сондай-ақ гуманизм, ынтымақтастық жəне мəдени-тарихи тұжырымдамалары тұрғысынан қарастырудың маңызы зор деуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет