Офис-сағаттар (оқытушының бекітілген жеке кестесі бойынша)
Қызылорда, 2022 жыл
Силлабус Педагогикалық-психологиялық білім беру және оқыту әдістемесі кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № __ «__»___________ 2022 ж.
Кафедра меңгерушісі__________________ Б.Ж. Бекжанова
Силлабус гуманитарлық-педагогикалық бағыт бойынша Академиялық кеңестің мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № 25. 05. 2022 ж.
Академиялық кеңестің төрағасы ____________________ Ж.М. Майгельдиева
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: қазіргі заманғы педагогика ғылымының негізгі мәселелерін және бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы гуманитарлық білімнің қазіргі заманғы жетістіктерін ескере отырып, шешілуге тиісті жаңа теориялық және тәжірибелік міндеттерді оқып үйрену.
|
Міндеттері:
магистранттарға білім саласының қазіргі жағдайы, даму беталыстары жайлы білімдер жинақтауға көмектесу;
магистранттарда бастауыш білім бойынша қолданбалы педагогикалық зерттеулердің әлеуметтік-мәдени құбылыстары мен үдерістерін ғылыми негіздеу дағдыларын қалыптастыру.
|
Пәнді игеру барысында қалыптасатын құзыреттіліктер: білім алушылар қазіргі заманғы педагогика ғылымының негізгі мәселелерін және бастауыш оқыту педагогикасы саласындағы гуманитарлық білімнің қазіргі заманғы жетістіктерін зерделеуге құзыретті болуы керек.
Күтілетін нәтижелер: білуі тиіс: ғылым әдіснамасы мен оның негізгі бағыттарын, педагогикалық әрекеттің табиғатын. Дағдыларды меңгеруі тиіс: ғылыми және философиялық мазмұны бар мәтінді қабылдау және талдау; өз бетінше ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық әрекетті жүргізу қабілетін көрсету.
|