Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022



бет75/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

8-күн
1-сабақ
Тапсырма
1-топ.
1-қадам. Мәтінге қарапайым жоспар құрыңыз;
2-қадам.Оқушыларға мәтінге қарапайым жоспар құру тапсырмасын әзірлеңіз;
3-қадам: Жоспар құрудың қадамдық нұсқаулығын ұсыныңыз.
Тапсырманы орындау уақыты: 10 минут. Топта ой бөлісу уақыты: 2 минут.
Кері байланыс: 2 минут
Бөлім: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
Оқу мақсаты: 5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.


Сөз өнерінің ақпараттық табиғаты

Кез келген рухани немесе материалдық құндылықтардың алғышарттары ой-сана таразысында пісіп жетілгенімен оның өмірге келіп, адамзат кəдесіне жарауы сөз (тіл) арқылы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманат, жəдігер болып қалатындығы белгілі.


«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би», деген халық даналығы бекерге айтылмаса керек.
«Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», деп сөз қадірін ертеден түйсінген халқымыздың өмір сүру философиясының түп төркіні де сөзбен, тілмен байланысты дамыған.
Қазақтың кең байтақ даласында тіл тұтастығының сақталуы да көшпелі жұрттың сөз өнеріне деген өзіндік ықыласын танытса керек. Алтай таулары мен Маңғыстаудың қойнауында қоныстанған қазақтың тілі де, ділі де, діні де ортақ. Əрине, тілде аздаған диалект болуы мүмкін, бірақ ол жалпы тұтастыққа ешқандай нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Атшаптырым аймақта қоныстанған көптеген ұлт-ұлыстар бір-бірін тілмашсыз түсіне алмайтын жағдайлар болады. Еуропаның бес бірдей мемлекеті сиып кетердей аумақта отырған қазақ халқының ұлттық болмыс, нақыш бояуларының ғасырлар бойы өз сипатын жоғалтпай тұтастығын сақтауы таң қаларлық құбылыс. (163 сөз)


2-топ.
1-қадам. Мәтінге күрделі жоспар құрыңыз;
2-қадам. Оқушыларға мәтінге күрделі жоспар құру тапсырмасын әзірлеңіз;
3-қадам: Жоспар құрудың қадамдық нұсқаулығын ұсыныңыз.
Тапсырманы орындау уақыты: 10 минут. Топта ой бөлісу уақыты: 2 минут.
Кері байланыс: 2 минут




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет