5.3.9 Жас спортшыларды жаттықтырудың және оларды іріктеудің физиологиялық негіздері. Спорттық іріктеудің жалпы ережелері. Спорттық іріктеуге қатысты адамның тұқымқуалаушылығын (генетикасын) зерттеу әдістері. Спортшының морфологиялық ерекшеліктеріне және физиологиялық сапасына тұқымқуалаушықтың әсері. Спорттық ерекшеліктерді болжау. Нағыз спортшының эталонын моделдеу. Онтогенездегі бұлшық ет қызметіне бейім белгілерінің біршама тұрақтыларын іріктеу. Биологиялық жетілу қарқынын есепке алу.
5.3.10 Әйелдердің спорттық шынығуының физиологиялық негіздері. Әйелдер ағзасының орталық жүйке жүйесі қызметінің және талдағыш жүйелер дамуының ерекшеліктері. Әйелдердің дене қасиеттерін дамытудың және қимылдардың, вегетативтік қызметтердің ерекшеліктері. Әйелдердің аэробтық және анаэробтық мүмкіндіктері.
Арнайы биологиялық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның барлық жүйелерінің гормоналді белсенділігі және қызметі күйінің қайта құрылуы. Овариалды – менструалді циклдің әртүрлі кезеңдерінің әйелдердің спорттық жұмысқабілеттілігіне әсері: менструалді, менструалдіден кейінгі овуляторлы, овуляторлықтан кейінгі және менструалді алдыңғы кезеңдер. Спортпен және дене жаттығуларымен жүйелі шұғылдану әсерінен әйел ағзасындағы қызмет мүмкіндіктерінің өзгеруі. Бірқатар жаттығулардың орындалуына жағдай жасайтын әйел ағзасының қызмет ерекшеліктері. Әйелдердің спорттық жұмысқабілеттілігін зерттейтін факторлар.
Овариалді–менструалді циклдің кезеңдерін есепке алып, шынығу үдерісін даралау. Спортшы әйелдердің шынығуының макро- және мезоциклдерін құрудың физиологиялық негіздері. Спортшы әйелдердің ағзасына дене жүктемелерінің әсері.
5.3.11. Сауықтыру дене жаттығуларының физиологиялық негіздері. Адамның тірек-қимыл аппаратына жеткіліксіз жүктеме түскендегі ағзадағы өзгерістер. Сауықтыру дене жаттығуларының ағзаға әсері. Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері. Тиімді қимыл тәртіптері. Дене жүктемесінің тиімді көлемі. Дене жүктемесінің тиімді қарқыны. Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері: гимнастика, сауықтырулы жүру, сауықтырулы жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, ойындар, туризм.