Мәтіндергесалыстырмалы талдау жасау 1-қадам.Мәтіндерге тақырыптық-идеялық жағынан талдау жасаңыздар.
2-қадам. Жекелеген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырманы бейімдеп ұсыныңыз.
Оқу мақсаты:10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.
Мәтінге тілдік-эстетикалық тұрғыдан талдау жүргізу
тілдік қолданыстар
интонация
сөз тіркестері
сөйлем құрылымы
абзацаралық байланыс
А мәтіні Роботтар сайлау науқанының көрігін қыздырды
Алдағы келе жатқан халық қалаулыларын сайлау науқанына орай Алматының Арбатында ерекше акция өтті. Халықаралық ІТ университетінің студенттері жасаған роботтар қала тұрғындарын сайлауға шақырды.
Роботтарды құрастырған студенттер оларға «Шолпан» және «Арман» деген атау берген. Олар Арбат маңынан өтіп бара жатқандарды алдағы сайлау науқаны туралы құлақтандырды. Ал студенттер Segway-мен көше бойын аралап, сайлауға шақыру қағаздарын таратты. Роботтар алматылықтардың ерекше қызығушылығын тудырғанын айта кету керек. Олардың қасына жақын келіп, суретке түскісі келгендердің қатары көп болды.
Айтпақшы, роботтар таратқан шақыру қағаздарында тұрғындардың сайлау учаскелері туралы ақпарат алуына мүмкіндік беретін QR-код жапсырылған. Бұл туралы шараның ұйымдастырушысы, «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының өкілі Диана Оспанова мәлімдеді. «Бүгін біз әкімдіктің қолдауымен алматылықтарды тағы бір мәрте таңғалдыруға шешім қабылдадық. Қаланың әр бөлігінде мобильдік топтар Segway-мен өтіп бара жатқандарға шақырту таратып жүр. Сонымен қатар бұл акцияға роботтар белсенді араласты. Көріп тұрғандарыңыздай, алматылықтар таңғалысып, күлімдеп біздің «Шолпан» мен «Арманнан» шақыртуларды алып жатыр. Айтпақшы, таратылып жатқан шақыртуларда арнайы QR-код бар. Смартфоны бар кез келген адам еш қиналмастан ЖСН арқылы өзінің сайлау учаскесі туралы толық мағлұмат беретін сайтқа кіре алады», – деді Д. Оспанова.
https://turkystan.kz/article/2646-robottar-sajlau-naukanynyn-corigin-kyzdyrdy/