Білім беру бағдарламасы жұмыс дәптері нур-Султан, 2021 ж. Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ


Қазақстандағы елді мекендердің мәселелері



бет33/48
Дата02.03.2023
өлшемі1,39 Mb.
#71226
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Жұмыс дәптері География

Қазақстандағы елді мекендердің мәселелері
Қалалардағы мәселелер. Еліміздегі барлық кішігірім қалалардың іс жүзіндегі негізгі қиындықтары: өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, өмір сүру деңгейінің айтарлықтай төмендеуі; осы қалалардың тұрғындарының көшуі; бюджеттік қаражат пен инвестициялардың жетіспеуі; әлеуметтік сала нысандарын қамсыздандыру мәселелері; нашар көлік қатынастары, тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендігінен электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.
Тау-кен өндіруге маманданған бірқатар қалаларда минералдық-шикізат ресурстарын өндірудің төмендеуі немесе тоқтауы нәтижесінде жұмыс орындарының саны айтарлықтай қысқаруы, білікті кадрлардың көшіп кетуі орын алуда, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым жағдайының қиындауына байланысты бірқатар қиындықтар асқынуда. Ірі қалалардың мәселелері. Ірі қалаларда көші-қон қысымы артуда. Бұл экологиялық мәселелердің шиеленісуін, жұмыссыздықтың артуын, өмір сүрудің қымбаттауын, тұрмыстық қиындықтарға, табиғи ресурстардың (жер, су) жеткіліксіздігіне, тіршілікті қамтамасыз ететін, көлік, әлеуметтік инфрақұрылымдардың тозуын немесе жеткіліксіздігін, қауіпсіздіктің төмендеуін, т.б. туындатады.
Ауылдағы мәселелер. Депрессиялық ауыл аймақтары тұрмыстық тауарлар нарығынан алшақта орналасады, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымы нашар, табиғи, климаттық және экологиялық жағдайлары жағымсыз болады. Экономиканы одан әрі дамыту, халықты жұмыспен қамту және өмір сүру деңгейін жақсартудағы қиындықтар тұрғындардың көшуіне алып келеді. Бұл аймақтың экономикалық әлеуетін нашарлатады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары одан әрі қартайып, оның өндірістік әлеуеті бұзылады.
Дереккөз: Оқулықтағы мәтін үзіндісі.
Қаратабанов Р.Ә. және бақсалары. Қазақстан географиясы. Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына арналған. 2-бөлім. Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2019, § 44-45 Қазақстандағы елді мекендер. Ойконимдер.


РЕФЛЕКСИЯ



  1. Шағын жоба мысалдарымен жұмыс істеу Сіз үшін пайдалы болды ма?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Өзіңіздің кәсіби тәжірибеңізде шағын жоба мысалдарын талдау нәтижелерінен нені қолданысқа енгізуді жоспарлайсыз? Неліктен?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Қандай ақпарат Сіз үшін жаңалық болды?


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Қандай ақпарат Сіз үшін пайдалы болды?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Сіз қандай ақпаратты әріптестеріңізбен вебинарда талқылағыңыз келеді?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет