Жобаның мақсатын баяндау (Біздің жобамыздың мақсаты ... жасау) /әзірлеу/ зерттеу/ ... туралы білімді кеңейту сөздерімен бастаңыз).
Жобаның міндеттерін атау (мақсатқа жету үшін қандай әрекеттер жасалды; Біздің жобамыздың міндеті -... ұйымдастыру/әзірлеу/өткізу/табу/жасау деген сөздермен бастаңыз).
Жобаның мазмұнын ашу.
Қорытынды жасау (Мен мақсатымызға жеттік деп санаймын, өйткені ....).
Өз жұмысыңызды бағалау (Мен біздің жобамыз ... балл деген бағаға лайық деп санаймын).
Дүниежүзі халықтарының жіктелуі Халық немесе этнос - белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан, өкілдері бір тілде сөйлейтін, өзіндік сана-сезімі бар, ортақ тарихы мен мәдениеті бар адамдардың тұрақты қауымдастығы. «Халық» термині кең мағынада қолданылады, мысалы, адамдар тобы ретінде қалыптасқан халық. «Этнос» термині ежелгі грек тіліндегі «халық/ тайпа» деген сөзден шыққан және нақтырақ мағынада қолданылады.
Этностың басты белгілерінің бірі тіл болып табылады. Этникалық топты анықтаудың бұдан басқа маңызды белгілеріне халықтың әдет-ғұрпы, дәстүрлері мен өмір салты жатады. Этникалық топты анықтауда оның ұлттық сана-сезімі немесе халықтың бірлігі, өзінің басқалардан ерекшелігін сезінуі маңызды рөл атқарады.
Әлем халықтарының саны әртүрлі. Жер бетіндегі саны жағынан ең көп этнос – қытайлар (хань халқының атауы). Хань халқының саны 1300 миллионнан асады. Халық саны бойынша әлемде екінші орында арабтар тұр (330-340 миллионнан астам адам). Хань халқының негізгі бөлігі Қытайда тұрады, ал араб этносының өкілдері әлемнің көптеген елдерінде тұрады. Әлемдегі үшінші үлкен мемлекет - Америка Құрама Штаттары, оның халқының саны 320 миллионнан асады.
Елдерде тұратын этностардың саны бойынша оларды бірұлтты, екіұлтты және көпұлтты деп бөлу қалыптасқан. Көпұлтты елдерге Ресей, Үндістан, Швейцария және т.б. елдер жатады. Италия, Дания, Португалия сияқты елдер бірұлтты болып табылады.
Этностың маңызды ерекшелігі тіл болып табылады. Жер планетасындағы тілдердің саны 5 мыңнан асады. Әлемдегі тілдер тілдік семьяларға жіктеледі.
Тілдік семьябір ортақ немесе ана тілі арқылы байланысқан тілдер тобын біріктіреді. Тілдік семьяның құрылымы ағашқа ұқсайды: оның «діңгегі» болып табылатын ана тілінен «бұтақтар» сияқты бір-бірімен туыстас, бірақ дербес тілдер бөлініп шығып, тарайды. Тілдік семья топтарға бөлінеді (үлкен бұтақтар). Мысалы, үндіеуропалық тілдік семья құрамында славян тобы, герман, роман, грек топтары бар. Бұл топтардағы халықтардың тарихи мекені Еуропа елдері. Топтар халық саны және тілдері жағынан ерекшеленеді, мысалы, герман тобында Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Африкада және т.б. өмір сүретін оннан астам халық бар. Ал грек тобына – гректер, албан тобына албан халқы кіреді.
Әлемдегі тілдердің саны өте көп, ал әлем халқының шамамен ⅔ бөлігі 12 тілде сөйлейді.
*ұсынымдық сипатқа ие, өйткені педагогикалық әдебиеттегі жоба кезеңдері әртүрлі, сондықтан мұғалім сыныптың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, кезеңдерін өзі белгілейді ** ресурстарды таңдау оқу мақсатына сәйкес келуі керек, ұсынылған мәтін шағын жоба деген не екенін білу және түсіну үшін ұсынымдық сипатта болады