Білім беру бағдарламасы: Курсы: 5 Пән атауы: «Жедел шұғыл медициналық көмек»



бет2/57
Дата02.12.2023
өлшемі169,21 Kb.
#131489
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Силлабус ОМ 2023

Байланыс ақпараты: Кафедраның орналасқан жері Жедел шұғыл медициналық көмек ауруханасы базасында мамандандырылған хирургия бөлімшесі (50 керуерт) және қабылдау бөлімшесі, (Пацаева көшесі,7,тел.:56-01-65) және Марат Оспанов атындағы БҚМУ Медициналық орталығы (м-н Жанаконыс 8, тел.: 53-42-90) және Ақтобе облыстық медициналық жедел жәрдем бекеті (Батыс 2, 9Г үй), сонымен қатар жедел шұғыл медициналық көмек подстациялары (Алтынсарин көшесі, 70Б).
Электронды адрес: cnmpandorit@mail.ru
Пән саясаты*.
Кафедраның «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ білім алушыларының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес білім беру үдерісі кезіндегі білім алушыларға қоятын жалпы талаптары:

  • білім алушылардың сыртқы кейпі (халат, қалпақ,екінші аяқ киім (барлық сабақта)болуы);

  • Сабақтардағы тәртіп ережесі: Студенттер практикалық сабақтар мен ОБӨЖ уақытынан кешікпей міндетті түрде қатысуы керек;

  • рейтингтік бағалар жөнінде студенттердің уақытында ақпараттандыру.

  • Мадақтаулар: оқу үрдісінде, тарбие сағаттарына және ғылыми ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді түрде қатысатын білім алушыларға мадақтаулар және қосымша бонустар беріліп отырады.

  • практикалық сабақтардан қалған жағдайдағы оны өтеу үшін деканаттан рұқсат қағазымен сенбі күндері кафедраның өтеу сабақтарының кестесіне сәйкес тапсырады.

  • емтиханға жіберілмеу критерийлері:.

- пән бойынша емтиханға қабылдау автоматты түрде ағымдық және аралық бақылаудың нәтижелерімен анықталған рейтингісі негізінде жүзеге асырылады;
- факультет деканының жалпы ұйғарымы бойынша оқу және академиялық қарызы бар студенттер емтихан сессиясына жіберілмейді.
Айыптық шаралар:

  • оқу тәртібін бұзғандығы үшін;

  • академиялық адалдық принциптерін бұзғандығы үшін;

  • адалдық кодексі талаптарын бұзғандығы үшін

*Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілен.
1. Кіріспе Медицина маманы болғанына қарамастан, алғашқы көмек көрсету адамның басты міндеті болып саналады. Өмірге қауіп төндіретін шұғыл жағдайларды диагностикалаудың негізгі қағидаттарын білу, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері келешек дәрігерлерге мыңдаған науқастарға дұрыс ем тағайындауына және өлімнен аман алып қалуға көмектеседі. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін, кез келген зардап шегушіге дер кезінде дұрыс медициналық көмекті көрсете алу үшін, жедел шұғыл медициналық көмек көрсетуді оқыту қажет. Бұл емдеудің келесі медициналық кезеңінің тиімділігін айтарлықтай жоғарлатады және ең бастысы, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендердің (науқастардың) өмір сүру деңгейін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет