Ә мәтіні Фантастикалық көркем әдебиет – негізінен, ойдан туындайтын, ғылым немесе техниканың қоғамға, яки жекеге ықпалын суреттейтін, баяндайтын нысанасы беймәлім өңірдегі қияли әдеби мәтіндер. «Фантастика» ұғымының өзі де қиялдану өнерін меңзейді.
«Ғылыми фантастика — әдебиеттің перзенті. Демек, оны оқыған адам ғылыми мәлімет, фантастикалық қуат алуы және ғылымдағы тенденцияны аңғарумен қатар, эстетикалық ләззат алуы тиіс. Жазылған дүниенің қажетті компоненттері жетпей де қалмай, асып та кетпейтіндей дәрежеде болғанда ғана рухани ләззат та, ғылыми таным да алуға болады» [1], — деп атап көрсеткен А.- Х.Ф. Мархабаевтың қазақ фантастикасының қалыптасуына қосқан үлесі қалың оқырманға кеңінен таныс, ал оның фантастика жанрының пайда болуы, көтерген тақырыбын зерттеген монографиясы постсоветтік кеңістікте осы тұрғыдағы алғашқы еңбектердің бірі екені белгілі. (105 сөз)
https://articlekz.com/kk/article/16166
Тапсырма Ұсынылған оқу мақсатына сай пікірталас мәтініндегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау тапсырмасын әзірлеу жолын ұсыныңыз. Тапсырмада оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыру стратегияларын қолданыңыз.
Таңдалған стратегиялардың тиімділігін «Бес сөйлем» әдісі арқылы дәлелдеңіз.
Бөлім: Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма Оқу мақсаты: 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау.
6-күн 1,2-сабақ
Практикалық тапсырма. 1-қадам: Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі лирикалық кейіпкердің бейнесі, өлеңдегі «Мен» тұрпаты бойынша талдау жасаңыздар. Талдау қадамдары: 1) көркем бейне;
2) шындықты көркемдік тұрғыдан тану;
3) ақынның мақсат-мүддесі;
4) шығармадағы ақынның сезімі, ой-толғанысы;
5) ақынның мінез болмысы.