Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет50/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар



  1. Аранаулы салық режимі мен жалпы салық режимінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

  2. Аранаулы салық режимін кимдер қолдана алмайды және кимдер қолдана алады?

  3. Патентті қолдану үшін қандай талаптарға жауап беру керек?

  4. Оңайлатылған декларацияны қолдану үшін қажетті өлшемдерді атаңыз (дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшін).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кәсіпкерліктің жедел курсы/ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған. Т.В. Иссык, Г.Е.Касенова, И.А.Леонтьева, Ж.Д.Серікбаева, Д.Ж.Тшенсовская, С.А.Филин, А.З.Чивазова, Алматы, 2013. -234 б.1.


2. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ. Кәсіпкерлік. Оқулық. Алматы, 2011ж.
3. Кәсіпкерлік. Оқу құралы: Елшібаев Р.Қ.- Алматы: Экономика. 2014. – 440 б.

12 –ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер
Дәрістің мақсаты: Тәуекелділік түсінігі, тәуекелділіктің туындау себептері, кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау, тәуекелділікті төмендету жолдарын түсіндіру.


Негізгі терминдер:тәуекел, кәсіпкерлік тәуекел, венчурлық бизнес


Дәріс сұрақтары:

1.Кәсіпкерлік тәуекел, тәуекелдің туындау себептері


2. Тәуекелдің түрлері
3. Тәуекелді төмендету жолдары


1.Бизнесті бастаған кезде бизнес ортасы әрқашан ауысып отыратындығын естен шығармаңыз. Сіз әркезде қалай және не өзгеретіндігін дәп басып айта алмай сыз. Сондықтан да сіздің бизнесіңіз қандай да бол масын өзгерістер мен қиын жағдайлардың туындау мүмкіндігіне тығыз байланысты.
Қиын жағдайлар мен өзгерістер әртүрлі шығынға соқтырады. Сіз тауарды сата алмай қалуыңыз мүмкін, ауа райының күрт өзгеріс нәтижесінде тауар бұзылады немесе теңгенің бағамы өзгереді, жеткізушілер тауар ды уақтылы жеткізбеді, сауда-саттық ережесі өзгеріп кетті және т.б.
Бұның барлығына қарамай, Сіз дербес шешім қабылдайсыз, кәсіпкерлік тәуекелі әр кезде де болады. Тәуекел — дегеніміз, белгіленген маңсатқа жетуді білдірмейді (ең алдымен, кіріс пен пайда бойынша). Бұл алдын ала жоспарланған нәти жеменсалыстырғанда сәтсіздік (табыс) дәрежесі. Тәуекел—шығын. Тәуекел—
бір нәрсеге ңол жеткізе алмау.
Тәуекел ресурстардың бір бөлігін жо ғалту ыңтималдылығы (ңаупі), белгілі бір өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыс таппау немесе қосымша шығынға ұшырау қаупі.
Сіз келесілердің нәтижесінде шығын тартуыңыз мүмкін:

  • табиғи апаттар (от, су, жер сілкінісі, дауыл және т.т.);

  • біреудің қылмыстық әрекеті;

  • кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнаманың
    өзгеруі;

  • сіздің әріптестеріңіз, бәсекелестеріңіз, жеткізуші-
    леріңіздің әрекеті;

  • алдау;

  • ақпараттың жоқтығы;

  • тұтынушы іс-әрекетінің өзгеруі;

  • негізгі қызметкерлердің қайтыс болуы немесе іс-
    әрекетке қабілетсіздігі (ол білікті кадрларды ірік-
    теуге, сондай-ақ меншік құқығын беру кезіндегі
    қиындықтарға байланысты).

