Білім беру бағдарламасы жұмыс дәптері нур-Султан, 2021 ж. Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



бет36/48
Дата02.03.2023
өлшемі1,39 Mb.
#71226
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
Жұмыс дәптері География

Тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.


2019 жылы Суэц каналының 150 жылдығы атап өтілді. Бұл бірегей гидротехникалық құрылым Еуропаны, Африканы, Азияны біріктіреді, сондықтан дүние жүзіндегі жүк айналымы мен теңіз қажеттіліктерінің едәуір бөлігі үшін көлік қызметін ұсынады.
Суэц каналының Египет үшін маңызы өте зор, өйткені каналды пайдаланудан түскен табыс ЖІӨ-нің шамамен 5%-ын құрайды және гидротехникалық құрылыстың географиялық жағдайы елдің өзінде экономикалық жағынан дамыған елдердің бірі болып табылады. Осыған байланысты араб республикасының үкіметі елдің болашақ дамуында Оңтүстік-Батыс Азия елдеріне және Парсы шығанағы елдеріне үлкен үміт артады.
Өткен жылдары сауданың өсуі Азия мен Еуропа арасындағы жүк айналымының артуымен қамтамасыз етілуі де маңызды болып табылады, бірақ қазіргі кезде жағдай біршама өзгерді. Еуропалық Одақ (ЕО) елдері, Азия-Тынық мұхиты аймағының экономикалық көшбасшылары негізінен дайын өнімді экспорттаушы және ресурстарды импорттаушы болып табылады, яғни болашақта Еуропа мен Азия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуден гөрі сату нарықтары үшін бәсекелестіктің арту ықтималдығы жоғары. Қытай мен Үндістан болса, алдағы 3-5 жылда Африка, Таяу Шығыс және Азия елдерімен және Латын Америкасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ең жоғары өсуін күту керек. Яғни осы Азия елдері қолданатын бағыттардың едәуір бөлігі Суэц каналын айналып өтеді.
Египет Суэц каналының иесі ретінде Азия мен Еуропа арасындағы байланыстарды емес, бір жағынан - ЕО және Түркия арасындағы, ал екінші жағынан – Африка мен Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға баса назар аударуы керек. Суэц каналының өзі бұл процесті айтарлықтай жандандыруға қабілетті емес, дегенмен бұл жерде Египеттің саяси және экономикалық мүмкіндіктері анағұрлым басым.
Египеттің ықтимал іс-әрекеттері COMESA (Шығыс және Оңтүстік Африканың ортақ нарығы) мүше елдер арасында ЕО-мен сауда тәртібін жеңілдету, сондай-ақ өз аумағын өнеркәсіптік кәсіпорындар құруға, оның ішінде ЕО-мен африкалық нарықтарға бағытталған платформаға айналдыру жөніндегі диалогті күшейтуді қамтуы мүмкін (Таяу Шығыс институтының мәліметтері бойынша http://www.iimes.ru/?p=44095)


Сұрақтар:
1. Египет экономикасының дамуына қандай факторлар ықпал еткен?
2. Неліктен Египеттің аймақта басым артықшылығы бар екенін түсіндіріңіз?
3. Египеттің экономикалық дамуы жақын келешекте қалай және неліктен өзгеруі мүмкін?
4. Египет үкіметі кеңістікті экономикалық даму үшін тиімді пайдалану үшін қандай шешімдер қабылдауы керек?
5. Сіз Египет үкіметіне кеңістікті экономикалық даму үшін тиімді пайдалану үшін қандай шешімдер ұсынар едіңіз?





* мәнмәтіндік тапсырма мысалы оқушыларды TIMSS және PISA халықаралық зерттеулеріне дайындауға арналған тапсырмалар жинағынан алынды, 23-бөлім, Қазақстан
** мәнмәтіндік тапсырма мысалы «Жаратылыстану сауаттылығы» бағыты бойынша бағалау критерийлері бар PISA тапсырмаларына ұқсас тапсырмалар жинағынан алынды, Ресей
2-тапсырма. 10.4.1.2 елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) оқу мақсаты бойынша мәнмәтіндік тапсырма әзірлеңіз, ҚГБ.








3-тапсырма. 10.4.1.4 елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін анықтау (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде) оқу мақсаты бойынша мәнмәтіндік тапсырма әзірлеңіз, ЖМБ.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет