Тапсырма. 1-қадам. Мәтіндерге салыстырмалы талдау(тақырыптық-идеялық, стилистикалық-композициялық, тілдік-эстетикалық тұрғыдан) жасаңыз.
2-қадам. Мәтіндерге талдау жасау тапсырмасын жекелеген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бейімдеп ұсыныңыз.
Бөлім: Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма
Тақырыбы: Ұлттық мәдениеттің жаһандану үрдісі
Оқу мақсаты: 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
Қазақстан әртістері Бейжіңде өнер көрсетті Концерттік бағдарламаны Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі «Көңіл ашар» күйімен ашты.
Қазақтың дәстүрлі аспаптары мен ұлттық әуендерінің үйлесімділігі көрермендерді көшпенді дала халқының ежелгі әрі жұмбақ әлеміне жетеледі. Екі жарым сағат ішін де фольклорлық туындылар классикаға ауысып, «Астана балет» би ұжымының балериналары көрермендерді «Аққу», «Қарлығаш» сияқты билерімен тәнті етті. Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Тілеухан қытайлықтарға «Сарыарқа» мен «Ақтамбердінің толғауын» орындады. Алыс-жақын мемлекеттерде Қазақстан мәдениеті күндері өткізіліп тұрады. (ҚазАқпарат)
Қазақстандағы мәдени жаһандану Мәдени жаһандану үрдісін жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен де көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту мен байланысты жүріп жатыр. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе: жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру керек. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы, көшпенді халық емес. ХХ ғасыр да саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда халықтың қажырлылығының арқасында бұрынғы салт-дәстүрлер сақталып келеді.
(М.Оспанғалиева)