2.Тәуекел туындау үшін, оның себебі болуы қажет. Кез келген нәрсе (фактор) нақты бір жағдайдың туында уына себеп болып, бизнесті жүргізу кезінде белгісіздікке ұшыратуы мүмкін. Бұл себептер сыртқы және ішкі де болады.
Сіз қаржылық дағдарыс, құнсызданудың жоғарғыдеңгейі, саяси жағдайдың күрт нашарлауы, соғыс, лицензияны қайтарып алу, жер сілкінісі және т.б. нәтижелерінде шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Бұл сыртқы тәуекелдерге қатысты жағдайлардың
барлығы Сіздің бизнесіңізді шығынға ұшыратады.
Ішкі тәуекелдердің себебі Сіздің бизнесіңізқызметіңіз болып табылады. Сіз дұрыс тауар сатып алуыңыз, тұтынушыларға қажетсіз қызмет ұсынуыңыз, өте жоғары баға белгілеуіңіз мүмкін. Кейде сату орны да дұрыс болмайды. Сіз қабылдаған шешімге қатысты шаруашылық тәуекел туындайды. Сіз және Сіз жалдаған қызметкерлерынтасыз жұмыс істеуі мүмкін. Бұл жағдайда адамның жеке басына қатысты тәуекел туындайды. Сіздің бәсекелестер, жеткізушілер, тауар туралы мәліметіңіз аз. Ақпараттың жетіспеуіне қатысты тәуекел туындайды.Сізге ңысқа мерзімді, тұраңты (немесе ұзақ мерзімді) тәуекелдер қауіп төндіруі мүмкін. Қысқа мерзімді — бұл тәуекелдер Сізге белгілі уақыт кезеңінде болады (мысалы, ол жүктерді тасымалдау кезіндегі көлік тәуекелі немесе нақты мәміле бойынша төлемеу тәуекелі). Тұрақты — Сіздің бизнесіңізге үздіксіз белгілі географиялық аумақта немесе белгілі экономика секто- рында қауіп төндіретін тәуекелдер: мысалы, елдегі жалпы төлемеу тәуекелі, құқықтық жүйенің жетілмеуі және
басқалар.Бизнесті бастаған кезде Сіз шығатын шығынның шекті, күрделі және апатты мөлшерін анықтауыңыз қажет. Шығын мөлшерін білсеңіз, Сіз оның алдын алу бойынша қандай да болсын іс-әрекеттерді жасай аласыз.Шекті тәуекел — Сіздің қызметіңізді жүзеге асы-ру (жүзеге асырмау) кезінде табысты жартылай жоғалту қаупі болады. Мысалы, Сіз тауарды қайта сатудан 100000 теңге пайда табуды жоспарладыңыз, бірақ бар- жоғы 30 000 теңге пайда таптыңыз.Күрделі тәуекел тек табысты жоғалтумен ғана емес, сонымен бірге жоспарланған ақшалай түсімді алмаумен де сипатталады. Егер таза табыстың 75% жоғалту қаупі туындаса, ол тәуекел күрделі болып саналады. Мысалы, Сіз тауарды 300 000 теңге сомасына сатуды жоспарладыңыз, бірақ барлығы 100 000 теңге көлеміне сауда жасадыңыз.Апатты тәуекел, негізінен, банкроттыққа тірейді, яғни кәсіпкер барлық қаражаттарын жоғалтады. Мысалы, Сіз 300 000 теңге көлеміне тауар сатып алдыңыз, бірақ түк те сатқан жоқсыз.
3.Сіз тәуекелден қаша аласыз ба? ЖОҚ. Оны ең төменгі деңгейге дейін төмендетуге — БОЛАДЫ!Тәуекелдерді төмендетуге болады, тек оны басқаруды үйрену керек. Ол үшін сізге төмендегілерді білу қажет:
- нарықта және Сізді қоршаған ортада не болыпжатыр;
- Сіздің бизнесіңіз үшін қандай әлеуетті қауіп-қатербар;
- Шығын қандай мөлшерде болуы мүмкін;
- Егер қызметіңізге осындай қауіп төнгенде, не істегендұрыс;
- Шығынды болдырмау үшін не істеу керек.
- Сіз тәуекел деңгейін төмендету үшін келесілерді
жасай аласыз:
- Қаражаттың біршама бөлігін күтпеген шығындарды жабу үшін қалдыру, яғни резерв ңуру;
- Тәуекелді біреуге тапсыру- саңтандыру;
- Тәуекелді қызмет түрлері немесе тауар мен қызмет топтары арасында қайта бөлу;
- Болдырмау — қандай да болсын бір идеядан немесе
қызметтен бас тарту;
- Алдын алу шараларын өткізу — ақпарат жинау, қызметкерлерді оқыту және т.б.Қызметіңізді жүзеге асыру барысында Сізге әрқашан тәуекелді туындатын жағдайларды зерделеуге тура келеді, яғни бизнесіңізге тиімді, шығынды төмендететін әрекеттерді уақтылы қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет