Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы



бет3/56
Дата28.11.2023
өлшемі488,19 Kb.
#130674
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы маманды 07160500 Темір жолды жылжымал (1)

Білім беру бағдарламасының қысқаша сипаттамасы
3W07160501 Локомотив машинисының көмекшісі біліктілігі бұл жылжымалы құрамды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысшы маман.
Локомотив машинисінің көмекшісі-машинистке бағынатын және локомотивке қызмет көрсету бойынша көмекші функцияларды орындайтын маман.
Локомотив машинисінің көмекшісі келесі жұмыс түрлерін орындайды:
- жолаушылар мен жүктерді теміржол арқылы тасымалдау кезінде локомотивтер мен поездардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
- локомотивке күтім жасау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі машинистің тапсырмаларын орындайды. Қауіпсіздік және радиобайланыс құрылғыларының жұмысын бақылайды.
- локомотивтің ақаулары анықталған кезде оларды тез жою үшін қажетті шараларды қабылдайды.
3W07160502 Локомотивті жөндеу жөніндегі слесарі жылжымалы құрам агрегаттары мен тораптарының құрылысы және құрылыстық ерекшеліктері өндірістік оқытуының басты мақсаты білім алушыларға вагонның механизмдері мен түйіндерін және бөлшектерін ашып-жинаудың тәсілдерін үйрету, ашып-жөндеу жұмыстары үшін қолданылатын құралдармен таныстыру және олармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады.
4S07160503 Техник-электромеханик біліктілігі теміржол кәсіпорынының жылжымалы құрамының жұмысын, пайдалану жағдайларын жасау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетуді сапалы орындауға мүмкіндік беретін жұмысшы маман.
Жұмысқа мінездеме: Жылжымалы құрамды пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері. Пайдалану материалдары, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жүйесі, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету.
Білу керек: Жылжымалы құрамды жөндеу және техникалық қызмет көрсету негіздерін; жылжымалы құрамның жүйелері мен агрегаттарын диагностикалау негіздерін; жылжымалы құрамды жөндеу-бөлшектерді қалпына келтіру және ғұмырын ұзарту әдістері, техникалық механикадан мәліметтер, материалдар, кедергісі, жинақтау жұмыстары, қосалқы бөлшектер мен құралдарды жөндеуді.
Бағалау. Білім беру бағдарламасының негізгі кәсіптік модульдерін игеру бақылаудың әртүрлі түрлерімен жүзеге асырылатын оқу нәтижелерінің жетістіктерін бағалаумен аяқталады: үлгерімнің ағымдағы мониторингі, аралық және қорытынды аттестаттау. Білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибе қарастырады.
Кәсіптік тәжірибе оқу, өндірістік болып бөлінеді. Өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибе мерзімі мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмысшы оқу бағдарламаларымен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет