Білім беру бағдарламасы «Дін негіздері»



Дата03.12.2023
өлшемі20,94 Kb.
#133703
түріБілім беру бағдарламасы

Ф-ӘД-001/078

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ



ДІНТАНУ КАФЕДРАСЫ


«Бекітемін»
Факультет деканы
Д.Кенжетаев _______
«____» ______ 20___ж.
6В02228-Дінтану білім беру бағдарламасы


«Дін негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары


1-деңгейлі сұрақ



  1. Дінді зерттейтін ғылым cаласына анықтама беріңіз

  2. Дін негіздері пәнінің анықтамасын жазыңыз

  3. Дін сөзіне анықтама беріңіз.

  4. Дін анықтамаларын сипаттап жазыңыз.

  5. Діннің қоғамдағы әлеуметтік қызметтерін көрсетіңіз.

  6. Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдерін атаңыз.

  7. Діндер классификациясын жазыңыз.

  8. Діннің негізгі құрамдас бөліктерін атап көрсетіңіз

  9. Ежелгі өркениет діндерін атап көрсетіңіз.

  10. Сикхы дінінің ерекшелігін сипаттаңыз.

  11. Иудейлік дінінің тарихи даму кезеңдерін сипаттап жазыңыз.

  12. Иудейлік дініндегі ғибадаттарды көрсетіңіз.

  13. Қытай діні және олардың ерекшелігін атап көрсетіңіз.

  14. Жапондардың ұлттық дінін сипаттап жазыңыз.

  15. Иран діндерін атап шығыңыз.

  16. Иран діндерінің ерекшеліктерін атап айтыңыз.

  17. Будда діні жайынға мағлұмат беріңіз.

  18. Монғолия, Бурятия мен Туваға таралған буддизм ағымын сипаттап жазыңыз.

  19. Христиан дінінің пайда болуын жазыңыз.

  20. Христиан дінінің негізін салушы тұлға жайында айтыңыз.

2-деңгейлі сұрақ



  1. Христиан діні қасиетті жазбаларын атаңыз.

  2. Христиандықтың қалыптасуын сипаттап жазыңыз.

  3. Христиан үш тармаққа бөліну себебін көрсетіңіз.

  4. Христиан жеті құпия рәсімін атаңыз.

  5. Христиан дінінің үлкен екі тармаққа бөлінген уақытын атаңыз.

  6. Дербес православ шіркеулерін атап шығыңыз.

  7. Католиктерде Библия қай тілде оқылатындығын көрсетіңіз.

  8. Тарихи даму барысында Қазақстан аумағында таралған діндерді атаңыз.

  9. Орта ғасырларда түркі халықтары арасында таралған христиан дінінің ағымын атаңыз және сипаттап жазыңыз.

  10. Қазақстан территориясында исламды ресми мойындаған мемлекетті атаңыз.

  11. Түркілік суфизм діни ілімін қалыптастырған дін ғұламасын атаңыз.

  12. Ислам дінінің келуімен Орталық Азияда Мұхаммед пайғамбар ұрпақтары ретінде қалыптасқан әлеуметтік топты атап, сипаттаңыз.

  13. Діни сенім бостандығына анықтама беріңіз.

  14. Қазақстанда дәстүрлі сипатқа ие екі дінді атаңыз.

  15. Қазақстандағы діни жағдайдың ерекшелігін сипаттаңыз.

  16. Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі емес діни қозғалыстарды көрсетіңіз.

  17. Діндер классификациялаудың негізгі принциптерін көрсетіңіз.

  18. Дінді материалистік-атейстік тұрғыдан қарастыратын тұжырымдамаларды түсіндіріңіз

  19. Діннің шығу тегіне қатысты тұжырымдамалардың айырмашылығын көрсетіңіз.

  20. Дінді зерттейтін дінтану және теология ғылымдарының айырмашылығын түсіндіріңіз.

3-деңгейлі сұрақ



  1. Дінді дінтанулық және теологиялық тұрғыдан айырмашылығын түсіндіріңіз.

  2. Діндерді сенім ерекшелігіне, аймақтарға таралуына, шығу тегін негізге ала отырып топтастырыңыз.

  3. Діни сенім мен діни ғұрыптың мәніне талдау жасаңыз.

  4. Діндерді исламдық тұрғыдан классификациялаудың ерекшелігін түсіндіріңіз.

  5. Алғашқы қауымдық діни сенім түрлеріне тән ерекшеліктерді түсіндіріңіз.

  6. Фетиш, тотем, анимизм, магия және шамандықты салыстырмалы талдап, мәнін ашыңыз.

  7. Ежелгі өркениет діндеріне ортақ ерекшеліктерді анықтаңыз.

  8. Үнді дініндегі карма, мокша, бхакти, сансара категорияларының және каста жүйесінің мәнін түсіндіріңіз.

  9. Үнді діни рәсімдері мен мерекелерінің мәнін ашып түсіндіріңіз.

  10. Үнді және будда діндеріндегі ахимса және қазіргі кездегі вегетериандық қағидаларының өзара байланысын табыңыз

  11. Иудейлік дінінің негіздерін талдап көрсетіңіз.

  12. Иудейлік діні сенімдерінің негізін анықтап, талдап түсіндіріңіз

  13. Конфуциандық діни-этикалық ілімі мен Дао дінін салыстырмалы талдап, айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

  14. Иран діндерінің діні пайда болуы, дамуы және олардың ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

  15. Зорастризм дініндегі оттың қасиеттілігі мен қазіргі секулярлы мәдениеттегі мәңгілік алау арасындағы өзарабайланысты табыңыз.

  16. Зорастризм дініндегі рәсімдер мен ғұрыптардың айырмашылығын көрсетіңіз.

  17. Будданың тарихи және аңыздық өмір жолының айырмашылықтарын талдап, түсіндіріңіз.

  18. Буддизм ағымдарының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

  19. Буддизм дінінің дүние түсінігін ашыңыз.

  20. Иса өмірі туралы христиандық, исламдық және дінтанулық көзқарастардың айырмашылықтарын табыңыз және оның себептерін түсіндіріңіз.

Құрастырған: доцент Қ.Дәуренқұлов


«Дін негіздері» пәні бойынша емтихан сұрақтары кафедраның № __ «___» _______ 20___ж. мәжілісінде талқыланды.


Кафедра меңгерушісі: PhD Д.Шәуенов


Факультеттің оқу-әдістемелік комитетінде қаралып, мақұлданды.
Факультет оқу-әдістемелік комитет төрағасы _______ Л.Адиева

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет